Шағын жинақты мектеп және оның ерекшелігі


Революция ға дейін Қазақстан да құрылған мектетер типі



бет20/35
Дата14.06.2022
өлшемі92,18 Kb.
#36806
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
33. Революция ға дейін Қазақстан да құрылған мектетер типі.

Қазакстанда халық ағарту ісі екі бағытта: дыни және жай азаматтық бағытта дамыды. Діни бағыттағылары балалар ата- аналарының қаражатымен ұсталған мектептер мен медреселер болды. XX ғ. басында мектептер уақыттың өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Діни мектептерді қайта құру жолындағы қозғалыс басталды. Оны ұйымдастырушылар жаддашылар болды. Олар оқытудың әріп құрастыру тәсілін дыбыстық тәсілмен алмастыруды ұсынды, мектептерде азаматтық пәндердің – арифметиканың, географияның, жаратылыстанудың, тарихтың және басқаларының оқытылуы керектігін дәлелдеді. Соған қарамастан оқытудың жаңа тәсіліне көшкен мектептер көбейе қоймады.


Діни білім беру жүйесінде медресенің ықпалы зор болды. Олар молдалар, мектеп оқытушыларын даярлады және міндетті түрде мешіттер жанында жұмыс істеді. Медресенің үлгісіне қарай олардағы оқу мерзімі – үш жылдан төрт жылға дейін созылды. Олардың шәкірттері ісләм дінін үйренумен қатар, философиядан, астрономиядан, тарихтан, лингвистикадан, медицинадан, математикадан мағлұматтар алды.
Бұл ортадан қазақ мәдениетінің А. Құнанбаев, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Б. Майлин және басқалар сияқты аса ірі қайраткері шықты.
Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында Жәңгір ханның инициативасымен 1841 жылдан жұмыс істей бастады. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ісләм дінін оқып үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласында Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды.
XIXғ. үшінші бөлігінде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ және орыс-жергілікті халық училищелері мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының ролін атқарды. Бөкей Ордасындаересектер мектептері құрыла бастады. Олар екі кластық курсты бітіріп, мұғалім болды. 1898 ж.-дан 1914 ж. дейін Қазақстандағы бастауьш мектептердің саны 730-дан 1988-ге дейін, ал олардағы шәкірттер саны 29,1 мыңнан 101 мың адамға дейін өсті.
Орта оқу орындарының реальдық училищелердің, ерлер мен қыздар гимназияларының саны баяу артты. 1914 ж. олар 12 ғана болды. Бұларда 4 мың шәкірт білім алды.
Мектеп ісін жолға қоюда қыз балаларға білім берудің дамуы прогрессивті құбылыс болды. Ы. Алтынсариннің күш салуымен 1887 ж. Ырғызда қыздар училищесі ашылды. 1890 – 18% жж. орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақ поселкесінде, Ақтөбеде жұмыс істей бастады.
1896 ж. қарай бұларда 211 қыз, соның ішінде 70 қазақ қызы оқыды. Қазақ қыздарының білім алуға кеңінен тартылмауына әйелдердің құқықсыз жағдайы жәңе ісләмнің кертартпалық дәстүрлері негізгі кедергі болды.
Бастауыш және орта оқу орындары шәкірттерінің құрамында қазақ балаларының саны шамалы ғана болған-ды. Айталық, 1911 ж. Верный ер балалар гимназиясында 316 орыс және бар болғаны 10 ғана қазақ баласы оқыды. 1912 ж. мәліметтері бойынша Сырдария облысында 56 орыс-жергілікті халық училищесі болса, оларда 3 мың жергілікті тұрғындардың балалары білім алды. Ал бұл олардағы барлық оқушылар санының 2 процентін ғана құрады.
Царизм мектептік білім беруді аз ұлттарды орыстандырудың әсерлі құралдарының бірі деп қарады. «Біздің отанымызда тұратын барлық бұратана халықтарға білім берудің түпкі мақсаты, – деп жазды 1870 ж. Халық ағарту министрі Д.А. Толстой, – сөзсіз оларды орыстандыру, сөйтіп орыс халқымен қосылтып жіберу болуға тиіс. Барлық оқу орындарында дерлік оқыту орыс тілінде жүргізілді, түпкі халықтардың тарихы мен әдебиеті мүлде оқытылмады
Мектептік білім жүйесінің кеңейтілуі және қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық бейнесіндегі ілгерілеушілік маман кадрлар даярлау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Алғашқы кәсіптік оқу орындары 1879 ж. құрылған Түркістан мұғалімдер семинариясы мен Орынбор қазақ мұғалімдер мектебі (1883 ж.) болды.
Қазақ мүғалімдер мектебі туралы Мемлекеттік кеңес 1880 ж.-дың өзінде бекіткен Ереже осы мектепті күтіп ұстауға жыл сайын 17580 сом қаржы босатып тұруды ескерді.
Кейіндері мұғалімдер семинариялары Ақтөбеде, Верныйда, Семейде, Оралда ашылды. Бұл оқу орындары Қазан революциясына дейінгі барлық кезеңде 300 қазақ мұғалімін даярлады.
XIXғ. ауыл шаруашылық және фельдшерлік мектептер ашылды, оларда орта білімді мамандар даярланып шығарылды. Тек Боровской орман техникумының бір өзі ғана 1889 ж.-дан 1917 ж. дейін 163 маман әзірледі.
Әйтсе де революцияға дейінгі Қазақстанның кәсіптік оқу орындары уақыт қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. 1914-1915 жж. жылында жеті орта арнаулы оқу орындарында 352 адам ғана оқыды.Бұл Ресей жоғары оқу орындары мен техникумдары студенттерінің жалпы санының 1 процентіне де жетпейтін еді. Бүкіл өлкеде бір де бір институт пен университет болмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет