жобаны іске асырудан пайда: Бұл жобаны іске асыру:
• ойын-сауық қызметтеріне сұранысты қанағаттандыруға;
• табыс табуға және өзіне меншікті капиталды көбейтуге;
• бюджетке салық төлемдері түрінде мемлекетке кірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
жобаны іске асыру мерзімдері: Жобаны бастау 2019 жылдың маусымына жоспарланып отыр.
Жобаны іске асырудың жалпы мерзімі – 3 жыл.
Меншіктің ұйымдастыру -құқықтық аспектілері
Қарызшы жеке тұлға болғандықтан, ол өз қызметін жеке кәсіпкер ретінде жүзеге асырады, салық режимі патент не-
гізінде жүргізіледі.
жобаны басқару Жобаны басқарумен кәсіпкердің өзі айналысады, ол кәсіби сауаттылығымен ерекшеленеді, ойын-сауық саласында іс
жүзінде оның тәжірибесі бар. Өнімді сату үшін таныстары көп, нарықтық шаруашылық жүргізу жағдайында жеткілікті
практикасы бар және бизнес жүргізуге қабілетті.
жобаны сипаттау Бүгінгі күні бүкіл отбасымен демалысты өткізуге арналған ойын-сауық саласы объектілерінің арасында мыналарды
атап көрсетуге болады:
• кинотеатрлар мен кинотеатр кешендері
• театрлар, мұражайлар, цирктер және т.б.
• отбасылық үлгідегі қоғамдық тамақтану мекемелері
• аттракциондар:
• ашық аспан астындағы аттракциондар (демалыс және ойын-сауық саябағы)
• үй-жайдағы аттракциондар (ойын залдары)
• мамандандырылған ойын-сауық кешендері
• сауда-ойын-сауық орталықтары
Еуропа мен АҚШ-та ойын-сауық нарығы көбірек дамығаны сөзсіз, және бүкіл отбасымен бос уақыт өткізу үшін тау-
арлар мен қызметтердің кең ассортиментін ұсынады.
Соңғы жылдары ойын-сауық нарығы қарқынды даму сатысына енді және жылдам шоғырлана бастады. Желілік ком-
паниялар оның шоғырлануында жетекші роль атқарады. Әзірше, нарықта жаңа тәуелсіз ойыншылар үшін орын бар, бірақ
2-3 жылдан кейін тұтынушы үшін бәсекелестік әлсірейді.