Шағын жинақты бастауыш мектептегі оқыту процесінде педагогикалық технологияларды пайдаланудың ықтимал нұсқалары


Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы



бет2/3
Дата06.12.2022
өлшемі25,91 Kb.
#55266
1   2   3
Байланысты:
14 сож шжм

Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Білім, білік, дағды меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт.


Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б. Скинер, Н. Краудер, В.П. Беспалько). Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланы жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдармалаған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен беріледі.


Оқытудың ақпараттық технологиясы. Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады. Яғни, баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу. Информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу.


Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы (Л. Джинна Стил, С. Куртик Мредит, Чарльз Тэмпл). Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды, әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізіледі.


Өздігінен даму технологиясы (М. Монтессори). Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге: «мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» деуіне жету. Баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Онда оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Мектепте сабақ болмайды, әр күн жалпы жиыннан басталады. Жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады. Баға болмайды, бірақ әр бала өз еңбегіне орай үлкендердің не басқа бала тарапынан бағаланады. Ең бастысы оқушы өзін-өзі бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет