Шағын жанрды оқыту



бет1/4
Дата21.06.2022
өлшемі75 Kb.
#37164
  1   2   3   4
Байланысты:
00007475-26b9392c


Шағын жанрды оқыту. Кейiпкерлерге мiнездеме беру жолдары.
Әдебиет қашаннан өмiр оқулығы деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмiрдi, қоршаған орта мен адамды танып-бiледi, шығармашылықпен жұмыс iстеуге дағды алады. Әңгiме жанры – прозаның шағын түрi. Онда оқиға, кейiпкердiң iс-әрекетi қысқа болады. Әңгiме жанрының осы қасиетi оқушылардың бұл жанрды тез игеруiне жағдай жасайды. Оқушының түсiнiп, нақты сюжеттi, шығарма композициясын ұғып, меңгеруде жоспар үлкен роль атқарады. Жоспарды оқушыларға дайын күйiнде ұсынуға болады, сол арқылы көркем мәтiннiң сюжетiн, ашуға, рет-ретiмен баяндауға жол салуға болады. Немесе мұғалiм мәтiн мазмұнын аша отырып, оқушылармен бiрлесе жоспар құрады.
Әңгiме сюжетi бiрте-бiрте өрбидi. Мұндағы iс-әрекет аз ғана мерзiм iшiнде өтедi, композициясы жеңiл болады. Әңгiменiң ең маңызды компонентi – оның идеясы. Сюжет те, кейiпкерлер жүйесi де бiр ғана мақсатқа – оның идеялық мазмұнын ашуға жұмсалады. Әңгiме өзегiн құрайтын – кейiпкерлер. Кейiпкерлерге мiнездеме берудiң бiрнеше түрлерi бар. Олар: дара, салыстырмалы, топтау түрiндегi мiнездеме.Кейiпкерге мiнездеме беру тәсiлдерi түрлiше болады. Кейде кейiпкердiң сырт кескiнi, кейде мiнез-құлқы көрiнедi. Портрет тiкелей адамға бағытталып, сөз арқылы оның бейнесiн жасайды, автордың идеясын ашады. Портрет бiржақты тәсiл емес, ол әлеуметтiк-өмiрбаяндық жағынан толығып, портрет-мiнездеме, портрет-өмiрбаянға айналады.
Орта жанрды оқыту ерекшелiгi, повесть кейiпкерлерiн жүйелеу, мәтiнге жоспар құру.
Төңкерiстен бұрынғы қазақ әдебиетiнде Ш.Уәлихановтың әдеби очеркi мен публицистикасы, Ыбырайдың новелла-әңгiмелерi, Абайдың қарасөздерiнен басқа, прозалық шығармалар аз едi. Алайда, прозаның жанрлық элементтерi тұрмыс-салт ертегiлерде, тарихи аңыз-әңгiмелерде байқалды (М.Әуезов). “Повесть” орыстың көне дәуiрден келе жатқан сөзi. Бұл өмiрде болған әр алуан оқиғаларды жылнама беттерiне тiзiп жазу, баяндау дегендi бiлдiредi. Повестiң жанрлық ерекшелiгiн әңгiмемен салыстыра отырып беруге болады. Повесте бiрнеше эпизодтық әрекеттер суреттеледi, сюжет желiсi күрделi болады, кейiпкерлер саны едәуiр көп болады. Повесть ерекшелiгiмен таныстырар кезде С.Сейфуллиннiң “Жер қазғандар” повесiн алуға болады. Ондағы кейiпкерлер жүйесi, портрет, “әңгiме iшiндегi әңгiме”, пейзаж элементтерiн айқындап, мәтiнге жоспар құрылады. Мәтiн композициясының компоненттерi: суреттеу, баяндау, авторлық мiнездеме, портрет, диалог, табиғат суретi. Мұндағы кейiпкер сөздерi тұтас сюжеттi әңгiмеге құрылады. Мәтiн композициясында көңiл аударатын тағы бiр мәселе-авторлық мiнездеме. Бұл жерде мәтiндегi диалогтың да мәнiн ашу керек. Сатай, Қасен, Қалкен, Бұзаубақ, Әзiмханның бiр-бiрiне әңгiме айтқызу үшiн, автор оған себеп болатын детальды диалог арқылы бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет