Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бірпәндік оқыту принциптері


 Біріктірілген сыныптардағы бірпәндік сабақтардың құрылымы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата19.01.2017
өлшемі1,33 Mb.
#2238
1   2   3   4   5   6

2 Біріктірілген сыныптардағы бірпәндік сабақтардың құрылымы

Шағын  жинақты  мектептің біріктірілген  сыныптарындағы  сабақты  тиімді

ұйымдастыру бірпәндік  оқыту  принциптері  негізінде құрылып,  пәнішілік

кіріктіре  оқыту  жүзеге  асырылады. Бірпәндік  оқыту  принциптері – белгілі  бір

пән  мазмұнындағы  тақырыптарды  (мазмұны ұқсас  немесе  мазмұны әр тектес)

кіріктіре оқыту.

Бірпәндік  оқыту  принциптері  бірпәндік  сабақтарды

ұйымдастыруда

қолданылады. Ал бірпәндік сабақ дегеніміз – біріктірілген сыныптарда бір ғана

пән бойынша (мысалы, екі сыныпта да қазақ тілі сабағы) өткізілетін сабақ. Бір

саладағы  сабақты өткізетіндіктен, мұғалім назарын  бір  сыныптан  екінші

сыныпқа оңай аударады.

Бірпәндік  сабақтарды тиімді ұйымдастыру үшін сабақ кестесін  дұрыс құру

керек. Ол үшін мұғалім пәндерді біріктіргенде, оқушылардың өзіндік жұмысын

ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеруі керек.

Бірпәндік  сабақ кестесін

құрастырғанда,

төмендегі

сабақ кестесінің

үлгілерін басшылыққа алуға болады (2-кесте).



13

2-кесте – Сабақ кестесінің үлгілері



Күні

Реті

2-сынып

4-сынып

Дүйсенбі


1

2

3



4

5

Қазақ тілі



Математика

Әдебиеттік оқу

Еңбекке баулу

Сынып сағаты

Қазақ тілі

Математика

Әдебиеттік оқу

Еңбекке баулу

Сынып сағаты

Сейсенбі


1

2

3



4

5

Қазақ тілі



Математика

Әдебиеттік оқу

Дене шынықтыру

Дүниетану

Қазақ тілі

Математика

Әдебиеттік оқу

Дене шынықтыру

Дүниетану

Сәрсенбі


1

2

3



4

Математика

Әдебиеттік оқу

Бейнелеу өнері

Қазақ тілі

Математика

Әдебиеттік оқу

Бейнелеу өнері

Қазақ тілі

Бейсенбі


1

2

3



4

5

Қазақ тілі



Математика

Әдебиеттік оқу

Дене шынықтыру

Дүниетану

Қазақ тілі

Математика

Әдебиеттік оқу

Дене шынықтыру

Дүниетану

Жұма


1

2

3



4

5

Қызықты математика



Тіл дамыту

Музыка


Орыс тілі

Математика

Тіл дамыту

Музыка


Қызықты математика

Сенбі


1

2

3



4

Еңбек


Қозғалмалы ойындар

Дене шынықтыру

Орыс тілі

Еңбек


Қозғалмалы ойындар

Дене шынықтыру

Сабақ кестесін тиімді құрастырудағы негізгі мәселе – ұқсас пәндерді дұрыс

біріктіру. Осы  орайда кесте құратын мұғалім не оқу  меңгерушісі, не  болмаса

директор оқушылардың психологиялық-физиологиялық мүмкіндіктерін ескеруі

қажет.


Сабақ кестесін дұрыс құру үшін оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді

ұйымдастыруға барынша  мүмкін  деген ұстанымды  басшылыққа  алу  керек.

Мысалы, соңғы жылдары бірпәндік сабақтар өткізуге баса мән берілуде. Себебі

мазмұны ұқсас сабақтарды  екі  сыныпқа  ортақ өткізуге болады  немесе  кейбір

пәндердің  өзіндік  ерекшеліктеріне  байланысты (мысалы, ән  сабағы,  дене

шынықтыру)  басқа  пәндермен  біріктіруге  болмайды  деген  пікірлер  туындап

жүр. 

Бірақ


пәндерді 

біріктіргенде,

өзіндік

жұмысты


ұйымдастыру

мүмкіндіктері  бойынша  пәндер  екі  топ құрайтынын  ескерген  дұрыс.  Бірінші

топқа  шартты  түрде  математика, қазақ тілі,  орыс  тілі,  бейнелеу өнері,

технология  сияқты,  яғни өзіндік  жұмыс ұйымдастыруға үлкен  мүмкіндіктері

бар пәндерді, ал екінші топқа табиғаттану, ана тілі, ән сабағы, дене шынықтыру

пәндерін жатқызуға болады. Сабақ кестесін құрастырғанда, бірінші және екінші

топ  пәндерін  біріктіруге  болатынын  есте ұстаған  жөн. Сондықтан сабақ


14

кестесін құрастырғанда  пәндік  біріктіру  жүйесін  енгізген  дұрыс.  Себебі

бірнеше  сыныпта  сабақтың кейбір  кезеңдерінде  біріктіріп  оқыту  арқылы

мұғалімнің

басшылығымен  жүргізілетін  жұмыс  уақытының

мөлшерін


арттыруға мүмкіндік туады.

Шағын  жинақты  мектептегі әрбір  сыныптағы  оқушылар  саны жағынан

ықшам  болғандықтан,  олардың түсінгенін байқау,  тапсырманы  орындау,  жаңа

сабақты пысықтау сияқты жұмыстар мұғалімнің көп уақытын алмайды.

Демек,

сабақ


барысында

оқушылардың

жауапкершілігі 

күшейеді,

түсінгенін, білгенін қайталап айтып отырады. Сондықтан оқушылар кез келген

уақытта сұраққа жауап беруге дайын отыруға дағдыланады, алған білімі есінде

берік сақталады.

Біріктірілген  сыныптарда  бірпәндік  оқыту үдерісін ұйымдастыру  мазмұны

ұқсас және  мазмұны әртүрлі  тақырыптарды  кіріктіре  оқыту  арқылы  жүзеге

асырылады. Мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытуда жаңа тақырыптар

екі  сыныпқа  ортақ түсіндіріледі  де,  жаңа  оқу  материалын  бекіту  барысында

жаттығулары  дараланып, өзіндік  жұмыстар  мен  деңгейлік  тапсырмалар

беріледі. Білім  мазмұнының жүйелілігін  сақтай  отырып,  мазмұны әртүрлі

тақырыптарды

кіріктіре  оқытуда  жаңа  тақырыптар

әр  сыныпқа  жеке

түсіндіріліп, өзіндік жұмыстармен ұштастырылады.

Шағын 


жинақты 

мектептің 

өзіндік 

ерекшеліктеріне 

байланысты

біріктірілген  сыныптардағы бірпәндік сабақтар екі  кезеңнен  тұрады: мұғалім



басшылығымен  жұмыс және оқушының  өздігінен  орындайтын  жұмысы.

Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары әртүрлі болуы, белсенділікке,

ізденушілікке ұмтылдыруы тиіс.

Бір  мезгілде  екі, үш  сыныппен қатар  жұмыс  істегенде  мұғалімнің алдына

уақытты тиімді пайдалану мәселесі тұрады.

Сабақ – бұл  педагогикалық еңбек, мұғалім мен  оқушының бірыңғай  ой

еңбегі, екі жақты ішкі түсінушілігі, оның басқа процестерден өзгешелігі болуы

керек.


Әрбір сабақ – мұғалімнің көздеген  мақсатының нақты болуымен,  оның

қорытындысының дұрыстығымен басталады және сабақта мұғалімнің неге қол

жеткізгісі  келетіні  де  ескеріледі.  Содан  кейін  тәсілдердің мақсатына  жетуіне

көмектеседі, әдістің нақтылығы – мұғалім  мақсатының жүзеге  асуына қандай

іс-әрекет қолдануында болып табылады.

Сабақ оқудың басқа  түрлерін:  практикалық сабақтарды, оқушылардың

өзіндік және үй жұмысын орындауға ынталандырады.  Сонымен  бірге  барлық

осы іс-әрекеттер сабақпен  тығыз  байланыста  бола  отырып,  оның  құрылымы

мен жүргізуге ықпал етеді.

Оқыту барысында білімді қабылдайды, ойдан өткізіп, бекітеді және оларды

іс жүзінде қолданады. Бұл тізбек сабақта әртүрлі үйлесімде көрінеді. Сабақтағы

білімді  меңгеру үрдісінің негізгі  тізбектерінің түрлі  комбинациялары  оқу

материалының сипатына,  сабақтың дидактикалық мақсатына,  оқушылардың

жас ерекшеліктеріне, сондай-ақ ұжым ретіндегі осы сыныптың ерекшеліктеріне

де байланысты.  Мысалы,  бастауыш  сыныптардың білім  мазмұнына  теориялық


15

материалды 

енгізу 

мұғалімнің



түсіндіруі 

мен 


оқушылардың

өзіндік


жұмысының уақыты арақатынасының  өзгеруіне әкеледі, ал бұл өз кезегінде

сабақ құрылымының өзгеруіне әкеп соқтырады. Сабақ  құрылымы сабақтағы

(жаңа  білімді  хабарлау,  оларды  бекіту,  оқушылардың жаттығулары) қандай

болмасын әрекет  түрлерінің орны  мен  маңызының және  олардың  үйлесуінің

арақатынастарын анықтайтын негізгі мақсатының сипатына тәуелді.

Екі сыныпты қатар оқытқанда, сабақ берудің негізгі 3 типі болады:

- екі сыныпқа да жаңа материалды түсіндіру сабағы;

- екі  сыныптың бірінде  жаңа  материалды  түсіндіру,  ал  екінші сыныпта

қайталау немесе есепке алу сабағы;

- екі сыныпта да өткенді қайталау сабағы.

Екі  сыныпта жаңа  материалды  түсіндіруге  арналған  сабақ төмендегідей

жоспарланады (3-кесте).

3-кесте – Біріктірілген  сыныптарда  жаңа  материалды  түсіндіруге  арналған

сабақтың құрылымы



р/с

Төменгі сынып

Жоғары сынып

1

Оқушының  өздігінен  орын-дайтын



жұмысы.

Оқушыларды  жаңа  сабаққа әзірлеу – 5

мин.

Мұғалім басшылығымен орында-латын

жұмыс.

Жаңа 


материалды

өтпес 


бұрын

тапсырмаларды түсіндіру – 5 мин.

2

Мұғалім 

басшылығымен

орын-

далатын жұмыс.

Жаңа 


материалды 

түсіндіру,

оқушыларға

сыныпта


және

үйде


өздігінен орындау үшін  тапсырмалар

беру 


және 

жұмыстың


көпшілігін

мұғалімнің басшылығымен орындау.



Оқушының 

өздігінен 

орындайтын

жұмыстары.

Жаңа 


материалды

пысықтау


үшін

тапсырмаларды  жазбаша  түрде  орындау,

өткен

тақырыпты



қайталау  мақсатында

оқулықтан тапсырмалар беру.

3

Оқушының  өздігінен  орын-дайтын

жұмыстары.

Мұғалімнің

түсіндірген

мате-риалын

пысықтау үшін оқушылардың өздігінен

орындайтын жұмыстарын әрі

қарай

жүргізу, оқулықпен жұмыс.



Мұғалім  басшылығымен орында-латын

жұмыс.

Оқушылардың 

өздігінен

орын-даған

жұмыстарын  тексеру,

жаңа  материалды

түсіндіру, оқулықпен  жұмыс, оқушылардың

сыныпта  және үйде өздігінен орындауы

үшін

тапсырмалар



беру;

жұмыстардың

көпшілігін

мұғалім


басшылығымен

орындау.


4

Мұғалім 

басшылығымен

орын-

далатын жұмыс.

Оқушылардың 

өздігінен

орындаған

жұмыстарын  тексеру, үйге берілетін

тапсырманы қайталау.



Оқушының 

өздігінен 

орындайтын

жұмыстары.

Мұғалімнің

түсіндірген

мате-риалдарын

пысықтау

үшін


жұмыстарды

әрі


қарай

жүргізу.


Бір  сыныпта  жаңа  материалды  түсіндіру,  ал  екінші  сыныпта қайталау

сабағын жоспарлағанда, жұмыстың барысы жаңа  материалды бірінші қай

сыныпта  түсіндіру қажеттігіне қарай анықталады.  Егер де  мұғалім  жаңа

материалды  жоғары  сыныпта  түсіндіретін  болса,  сабақтың

жоспары

төмендегідей құрылуы мүмкін (4-кесте).



16

4-кесте – Сабақ жоспарының үлгілері

Аптаның сейсенбі,  сәрсенбі,  бейсенбі  күндері – оқушылардың ең жоғары

деңгейде  жұмыс  істей  алатын  күндері. Екінші, үшінші  сабақтар оқушылардың

белсенділігіне әсер ететін нәтижелі сабақтар болып саналады.

Сонымен қатар шағын жинақты мектептегі бірпәндік оқу жүйесі іс жүзінде

біртақырыптық сабақ жүргізуге мүмкіндік береді.

Біріктірілген 

сыныптардағы

біртақырыптық

сабақтың 

құрылымы,

негізінен3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады (5-кесте).

5-кесте – Бір тақырыптық сабақтың құрылымы

Жоғарыда  келтірілген  бірпәндік  сабақтардың  құрылымы  бойынша

әзірленген сабақ жоспарларының үлгілері әдістемелік құралда қарастырылады.

р/н

Төменгі сынып

Жоғары сынып

1Мұғалім 



басшылығымен 

орын-

далатын жұмыс.

Үйге берілген тапсырманы тексеру; өткен

тақырыпты 

пысықтау 

мақсатында

тапсырма беру.



Оқушының 

өздігінен 

орын-дайтын

жұмыстары.

Үйге берілген тапсырманы оқушылардың

бірін-бірі  тексеруі, өткен  сабақ пен  жаңа

сабақты  байланыстыру  мақсатындағы

әртүрлі тапсырмаларды орындау.

2Оқушының 



өздігінен 

орын-дайтын

жұмыстары.

Өткен тақырыпты  пысықтауға  арналған

түрлі тапсырмаларды орындау.

Мұғалім 

басшылығымен 

орын-

далатын жұмыс.

Оқушылардың

өздігінен

орын-даған

жұмыстарын  тексеру,  жаңа  материалды

түсіндіру,  сыныпта  және үйде өздігінен

орындау үшін тапсырмалар беру.

3Мұғалім 



басшылығымен 

орын-

далатын жұмыс.

Оқушылардың 

өздігінен 

орын-даған

жұмыстарын  тексеру,

үйге  тапсырма

беру.

Оқушының

өздігінен

орын-дайтын

жұмыстары.

Жаңа  тақырыпты  пысықтау үшін әртүрлі

тапсырмалар орындау.

І Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау-мотивациялық кезең

Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыстар

Екі  сыныппен қатар  жүргізілетін  тапсырмалар  беріледі, үй  тапсырмасы тексеріліп,  жаңа

сабақ түсіндіріледі.

ІІ Сараланған бөлім

Операциялық-орындаушылық кезең

Әр сыныппен жеке дара жұмыстар жүргізіледі.



Оқушының 

өздігінен 

орындайтын

жұмыстары.

Мұғалім 

басшылығымен 

орындалатын

тапсырмалар

Мұғалім  басшылығымен орындалатын

тапсырмалар.

Оқушының 

өздігінен 

орындайтын

жұмыстары.

ІІІ Кіріктірілген бөлім

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Сабақты бекіту үшін екі сыныппен қатар жүргізілетін тапсырмалар беріледі.



17

3 Біріктірілген  сыныптарда  бірпәндік  сабақтарды ұйымдастырудың

әдіс-тәсілдері

ХХІ ғасыр – жеке  тұлғаны қалыптастыру,  ізгілендіру,  дамыту ғасыры.

Ауылдағы  шағын  жинақты  мектепте  бала  тұлғасы қалыптасуына ықпал  ететін

негізгі әлеуметтік факторлар – ауыл мектебінің әлеуметтік-экономикалық және

мәдени,  тұрмыстық ахуалы.  Осыған  байланысты  ауыл  мектебі  мұғалімінің

негізгі  мақсаты – өмір сүру қажеттілігіне  сенімділігі  бар  баланың жеке

тұлғасын қалыптастыру. Оқушының туған жеріне адалдығын сақтап, қоршаған

ортаға  белсенді  араластырып,  жалпы  мәдени  дамытып,  білімге  деген  ынтасын

арттыру,  сөйлеу  дағдысын  жетілдіріп,  болашақта үлкен  орта  жағдайына

бейімделу қабілетіне  тәрбиелеу  болып  табылады. Міне,  осындай  тұлғаны

қалыптастыруда

мұғалім  оқытудың

әртүрлі

әдістерін



қолдана

отырып,


біріктірілген  сыныпта  отырған әртүрлі  жастағы  оқушылардың мүмкіндіктерін,

жас  ерекшеліктерін  жан-жақты  ескеріп,  олардың  өздігінен  білім  алуға

қызығушылығын ояту,  білім,  білік, дағдыларын одан әрі  дамыту  міндетін

жүзеге  асырады. Осы  орайда  біз  оқыту әдістері  деген ұғымға  кеңінен  тоқтала

кетсек.

Оқыту әдістері – алға қойылған  мақсатқа  жетудің жолы  деп  те  аталады.

Педагогикалық энциклопедияда  оқыту әдістерін  былайша  анықтайды:  «Оқыту

әдістері – мұғалім  мен  оқушының  өзара  байланысты әрекеттерінің бірізділігі.

Сол арқылы білім мазмұны меңгертіледі және меңгеріледі» [9].

Оқыту әдістерінің басты үш белгісі бар:

оқыту мақсатын;

білім мазмұнын меңгеру тәсілін;

оқыту үдерісіндегі тек субъектінің (мұғалім мен оқушы) өзара бірлескен

іс-әрекетінің сипатын анықтайды.

Оқыту әдістері дегеніміз – тарихи категория. Оқыту әдістері уақыт өте келе

жетіледі,  дамиды,  алмасады, қайта  жаңғырып қолданылады,  сөйтіп  заман

дамуына  етене  жақын  болатын  білім  мазмұны  мен  білім  беру  мақсаты  деген

категорияларға қатысты түрлі даму жолдарына түсіп отырады.

А.Байтұрсынұлы  «жалпылау»  және  «жалқылау» әдістері  деп  дедукция  мен

индукцияны  көрсеткен.  Осындағы  дедукция әдісінің оқушылардың теориялық

ойлау қабілетін  дамытуда  алатын  орны үлкен  екендігіне  дамыта  оқыту

теориясын зерттеген ғалымдар ерекше назар қоятынын байқауға болады [10].

И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткиннің айтуынша, оқыту мақсаты мен білім беру

мазмұнын  анықтау  балаға  теориялық білім  беруде  жеткіліксіз.  Ол үшін,

алдымен, қандай  жолмен, қандай әдістермен  сол  мақсатқа  жетуге  болатынын

анықтау қажет дейді [11].

И.П.  Подласый  оқыту әдістерінің классификациясын  былайша ұсынады

(1-сурет) [12]:


18

1-сурет


1-сурет

Шағын  жинақты  мектептің біріктірілген  сыныптарында бірпәндік  оқыту

жүйесінің дидактикалық негіздерінің негізгі  тұжырымдары – дидактиканың

басты  категорияларын  тану  және әдістемелік  жүйеге  тірек  ретінде  алу  болып

отыр.  Ол  категориялардың, яғни білім  беру,  оқу,  оқыту,  білім,  білік-дағды,

мақсат-міндеттер,  білім  мазмұны,  оқыту  формасы,  оны ұйымдастыру

жолдары, әдістері,  оқыту  тәсілдері және оқытудың нәтижесі сияқты

маңызды  дидактикалық  ұғымдарды шағын  жинақты  мектеп мұғалімдерінің

терең түйсінуі пәннің сапалы оқытылуының кепілі деп айта аламыз.

Жоғарыда айтылғандарға орай  біздер оқытудың тиімді әдістерін жүйелеп,

оларды  түрлендіре,  орын  ауыстыра  отырып,

шағын  жинақты  мектеп

тәжірибесінде қолдануға болатын төмендегідей әдістерді ұсынамыз:

1.

Талдау.



2.

Синтез жасау.

3.

Дедукция.



4.

Индукция.

5.

Модельдеу.



6.

Зерттеу.


7.

Салыстыру.

8.

Бақылау.


9.

Ойын әдістері.

10. Белсенді оқыту.

11. Проблемалық оқыту.

12. Тест алу.

13. Интерактивті оқыту.

14. Ұжымдық оқыту және т.б. әдістер.

Біріктірілген сыныпта әрбір сабақты өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау

– ұстаздан кәсіби  шеберлік  пен  ізденімпаздықты  талап  етеді. Енді  осы

әдістердің кейбіреуіне  тоқтала  кетсек, ұжымдық оқыту әдісі,  соның ішінде

топпен жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі:

оқушы  жалпы  жұмысқа қосатын үлесін өзі  анықтайды,  сондықтан

сабаққа бар ықыласымен кіріседі;

Сабақты проблемалық баяндау

Ішінара ізденім әдісі

Зерттеу әдісі

Түсіндіру, әңгімелеу

әдістері


Эвристикалық сұхбат

Зерттеу жұмыстарын жүргізу

П р о б л е м а л ы қ

Жағдаят (ситуация)



19

белгілі  бір  жүйеден  шықпай, қатып қалған  оқу  тәсілі өзгереді.

Оқушылардың өздеріне деген сенімі нығаяды;

бірлесе  жұмыс  істеу  балалардың арасында  ынтымақ бірлікті, әдептілік

қасиеттерін қалыптастырады. Әр  топтың жұмыс  нәтижесін  бағалайтын  нақты

бір  жүйе  дайындап  алу  шарт.  Оқушылар  жолдастарының жұмыстарын  талдай

отырып, ойларын ашық айтуға үйренеді.

Сонымен  бірге проблемалық оқыту әдісі  де маңызды.  Сабақты  түсіндіру

проблема қоюға  алмастырылады.  Мұғалім  басты  проблемаларды қояды,  оны

шешуде  балалар алдында  жеке  проблемалар қою  арқылы қайшы шешу

жолдарын  көрсетеді.  Проблемалық

оқытудың


тиімділігі

оқушының



бойындағы қызығушылығын  жойып  алмай,  оның табиғи  талап-тілектерін,

сұраныс, мұқтаждарын ескеру. Оқушы қабілетті, бойында күш-қуаты жеткілікті

екеніне  сендіре  білу,  ықыласын  оята білу,  оқушыны таңғалдыра  білу.

Даналыққа ұмтылу  таңғалудан  басталады.  Оқушыларды  шығармашылық

ізденуге үйрете отырып, ой-қиялын дамыту.

Шағын  жинақты  мектептегі  оқушы  дамуына әсер  ететін  негізгі әдістердің

бірі – ішінара  іздеу. Ішінара  іздеу  сабағында  мұғалім  баланың  әр қадамын

назарға  алып,  оның жас  ерекшеліктерін  ескеріп  отырады.  Ішінара  іздеу

эвристикалық  әңгімені  жүзеге  асырады,  мұғалім  проблемалық сұрақ  қояды,

оқушы сұрақтарды талқылап, ой елегінен өткізіп, жауап береді.

2-сурет

Шағын  жинақты мектеп  жағдайында  оқыту  жүйесі  оқушылардың таныс



заттармен  және

құбылыстармен

өздік  жұмысын  ынталандырады.

Өзі


қорытынды шығарып, алған білімін іс жүзінде қолдануға үйретеді.

Қазіргі таңдағы тиімді әдістердің бірі – интерактивті оқыту әдісі (2-сурет).

Интерактивті әдісті  пайдаланудың тиімділігі оқушының  өз  ойын  еркін,  жүйелі

айтуына, ұйымшылдыққа  тәрбиелейді. Әсіресе  табиғатынан  тұйық,  өз  ойын

жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор.

«Интерактивті  оқыту»  терминдерінің ортақ түбірі  интер  ағылшын  тілінің

«inter» – аралық, «act» – әрекет ету деген сөздерімен енген.

Интерактивті

оқыту

Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді



Жан-жақты ізденушілігін

арттырады

Еркін ойлауға мүмкіндік

береді


Ақыл-ойды дамытады

Шығармашылық белсенділігін,

тіл байлығын арттырады


20

Интерактивті әдістер  тіркесін  оқушылардың  өзара әрекет  етуіне  жағдай

жасайтын әдістер  деп  түсінуге  болады.  Сондықтан  олар  сабақта  ынтымастық

педагогикасының жүзеге  асуына,  бірлесіп әрекет  етуіне, сабақта  жайлы  да

жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды.

Интерактивті әдістерді қолдануда  мұғалім төмендегідей ережелерді  естен

шығармауы қажет:

Бірінші ереже: сынып оқушыларының барлығын сабаққа түгел қатыстырып,

танымға жұмылдыру.

Екінші 


ереже:

оқушыларды 

психологиялық

тұрғыдан 

дайындау.

Оқушыларды жиі мақтап, қолпаштап отыру.

Үшінші ереже: сынып талапқа сай болуы қажет.

Төртінші  ереже: әрбір қатысушы өз  пікірін,  көзқарасын  білдіріп,  дәлелдеп

беруге мүмкіндік жасалу қажет.

Бесінші ереже: проблема шешу барысында оқушыларды топқа бөлу.

Шағын  жинақты  мектептерде  оқушылардың

өзіндік

жұмыстарын

ұйымдастыруға тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана отырып,

оқушылардың  өздігінен  бақылау  жұмыстарын  жүргізуге, қорытынды  жасай

білу  дағдыларын арттыру мүмкіндіктерін үнемі  есте  сақтау  керек.  Сондай-ақ

шағын жинақты мектептің оқушыларының арасынан кімнің қай пәнге қабілетті

екенін  байқап, әрі қарай дамытуға  көп  көмегін  тигізеді. Өзіндік жұмыстар

шығармалық қабілет бойынан табылатын оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге,

үлкен нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі шағын  жинақты  мектепте  білім  алып  жатқан  оқушылар – болашақ

зиялы қауым өкілі  ретінде ұлттық,  жалпыадамзаттық мәдениетті  терең тануға

ұмтылуы

керек.  Соның



негізінде  шағын  жинақты  мектеп

оқушылары

мәдениеттің, білімнің  құндылық  қасиетін  түсінуге,  оны  дамытуға,  сақтауға

қажетті қабілеттер мен әдістерді  меңгере  бастайды.  Осы  бағытты ұстана

отырып,  шағын  жинақты  мектеп оқушыларына өзіндік білім іздену әдістерін

меңгеруге үлкен  басшылық ете  алатын кіріктіре  оқыту әдісінің тиімділігі

жоғары.

Оқу мен тәрбие – оқушының білімді және адамзат қоғамының талаптарына



сай  дамуын  мүмкін  ететін  ерекше үдеріс.  Дәстүрлі  оқыту  жүйесінде  мұғалім

оқыту  материалдарында  берілетін  білім мазмұнын  «бар, өзгермейтін,  даяр»

нәтиже ретінде беретін болса, дамыта оқыту үдерісінде оқушыны білімді бірге

іздейтін, әсіресе оқушының өзіне «жаңалық ашу» мүмкіндігін жасайтын әдіс

алдыңғы орын алады.

Осындай


әдістер  арқылы  оқушылардың

оқу-танымдық

белсенділігі

жоғарылап, білім алу сапасының көрсеткіштері де биіктей түседі.

Шағын жинақты мектептегі бірпәндік сабақтарды ұйымдастыру барысында

кез келген  оқыту әдістерін  тиімді қолдана  білу  арқылы  сапалы  білімге қол

жеткізу  мұғалімнен үлкен  жауапкершілікті  талап  етеді.  Сондықтан  мұғалім

жоғарыда 

көрсетілген

әдістерді

толық

меңгеріп,



өз

тәжірибесінде

шығармашылықпен қолдана білуі керек.


21



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет