Шағын жинақты мектеп және оның ерекшелігі
Шағын жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі. Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп:
- біріктірілген сыныптармен;
- біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.
Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек.
Білім беру мекемесінің бұлай ерекшеленуінің басты критерийі – ондағы оқушы санының аздығы, ал қалған ерекшеліктер осы критерий негізінде туындайды. Шағын жинақты мектептің жоғарыда келтірілген түрлерге жіктелуі нормативтік құжаттарға сай жүзеге асырылады: «Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде:
1) бастауыш шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін;
2) негізгі шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 41-ден 80 адамға дейін;
3) орта шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 81-ден 180 адамға дейін болған жағдайда жұмыс істейді»
«Шағын жинақты мектеп қызметінің тәртібіне» сәйкес 1-сынып оқушылары жеке оқытылады. Себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейіні тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.
2. Шағын жинақталған мектептерде білім берудегі жаңа технологиялар мен оқушы шығармашылығын дамыту жолдары.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс -әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске ас ады :
кезең: оқып-үйрену;
кезең: меңгеру;
кезең: өмірге ендіру;
кезең: дамыту.
Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тəрбие үдерісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау – жұмыс сапасының негізі болып табылады.
Осы орайда:
- ең əуелі мектепке керегі білімді, педагогика, əдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім;
- оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һам сапалы болуы;
- мектепке керегі белгіленген программа, - деген ағартушы-ғалым А. Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқамыз.
Оқу үдерісін технологияландыру - білім беру жүйесінің мұғалімнің ғылыми-əдістемелік жəне қамтамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің жеке əдістемелік жүйесі, оқу үдерісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген, көп деңгейлі, көп кезеңді үдерісі.
Мұғалім оқыту үдерісін тиімді өткізіп, оқушылардың белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды ескереді:
а) дидактикалық талаптың (сабақтың тақырыбы, мақсаты, мазмұнының бағдарламаға сайлығын игерілетін іскерлік дағдыларының айқындығы, қабылдауға əзірлеу, түсіну, ой елегінен өткізу);
ə) дамытушылық талаптың (дамытушылық мақсатының айқындығы, танымдық қызығушылығының, бастамашылдығын, өздігінен іздену, білімін толықтыру, ой еңбегінің мəдениеті мен іскерлік, дағдысын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту);
б) тəрбиелік талаптың (тəрбиелік мақсатының нақтылығы, білім мазмұны арқылы көзқарасын, эстетикалық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін, жүйелі еңбегін қалыптастыру, мамандығына сүйіспеншілігін арттыру, т.б.);
в) гигиеналық талаптың (сыныптың тазалығы, желдетілуі, оқу-құралдарының, тақтаның, бордың яғни сабақтың жабдықталуын, жарық мөлшерінің сақталуын, оқушылардың сыртқы көрінісі; көрнекі құралдарға, дəптерге, жазуға қойылатын талаптар) сақталуын ескеру;
г) психологиялық талаптың (білімге ынталандыру), танымдық белсенділігін арттыру, эмоциялық көңіл-күйін тудыру, қабылдау, зейінін (ойлауын қамтамасыз ету) ескерілуі;
ғ) ұйымдастырушылық талаптың ескерілуі.
Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды .
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Информатиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан техно логиялардың бірі - осы технология.
Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |