Талдаудың экспресс қорытындысы: Экспресс талдау негізінде жақын арада QS-сегмент белсенді дамитынын болжауға болады. Халық үйде тамақ дайын-
дауға аз уақыт жұмсауға және бұл ретте қоғамдық тамақтану мекемелерінде ақшаны аз жұмсауға тырысады.
Жақын арада QuickService мен FastCasual деген екі сегмент дамиды.
Жоспарлап отырған жобаның стратегиясы көбінесе жылдам ақшаға бағытталғандықтан – қазіргі заманғы асханалар
форматын таңдаған жақсы. Классикалық FastFood халыққа гастрономиялық қалаулары мен бағасынан болар аса тартым-
ды емес, бірақ нарықта бірнеше жергілікті FF-жобалар белсенді дамуда.
Мамамандардың пікірлері бойынша стихиялы қоғамдық тамақтану халыққа әлі ұзақ уақыт қажет болады: «Самса са-
татын ларектер ең кем дегенде жақындағы 5 жылда болады, себебі оған сұраныс көп. Әдетте, мұндай тамақты студенттер
сатып алады, яғни олар сапаға және санитарлық жағдайларға қарамайды. Тіпті студент-медиктер де күмәнді ларектерден
тамақтанады, себебі бұл жақын, ыңғайлы, арзан және кенеулі: ет, май және қамыр».
Сарапшылардың пікірі бойынша халал бағыты, алыстан келгендердің арасында ғана сұранысқа ие және, сондықтан,
бұл бағыт Алматыда айтарлықтай дамымайды: «Қала тұрғындары ең алдымен, сапаға және сервиске қарайды, ал халал
жазуы таңдау кезінде негізгі фактор болып талмайды. Ұқсас желілік жобалардың дамуы екі талай».