Өнімдер бағалары № қызмет атауы сату бағасы, тг 1
2 жасқа дейінгі жүзу
35 000
2
2 және 6 жас аралығындағы жүзу
25 000
Абонемент айына 10 сабақ.
Жалпы бассейндер нарығын дамып келе жатқан ретінде сипаттауға болады. Ірі кешендер ересектерге тек әуесқой
жүзумен айналысуға емес, сонымен қатар, жаттықтырушымен үйрену, спорттық су түрлерін ойнау, топтық жаттықты-
руларға келу мүмкіндіктерін береді. Осы жерлердің бөлігі кеңес жылдары салынған құрылыстар негізінде қызмет етеді.
КСРО уақытында бір бассейнге 30 мың адам келуі көзделген. Сарапшылардың айтуы бойынша, соңғы 5-6 жыл ішінде
жеке және фитнес-орталықтар жанындағы бассейндер саны 15% өскен.
Дегенмен, ірі қалаларда бұрынғыдай осындай мекемелер жетіспейді, алсапалы ұсыныстар сұраныстан бірнеше есеге
төмен. Салауатты өмір салтына, соның ішінде, пайдалы әрі қолжетімді жаттығулар форматындағы жүзуге сән енді дамып
келе жатыр. Бір бассейнге 15 мың адамнан келетін Еуропа және Американың көрсеткіштеріне дейін біз үшін алыс, сон-
дықтан бассейн ұйымдастыруға салымдар барынша келешекті.
Аса өзекті бағыт кіші жастағы балаларға арналған, сонымен қатар, нәрестелерге арналған бассейндерді атауға бола-
ды, себебі көптеген стандартты бассейндер ересек топқа бағдарланған. Олардың тереңдігі өте үлкен, арнайы ұстайтын
тұтқалары және балалармен жеке немесе топта айналысатын мамандар жоқ. Жұмыс жасайтын мекемелер аз, жиі оларға
кіру күрделі, кейбіреулерінің жұмысында ақаулар болады, суды тазалау жүйесі нашар немесе мамандары сауатты емес.