Шағын жинақталған мектеп билет жауаптары



бет2/3
Дата19.06.2023
өлшемі28,25 Kb.
#102204
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Шағын жинақталған мектеп билет жауаптары

1)Пәннің негізгі мақсаты:Бастауыш шағын жинақталған мектепте класс және класс комплект жағдайындағы бастауыш мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жолдарын меңгерту.
1)Пәннің міндеттері:
мектептердің даму тұжырымдамасын іске асыру;
ШЖМ-тердегі педагогикалық проблемалар және оларды шешу жолдары;
Бастауыш шағын жинақталған мектепте жеке пәндерді класс және класс-комплект жағдайында оқытудың тиімділігі мен қиыншылығын талдау;
Бастауыш жинақталған мектепте оқыту және тәрбие процестерін ұйымдастрыу жолдарын меңгерту.
Тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері:
Бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
Шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады,сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу,тәжірибе алмасу,үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмеңдету қаупі туады;
Мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін,оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне,жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап,орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыру қажет;
Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.
2)Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде ондағы қол жеткізілетін нәтижені алдын ала болжау. Бұл жалпы мақсатқа жетуде әлеуметтік тәжірибені меңгерудің міндеттерін нәтижелі шешуге септігін тигізеді.
Оптимистік көзқарас болуы қажет.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру-барысында жаңа формалалар мен тәсілдерді үнемі ойластыру және оларды қолдануға бағытталған тұрақты шығармашылық әрекеті тәрбие жұмысын нәтижелі ұйымдастырудың қажетті жағдайы бола алады.
Оқушыларды түгелдей қатыстыру, әрқайсысының таоап-тілегін ескеру,оларға нақты көмек көрсетіп,қабілетін шыңдау үшін үздіксіз жаттықтырып отыру қажет.
Мұғалім немесе сынып жетекшісі жоғары тұлғалық сапаға ие болуы тиіс. Ол баламен тікелей ынтымақтастық қарым-қатынасты орнатудан бастау алады. Өйткені оқушылар, ең алдымен мұғалімнің тұлғалық сапасын бағалайды. Ондағы жалғандықты,екіжүзділікті, келеңсіз моральдық жат нормалардың болуын кешірмейді.

  1. илет

2)Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты — мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеугс барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу
Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
Диагностикалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйксс оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.
Жоспарлау — бұл сынып жстекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызметі — педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбе шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау — мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізін жәнс оны түзетіп отыруы — бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік бсріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижсеіне талдау жасау барысыңда сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың іс-әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады.
3)Оқушының өзбетінше жұмысының негізгі ерекшелігі, оқушының берілген есепті мұғалімнің көмегісіз өзінің шешуі. Есепті орындауда жақсы нәтижеге жету үш оқушынын,біліміне, іскерлік дағдысына сүйене отырып, бақылаушылығын,ойлауын, есепті шығару жолдарын байқап көреді.
Шағын комплектілі мектепте мектеп мұғалімінен оқушылардың өзіңдік жұмастарын дұрыс ұйымдастыра білу талап етіледі. Оқу тәрбие жұмысында уақытты дұрыс пайдалана білуге көп көңіл бөлінеді. Уақытты дұрыс пайдалана білу үшін мұғалім күні бұрын орындалатын жұмыстардың мысалдарымен сұрақтары, есептердің, жаттығулардың үлгілеріне түрлі-түсті суреттер, сызба кестелер арқылы дайындау керек. Уақытты дұрыс пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қабілетін арттырады. Оқушылар өзбетінше жұмыс жүргізу үшін бір сыныпқа бес-он минут шамасында орындалатын тапсырма беріледі. Бір сыныпта әңгіме өткізілсе, екінші сынып оқушылары өздігінен орындалатын жұмыстармен айналысады.Бұл мезгілде мұғалім оқушылардың өзіңдік жұмыстарды қалай орындағандықтарына бақылау жасап, тексеріп, бағалап отыруы қажет.
19билет
1)Бір пәндік сабақ дегеніміз-әр біріктірілген сыныптарда бір ғана математика сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді. Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалармен аталмыш пәндерді оқытқан кезде мұғалімнің ауызекі әңгімесін, көрнекті құралдарды көрсетуін, т.б. басқаша айтқанда, балалармен тікелей жұмыс істеуді талап етеді. Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.
20 билет
1)Математиканы оқыту математикалық білім берудің жолы болып 
табылады. Ол мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, 
сондықтан да екі жақты біртекті үрдіс: біріншіден, оқытушы 
оқушыларға математика пәнінен білім беріп, олардың білік, 
дағдысын қалыптастырады, екіншіден, оқушы таным міндеттерін 
жете түсініп, жаңа математикалық білімді, білікті, дағдыны игереді 
және оларды өмірде қолданады. 
Пәннің атқаратын қызметiн негiзге алсақ, бастауыш мектепте математиканы оқыту бастауыш сынып оқушыларына математикалық бiлiмдi меңгерту және оларды 
өмiрде пайдалануға қажеттi біліктілік, дағдыларымен қамтамасыз ету 
мақсатын көздейдi. Осы мақсаттан төмендегiдей бiлiм беру, 
тәрбиелеу, дамыту және практикалық мiндеттер келiп туындайды:
Бағдарламада анықталған көлемi мен деңгейiне қарай математикалық бiлiмдi, қабіліктлік пен дағдыны игерту; 
- танымдық көзқарасын қалыптастыру; 
- өздiгiнен бiлiмiн жетiлдiруге, ерiнбей еңбектенуге үйрету; 
- математикалық бiлiмнiң мазмұны арқылы ата-дәстүр, әдет-
ғұрып, салт-сана, ұлттық және дүниежүзiлiк мәдени мұралар туралы 
түсiнiктер беру; 
ақыл-ойын, логикалық (яғни нақтылы, тұрақты, дәлелдi) ойын, 
ойлауының математикалық стилiн, тұлғалық қабiлетi мен 
бейiмдiлiгiн дамыта түсу; 
- меңгерген математикалық бiлiмiн күнделiктi өмiрде пайдалана 
алуларын қалыптастыру. 
2) Бір пәндік сабақ дегеніміз-әр біріктірілген сыныптарда бір ғана математика сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді. Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалармен аталмыш пәндерді оқытқан кезде мұғалімнің ауызекі әңгімесін, көрнекті құралдарды көрсетуін, т.б. басқаша айтқанда, балалармен тікелей жұмыс істеуді талап етеді. Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.
3)ШЖМ сабақ түрлері:
Бір пәндік, әр пәндік,бір тақырыптық.
Бір пәндік-әр біріктірілген сыныптарда бір ғана пәннен сабақ өткізу.
Әр пәндік-біріктірілген сыныптарда әр түрлі пәндерді біріктіріп өткізуге болатын сабақтар.
Бір тақырыптық-қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар.
21билет
1)Бастауыш сыныптардағы шығарма, мазмұндама жұмыстарының көлемі көбіне шағын болады. Солай болғанымен бағдарламада байланыстырып сөйлеуге шығарма мен мазмұндама жазуға арнайы уақыт бөлінген. Балалар оқыған шығармаларын қарапайым талдау жасаумен, анығырақ айтқанда шығарма кейіпкеріне мінездеме беру үшін материал іріктеп алу, олардың іс-әрекеттеріне баға беру, мәтіннен қанатты сөздерді теріп алу сияқты дағдыларды да меңгереді. Оқушылардың айналадағы өмір туралы түсінігі мен ұғымын дұрыс қалыптастыру – оқу сабағының аса маңызды міндеті. Бұл міндет балаларды нактылы заттармен, адам өміріне және табиғат тіршілігіне байланысты фактілермен әр түрлі құбылыстармен үздіксіз және белгілі бір мақсатпен таныстырып отыру арқылы жүзеге асырылады.
2) Құрама есеп дегеніміз екі не одан да көп амал арқылы шығарылатын есеп. Құрама есепті шығару үшін оны жай есептерге жіктеу керек.
Құрама есеп, бір есептердің ізделінді шамалары екінші есептердің берілген шамалары болатындай байланыстағы бірқатар жай есептерден тұрады. Құрама есепті шығару, оны бірнеше жай есептерге жіктеу және ретімен оларды шығару болып табылады. Сонымен, құрама есепті шығару үшін берілген шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы бірқатар байланыстарды анықтау керек, соған сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап алуға, содан кейін шығаруға болады.
3)Мектептердің даму тұжырымдамасын іске асыру;
ШЖМ-тердегі педагогикалық проблемалар және оларды шешу жолдары;
Бастауыш шағын жинақталған мектепте жеке пәндерді класс және класс-комплект жағдайында оқытудың тиімділігі мен қиыншылығын талдау;
Бастауыш жинақталған мектепте оқыту және тәрбие процестерін ұйымдастрыу жолдарын меңгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет