Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет572/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   568   569   570   571   572   573   574   575   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

Чип-тюнинг.  Бұл  не?  Инжекторлы  қозғалтқыштың  жұмысын  электронды  басқару  блогы  (ЭББ)  басқарады.  Басқа-
ру блогына оның жұмыс бағдарламасы салынған.  Басқару блогы, әртүрлі бергіштерден сигналдар ала отырып, қозғал-
тқыштың жұмысын басқарады. Басқару бағдарламасын өзгерте отырып, біз оның жұмысына әсер ете аламыз. Осы чип-тю-
нинг деп аталады. Чип-тюнингпен неге қол жеткізуге болады?
1) Қозғалтқыштың динамикасы мен қуатын арттыру: сіз автомобиль «төменнен» жақсы тартқанын қалайсыз. Қуат 
шамалы өскен кезде тиісті бағдарлама төмен және жоғары айналым аймағында жоғарырақ сәтті (қарқынды күшейту ди-
намикасы) қамтамасыз етеді.  Қалалық қозғалыс үшін жақсы шешім.
2) Бейтараптағышты алып тастау: егер автомобильде каталитикалық бейтараптағыш болса, онда катализатор мен  от-
тегі бергішті этилирлі бензінмен уландыру тәуекелі әрдайым бар. Катализаторды алып тастаса, онда бүрку жүйесіне эти-
лирлі бензін қорқынышты болмайды. Бұл ретте қозғалтқыш қуатының артуы байқалады.
3)  Жылжымалы  ақауларды  жою:  автомобильді  сервистерде  қарады  және  сырттай  қарағанда  қозғалтқыштың  әдет-
тегі  жұмысы  кезінде  қозғалтқыш  бос  айналған  кезде  әлсін-әлсін  сөніп  қалу,  немесе  қозғалтқышты  қыздырған  кезде 
CheckEngine  шамының жану себебін таба алмады. Себебі бағдарламадағы қатеді болуы мүмкін. Жиі мұндай проблемалар 
ескі сериялы бағдарламаны жаңа сериялымен ауыстыру арқылы шешіледі.
Барлық тюнингтік нұсқаларда бос жүру, суық іске қосу режимдері жақсартылған, салқындату жүйесі желдеткішін 
қосу температурасы («қайнайтындар» үшін) төмендетілген, ескі сериялы нұсқаларда болған, анықталған қателер жой-
ылған. Осы қызметті көрсете отырып, жақсы табыс табу мүмкіндігін тағы да байқауға болады.
«Автокөлік құралдарының компьютерлік диагностикасы және жөндеу жөнінде ТҚКС» таңдалған қызметтерінің түр-
лері:
• Компьютерлік диагностика.
• Қозғалғышты жөндеу.
• Инжекторларды тазалау.
• Генераторлар мен стартерлерді жөндеу.
• Форсункаларды тазалау.
• Электр жабдықты жөндеу.
 
Нарық  және  маркетингтік  стратегия.  Автокөлікке  техникалық  қызмет  көрсету  саласында  әрекет  ететін  кез  келген 
кәсіпорын, негізінен, бәсекелес болады, себебі авто иелері, әдетте, қанағаттандыратын деңгейде ала алу үшін кез келген 
жерге баруға дайын техникалық қызмет көрсету мен жөндеу қызметтері ерекше өнім болып табылады. 
Қарағанды облысында бұл нарықтың сыйымдылығы үлкен және ішінара бос. Бұдан басқа,  бұл бағытта қызметтерді 
көрсету деңгейінің   сапасын әлі жақсарту қажет. Қызметтің бұл түріне  шамалы маусымдық ауытқу тән. Қазақстанда жаңа 
және қазіргі жүрдек автомагистралдар салынуымен, атап айтқанда батыс Қытай-Еуропа жолының салынуымен байланы-
сты коммерциялық қалааралық, халықаралық жүк тасымалдарының айтарлықтай өсуі күтілуде. Және, Қарағанды облысы 
географиялық жағынан тиімді жерде орналасқанын, ал автошеберхананы салу орыны болашақ автомагистралға жақын 
болатынын атап өткен жөн. 
Бүгінгі нарықтың жағдайы – бұл азаматтардың әл-ауқатының өсуі, және осыған орай халықтың жан басына шаққанда 
жеңіл көлік құралдарының үнемі артуы мен коммерциялық жүк автомобиль тасымалының өсуі. Сондай-ақ, кез келген, 
тіпті жаңа техниканың өзі қызмет көрсетуге және жөндеуге мұқтаж екені белгілі. 
Жаңалармен  салыстырғанда,  ескі  автомашиналар  жөндеуді  жиірек  талап  ететінін  ескере  отырып,  нарықта  мұндай 
қызметтер түріне сұраныс әрдайым болады деп айтуға болады. Сондай-ақ, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне және соның  
салдарынан импортқа, атап айтқанда әкелінетін қолданыста болған және жаңа автоларға кедендік баждың төмендеуін, 
соңғылардың саны едәуір көбейетінін ескермеуге болмайды. Және осы барлық көлік құралдары қызмет көрсетуге мұқтаж 
болады. 


300
                                                          100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   568   569   570   571   572   573   574   575   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет