Шағын жаңартылатын және үлестірілген генерациясының әртүрлі көздерімен Қазақстандағы электр желі жабдығының сеніміділігін арттыру


Key words. Energy, renewable energy source, sparsely distributed generation, generator, solar panels. Кіріспе



бет2/3
Дата23.05.2022
өлшемі466,7 Kb.
#35431
1   2   3
Key words. Energy, renewable energy source, sparsely distributed generation, generator, solar panels.


Кіріспе
Жаңартылған энергияны қайдан аламыз және қалай қолданамыз деген сұраққа Жаңартылатын энергияны пайдаланудың негізгі қағидасы яғни ережесі оны қоршаған ортада тұрақты болып жатқан процестерден немесе жаңартылатын органикалық ресурстардан алып отырып техникалық тұрғыда пайдаланамыз деп жауап берсек болады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет етті: электр энергиясын өндірудің нарықтағы баламалы көздерін талдау;электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ететін баламалы көздердің жабдықтары жұмысының ерекшеліктерін талдау;энергетикада пайдаланылатын электр энергиясын алудың ықтимал әдістерін, олардың жұмыс ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау;электр энергиясын өндіруге қабілетті балама көздер негізінде жасалған жаңа құрылғыны әзірлеу және ұсыну;құрылғының жұмысын талдау;Электржелілік жабдықтың әртүрлі баламалы көздермен және бөлінген генерациямен интеграциясы бойынша зерттеулер жүргізу. қуаты 30 кВт жел-күн электр станциясының жұмыс істеу мүмкіндігін көрсететін; шағын жаңғыртылатын және үлестірілген генерацияның әртүрлі көздерімен электр желілік жабдықтың сенімділігі мен энергия тиімді интеграциясын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;Электржелілік жабдықты шағын жаңартылатын және үлестірілген генерацияның әртүрлі көздерімен интеграциялаудың техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізу.
Осы жаңартылған энергия көздерінен ,шағын үлестірілген энергия көздерінен алынатын энергияны арттыру мәселесін және сонымен қатар оның сенімділігін интеграциясын арттыру мәселелерін алып қарап көптеген мақалаларды талдап қарап көрдім
Нысан және әдістеме
Мысалы, Ресейде электр энергиясын өндірудің тек 19% - ы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі . Ал ең ауқымды 85% көрсеткішті Бразилия елінен көруге болады. Еуроодақта жаңартылатын көздерден өндірілетін электр энергиясының үлесі 2004 жылмен 2013 жыл аралығында 14% - дан 25% - ға дейін артқан. Германияда осы 2018 жылдың өзінде жаңартылатын көздерден электр энергиясының 38% өндірілді.
Жел энергиясын пайдалану 2013 жылы 318 гигаватт (ГВт) қуаттылығымен бүкіл әлемде жылына шамамен 30% өседі. Еуропа, АҚШ және Қытай елдерінде кеңінен қолданылады.
Неліктен осы шағын жаңартылатын және үлестірілген генерациясының әртүрлі көздерімен электр желі жабдығының сеніміділігін арттыруымыз керек деген мәселені ойласақ жауабы айдан анық. Таусылған энергия көздеріне яғни, сарқылатын энергия көзі негізделген электр энергетикасының бірқатар кемшіліктері. Біріншіден, бұл жеткізілімге және қажетті ресурстың болуына тәуелділік. Қажетті энергия көзі аяқталғаннан кейін электр энергиясын өндіру де аяқталады. Екіншіден, алудың бұл түрі лас.Атмосфераға шығарындылар , өзендер мен жерлердің ластануы планетаның біртіндеп жойылуына және адам денсаулығының нашарлауына әкеледі .
Зерттеу нысанына күн панельдерін және жел генераторларын алып қарастыруға болады . Мен Зерттеу жүргізу бойынша жел генераторлары алып қарастырдым. Сараптамалар жүргізілді.
Қазақстан Республикасы үшін орындалған сараптамалық бағалауларға сәйкес жел энергиясын өндіру бойынша болжамды сценарийлер 2030 жылы шамамен 2000 МВт/сағ өндіруді көздейді. Салыстыру үшін, Қазақстанның энергия жүйесінің қысқы кезеңдегі ең жоғары жүктемесі 15 500 МВт құрайды.
Дания, Испания, Португалия сияқты Еуропа елдерінде жел генераторларының электр энергиясын өндіру үлесі өндірілетін электр энергиясының барлық қуатынан 13 -20% -ға жетеді. Жел генераторларын орнату үшін жел электр станцияларын құру орындарында желдің жылдамдығы туралы ақпаратты пайдалану қажет.Жел режимі туралы ақпарат алу энергетикалық желіге қосылған жел генераторларымен электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ететін жел жылдамдығын бағалауды талдау арқылы жүзеге асырылады . Жеткілікті Жел энергетикалық әлеуеті бар өңірлерде жел генераторларын орнату жоспарланған өнімділік шегінде электр энергиясының көлемін өндіруге мүмкіндік береді , бұл белгілі бір дәрежеде өнеркәсіп пен халық шаруашылығының даму деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Гидрогеология және геоэкология институтының Жел энергиясы бойынша Атласты құру жобасындағы 10,50 және 100 метр көкжиектері үшін Қазақстанның энергетикалық әлеуетінің орташа жылдық мәндерін сипаттау барысындағы мәндерді қолдандым. Метеорологиялық станциялардағы бақылаулар туралы ақпараттар , жаңартылатын энергия көздері бойынша БҰҰ /ГЕФ жобасының мұрағаты және NASA деректерін пайдалану кезінде жүргізілген.
Барлық биіктіктердегі ауа тығыздығы өрістеріне талдау NASA метеорологиялық деректері бойынша жүргізілді .Биіктіктегі ауа тығыздығы формула 1,4 тығыздығының мәндерінен есептелді, ол үшін жер бетіндегі тығыздық мәндері қажет
1.1
мұндағы –жер бетіндегі ауа тығыздығы кг/м3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет