Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында біртақырыптық оқыту принциптері



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата22.12.2016
өлшемі2,83 Mb.
#111
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында

біртақырыптық оқыту принциптері

Әдістемелік құрал

Астана

2013


2

Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім  академиясы Ғылыми  кеңесімен

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2 хаттама).

Шағын  жинақты  мектептің біріктірілген  сыныптарында біртақырыптық

оқыту  принциптері. Әдістемелік құрал. – Астана:  Ы.  Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013. – 63 б.

Әдістемелік құралда біртақырыптық оқыту  прициптері негізінде  оқытудың

жаңа әдіс-тәсілдерін  меңгеру, әдістемелік  жұмыстарды ұйымдастыру  жолдары

туралы  нақты  нұсқаулар  берілген. Сондай-ақ шағын  жинақты  мектептің

біріктірілген  сыныптарына  арналған  бірпәндік  сабақ жоспарларының  үлгілері

ұсынылған.

Бұл әдістемелік құрал  шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдеріне,  білім  саласы

мамандарына, осы саланы зерттеушілерге, студенттерге арналған.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013


3

Алғысөз

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру жүйесінен

тыс өтпейтіні  белгілі. Білім  беру  саласындағы басты  мақсат – еліміздің

әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге

қабілетті  жеке  тұлға  дайындау,  олай  болса, шағын  жинақты  мектептердің

ұстанымы да осыған келіп  саяды. Бұл  мақсатты  орындауда  шағын  жинақты

мектептердегі оқыту  жүйесін дамыту,  соның ішінде оқу-әдістемелік база құру:

арнайы  бағдарламалар,  оқулықтар,

әдістемелік

құралдар


әзірлеу

өзекті


мәселелерді шешу қажет.

Шағын  жинақты  мектептердің  өзіндік  ерекшелігі  мұғалім  бір  мезгілде  екі,

үш,  кейде  төрт  сыныптың оқушыларымен қатар  жұмыс  істейді.  Бұл  ерекшелік

оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды.

Бірнеше  сыныппен қатар  жұмыс  істеу  оқу-тәрбие  жұмысына  айтарлықтай

қиындық туғызады.  Шағын  жинақты  мектептердің  әлі  күнге  дейін  ШЖМ

ерекшелігін  ескере  отырып әзірлеген қажетті  оқу-әдістемелік құралдармен

қамтамасыз  етілмеуі,  мұғалімдердің барлығы  дерлік  мұндай  мектептерде

жұмыс  істеуге  арнайы  дайындығы  жоқ екендігі,  оқу-материалдық базаның

әлсіздігі де жағдайды күрделендіре түсуде. Сонымен қатар оқу бағдарламалары

барлық типтегі  мектептер  оқушыларының білім,  білік,  дағдыларына  бірдей

талап


қоятындықтан, 

шағын  жинақты 

мектептердің

білім 


сапасына,

оқушылардың білім, білік, дағдылары мен олардың жалпы дамуына кері әсерін

тигізуде. Қолданыстағы  оқулықтар  мен  дидактикалық материалдар  шағын

жинақты мектептердің оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігін ескермейді және

қажетті  білім,  білік,  дағдыларын қалыптастыруға  көмектесетін  оқушылардың

өзіндік  жұмыстарын  жүргізуге  бағытталмаған.  ШЖМ

үшін

әдістемелік



құралдар әзірлеу  ШЖМ  жағдайында  оқу-тәрбие  жұмысының тиімділігін

арттыратыны сөзсіз.

Шағын  жинақты  мектептерде  оқытуды    тиімді ұйымдастыруда  сабақтың

мынадай  түрлері  бар:  атап  айтсақ, бірпәндік  және  біртақырыптық оқытуға

негізделген  сабақтар. Шағын  жинақты  мектепте  оқу үдерісінің тиімділігін

арттыруда біртақырыптық сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор. Біріктірілген

сыныптарда біртақырыптық оқытудың мақсат-міндеттері төмендегідей:

бірнеше  сыныптағы  мазмұны ұқсас  тақырыптарды  кіріктіру  арқылы

жүйелі білім беру;

сабақты  тиімді әдіс-тәсілдер  негізінде ұйымдастыру  арқылы  мұғалім

қызметін оңтайландыру және уақытын үнемдеу;

әртүрлі жастағы оқушылардың мазмұны ұқсас материалды біріге отырып

меңгеруіне жағдай туғызу.

Біртақырыптық сабақтардың тиімділігі мынада:

оқушылар

әртүрлі


сыныпта  оқығанымен,  олардың

назарын  бір

тақырыптың мазмұнына аударуға мүмкіндік жасалады;


4

жоғары сынып оқушыларының өткен сыныптағы білімдерін жаңғыртуға

және жетілдіруге, ал төменгі сынып оқушыларын осы тақырып төңірегінде оза

оқытуға мүмкіндік туады;

мұғалім бір мезгілде әртүрлі жастағы балалармен бір бағыттағы сабақты

ұйымдастыру  арқылы  оқушылардың бір-біріне  көмектесіп, ұжымдық  қарым-

қатынасқа түсуіне жағдай жасайды, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа

баулиды;


оқушылардың бірін-бірі  тексеруі  және  бағалауы  жүзеге  асады, үлкен

сынып  оқушысы  төменгі  сыныптың жұмысын  тексеріп  бағалау  арқылы өз

білімінің сапасын анықтай алады.

Осыған  орай,  бұл үлгідегі  мектептер,  мүмкіндігінше,  бірнеше  сыныптың

оқу  материалын  біртақырыптық жүйеге  ыңғайластыруы  және  соған  сәйкес

оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау керек.



5

1

Біріктірілген 

сыныптардағы 

біртақырыптық

сабақтардың

ерекшеліктері

Шағын  жинақты  мектептің

оқу

үдерісін


ұйымдастыруда  бірқатар

қиындықтар  кездесетіні  жасырын  емес. Өйткені  бұл үлгідегі  мектепте мұғалім

бір  мезгілде  екі  сыныппен қатар  жұмыс  істейтіндіктен,  сабақтың  өзіндік

ерекшелігі болады.  Осы  ерекшелікке  байланысты оқу үдерісі  бір  мезгілде  екі

сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Сондықтан екі, үш сыныптың бір мезгілде

қатар оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де психологиялық және әдістемелік

тұрғыдан қолайсыздық туғызады.

Шағын  жинақты  мектептердегі  оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі

төмендегі жағдайларға байланысты:

сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;

сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;

тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды оқыту

үдерiсінде дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану;

сабақтың белгiленген  мақсатқа  сай  неғұрлым  тиiмдi құрылуынын

анықтау;

оқу-тәрбие  жұмысының сабақ үстіндегі және  сабақтан  тыс  түрлерiн

дұрыс үйлестiру;

оқушылардың  өзiндiк  жұмысы  мен мұғалім басшылығымен  атқаратын

жұмысының ұтымды алмастырылуы;

оқушылардың бойында  бiлiм  алу  және өздiгiнен  оқып  бiлу  дағдыларын

қалыптастыруға баса назар аудару;

оқушылардың бiлiмі  мен  тәрбиелілік  деңгейлерi  дамуының  ғылыми

диагностикасы;

оқушылардың бiлiм,  бiлiктерiн  iзгiлiктi  педагогикалық  ұстанымдарға

негiзделген жүйелi бақылау.

Екі, үш  сыныппен  жүргізілетін  сабақ сапалы  болуы үшін  сабақ кестесінде

пәндерді қалай болса солай қоса салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді

жүргізгеннен гөрі сабақты бір пән бойынша өткізген жеңіл болатынын тәжірибе

көрсетіп  отыр. Өйткені  пәндерді  біріктіріп  жүргізгенде,  мұғалім  білімнің бір

саласынан  екінші  бір  саласына  көшпей,  оның назары  бір  пәнге  бағытталады.

Бірпәндік  оқыту  жүйесі  іс  жүзінде біртақырыптық сабақтар жүргізуге

мүмкіндік

беретінін  атап

өткен  жөн.

Қазіргі

шағын  жинақты  мектеп



тәжірибесінде мұндай сабақтарды ұйымдастырудың тиімділігі арта түсуде.

Осыған  орай,    шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдері  оқыту үдерісін

мүмкіндігінше біртақырыптық жүйеде құрастырғаны дұрыс. Өйткені белгілі бір

ортақ тақырып  бойынша  барлық сыныпқа  бірдей  бір  мезгілде  түсіндірген

мұғалімге  де,  оқушыларға  да  тиімді. Біртақырыптық сабақтар  дегеніміз – бір

пән  ішіндегі  мазмұны ұқсас  тақырыптарды  екі  сыныпта қатарынан  оқыту.

Біртақырыптық

сабақтарды

ұйымдастырудың

бірқатар 

артықшылығы

қарастырылды.



6

Біріншіден,  шағын  жинақты  мектеп  төменгі  сынып  оқушыларының оқуға

деген ықыласын табысты дамытуға жағдай жасайды.

Екіншіден,  біртақырыптық сабақтарды өткізгенде,  оқушылардың оқу

әрекетін  табысты  жоспарлау  білігі,  бір-бірін  тексеру  немесе өзін-өзі  бақылау

кезінде  жұмыстың барысын  бақылау,  яғни  оқушыны өзіндік  жұмыстарға

даярлығын анықтайтын біліктер қалыптасады.

Үшіншіден,  біртақырыптық

сабақтар  оқушының

сөйлеу  мәдениетін

қалыптастырады,  жолдастарының

жауаптарын  тыңдау,  диалог  жүргізу

мәдениетіне үйретеді,  сөйлеу қабілеттерін  дамытады.  Осыған  байланысты

сөйлеу қарым-қатынасының аясы  кеңейеді,  бұл, әсіресе,  шағын  жинақты

мектептер жағдайында өте маңызды.

Төртіншіден, біртақырыптық сабақтар практикалық және оқу әрекеттерінде

ұжымда жұмыс істей білуге, басқа оқушылардың пікіріне құрметпен қарауға, өз

пікірін  дәлелдеуге  мүмкіндік  береді. Әрбір  сыныппен  тақырып  бойынша

жүргізілетін сабақтар оқу материалы мазмұнының күрделілігімен анықталады.

Әрине,  біртақырыптық

сабақтарды

әзірлеу  және

өткізу  мұғалімнен

педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл жерде, бір жағынан, оқу материалын

жоспарлау  жұмысы  тұрса,  екінші  жағынан,  сабақ  құрылымын  жетілдіру  және

оны ұйымдастыру  жұмысы  тұрады. Оқушылардың белсенділігі,  ең бірінші

кезекте, сабақ кезеңдерінің реттілігін қатаң сақтауынан емес, сабақты тақырып

бойынша  жоспарлап,  оны әрбір  сабаққа  сәйкес  мақсаты  нақты  анықталған

жағдайда көрінеді.

Біртақырыптық сабақтарды жоспарлау  оқу  бағдарламасының белгілі  бір

тақырыбы  немесе  тарауы  бойынша өтілетін  сабақтар  мен  сабақтан  тыс  оқу

жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін

іске  асыруының  қолайлы  жолдарын  анықтау үшін қажет.  Бұл  жүйеге  негізгі

дидактикалық мақсатына  байланысты  сабақтың  әр  алуан  тұрпаты және

түрлерімен қоса, оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс жұмыстарының

басқа  түрлері  де  кіреді.  Шағын  жинақты  мектепте

біртақырыптық

жоспарлаудың ойдағыдай  іске  асырылуы, көбінесе, мұғалімнің оқушылар  нені

білуі  керек,

қалай  оқыту  керек,  т.б.  мәселелерді

қаншалықты  терең

ойластырғанына байланысты. Сондықтан мұғалім біртақырыптық жоспарлауды

пәннің оқу  бағдарламасымен,  білім  беру  стандартымен  мұқият  танысудан,

пәнді  оқыту  кезіндегі  және  берілген  тақырып  бойынша  дидактикалық

міндеттерді шешудегі негізгі тәрбиелік мақсаттарды және оқушыларды дамыту

мақсаттарын анықтаудан бастауы қажет.

Осы  мақсатқа  сай  5-9-сыныптарға  арналған «Қазақ  әдебиеті»  пәнінің оқу

бағдарламаларында 

білім 

мазмұнындағы 



тақырыптар

әрбір 


сыныпта

қайталанып  келеді,  бірақ  әртүрлі  деңгейде.  Осы  тұрғыдан  алғанда, әдебиетті

оқытуда  мазмұны ұқсас  тақырыптарды кіріктіріп  оқытудың мүмкіндігі  мол.  5-

сыныптан  9-сыныпқа  дейінгі «Қазақ  әдебиеті» фольклордан  басталып,  18-19

ғасырларды қамти келе, қазіргі әдебиетпен жалғасады. Әдебиеттің тақырыптық

сипаты  біріктірілген  сыныптарда құрылымды  ортақ етуге  ықпал  жасайды,

төменгі  сынып  оқушысы  мен  жоғары  сынып  оқушысы  талдайтын  шығарманы


7

ортақ ету,  деңгейлік тапсырмалармен  жоғары  сыныпқа  толықтырылады.  Бұл

төменгі  сынып үшін үйренуге  көмек  болса,  жоғары  сынып үшін  тереңдете

іздену  тәсілдерін қолданудың мәні  зор. Шағын  жинақты  мектептің  6,  8-сынып

оқушыларының жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  1-тоқсанда өткізілетін

«Қазақ  әдебиеті»  пәнінен  мазмұны ұқсас  тақырыптарды  кіріктіре  оқытуға

арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың үлгісін ұсынамыз (1-кесте).

Біртақырыптық сабақты  жоспарлау – бұл  мұғалімнің сабаққа  тиянақты

дайындығының көрінісі,  яғни  сабақты  жоспарлау,  тақырыптық жоспарлауды

әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты

анықталғаннан  кейін  сабақтың жоспары  мен қысқаша  мазмұнын  терең

ойластыру  мен құрастыру.  Сабақ жоспары  мұғалімнің жұмыс  тәжірибесіне,

кәсіби  біліктілігіне,  педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір

мұғалім үшін қажет.  Сабақтың жоспары  тақырыптық жоспар,  бағдарлама

мазмұны негізінде мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейіне

қарай құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын

дайындауда  екі өзара  байланысты  бөліктер  бар:  сабақ мақсатын,  оның  әрбір

қадамын  терең ойластыру қажет. Әдістемелік құралдың соңында пән  ішіндегі

мазмұны ұқсас тақырыптарды оқытуға арналған сабақ үлгілері ұсынылған.

Біріктірілген  сыныптардағы  біртақырыптық сабақты  жоспарлауға қажетті

ұстанымдар:

1. Әртүрлі  жастағы  оқушыларды  оқыту  міндеттері,  мазмұны  мен  оқыту

құралдарының кірігуі мен саралануы. Әр сынып оқушыларында түрлі деңгейде

меңгерілетін сұрақтар, құбылыстар мен түсініктер туралы ортақ ұғым болуы.

2. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру – бірқатар  педагогикалық

қызметтерді  жоғары  сынып  оқушысының атқаруы  (бақылау,  жаңа  материалды

түсіндіру, қиындықтарды  жеңуде  төменгі  сынып  оқушыларына  көмектесу).

Дайындық жұмыстары:  ақыл-кеңесшілерді  іріктеу,  ақыл-кеңес  беру,  олардың

әрекетінің маңыздылығын  көрсету,  атқаратын қызметтерді  бөлу,  сабаққа  және

сабақ үстіндегі дайындық кезеңінде тапсырмалар беру.

3. Өзара  оқыту. Өзара  бір-бірін  оқыту  процесінде  оқу әрекеттері  және

қарым-қатынасы арқылы білім, білік, дағдыларын меңгеру негізі. Оқыту кезінде

мұғалім  рөлін атқара  отырып,  оқушы  ақпаратты  беріп қана қоймайды, қарым-

қатынас жасауда өз білімін өзектендіреді.

4. Өзара әрекет  ету  еркіндігі.  Оқушылардың ортақ  әрекеті  мен қарым-

қатынасын ұйымдастыру  сыныптағы  барлық оқушыларға  жағымды қарым-

қатынас жасау қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

5. Әртүрлі  жастағы  оқушылардың  өзара әрекетін  реттеу. Әртүрлі  жастағы

оқушылардың ортақ  әрекетінің мазмұны  мен  формалары,  сондай-ақ олардың

бірге  жұмыс  істеуіне  ынталандыратын  тәсілдер  мен құралдардың таңдалуы.

Әрқайсысына  ортақ мақсатты меңгеруге  және  одан  жеке өзіне  мән  іздеуге

көмектесуі;  ортақ нәтижеге  жету  және  тұлғаның жеке  жетістіктерін  дамыту

үшін әрекеттердің маңыздылығын қарастыруы;  оқу үстіндегі  және  оқудан  тыс

әрекеттеріндегі  оқушылардың  өзара әрекетінің тәжірибесін  ескере  отырып,

жоғары және төменгі сынып оқушыларының өзара әрекетінің түрлі әдістері мен


8

формаларын қолдануы. Әрекеттің мазмұнын,  сабақтың  әр  кезеңіндегі  жоғары

және төменгі сынып оқушыларының рөлін, қызметін нақты анықтауы.

Біріктірілген  сыныптарда  сабақты  жоспарлауда  төмендегі  жайттарды

ескеру қажет:

артық жүктемеден қашу  (оқу  еңбегіне  уақытты қысқарту  есебінен,  ең

алдымен, оқу материалының мазмұны мен көлемін қатаң іріктеуден);

бастауыш  мектеп  сабақтарында  кемінде  2-3  рет үзілістер  (жаттығулар)

жасау;

оқушылардың өзіндік жұмысын міндетті түрде қосу;



оқушылардың  өзіндік  жұмысының көлемі  мұғалімнің басқа  сынып

оқушыларымен орындалатын жұмысына тәуелділігін;

шағын  жинақты  мектептегі  сабақ екі  бөліктің алма-кезек  ауысып

отыруынан

құрылатынын:  мұғалімнің

басқаруымен  және  оқушылардың

өздігінен орындайтын жұмыстары;

оқушылардың жұмысын кезектесіп орындалуы мұғалімнің басқаруымен

жүргізу қажеттілігі,

оқушылардың  өзіндік  жұмысына  арналған үлестіру  материалдарының

кез келген түрін қолдану.

Әртүрлі  жастағы  оқушылардың

ортақ  әрекетін

ұйымдастыру  және

ынталандыру тәсілдері:

ортақ мәселелер  мен  міндеттерді  барлығына  бірдей  түсінікті  және

қызықты етіп қою;

ізденімдік тапсырмалар қолдану, іздендіру жағдаятын құру;

шығармашылық тапсырмалар орындату;

орындалған  тапсырмалардың

нәтижелерін  бірге  талқылау,  ойын

элементтерін қолдану, сайыстар өткізу.

Біріктірілген  сыныптарда

біртақырыптық

сабақтарды

ұйымдастыру

мазмұны ұқсас  тақырыптарды  пәнішілік  және  пәнаралық кіріктіре  оқыту

арқылы  жүзеге  асырылады.  Мазмұны ұқсас  тақырыптарды  пәнішілік кіріктіре

оқытуда  жаңа  тақырыптар  екі  сыныпқа  ортақ түсіндіріледі  де,  жаңа  оқу

материалын  бекіту  барысында  жаттығулары  дараланып, өзіндік  жұмыстар  мен

деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Ал  пәнаралық кіріктіре  оқытуда білім  мазмұнының жүйелілігін  сақтай

отырып, бір  сыныпта  бірнеше  пән  бойынша мазмұны ұқсас  тақырыптарды

кіріктіре оқыту  жүзеге  асырылады.  Мұнда  екі пәндегі  жаңа  тақырып (мысалы,

биология  және  химия,  т.б.  пәндерді кіріктіре оқытуда) мазмұны ұқсас

болғандықтан сыныпқа ортақ түсіндіріліп, оқушылардың  әр  пән  ерекшклігіне

сәйкес өзіндік жұмыстармен ұштастырылады.

Кіріктіру – тығыз байланысқан бір бүтінді жасаудың нәтижесі. Оқытуда бұл

түрлі  пәндердің элементтерін  (тақырып,  бөлім), ғылыми  түсініктерін  және

таным әдістерін  біріктіру  пәнаралық байланысты  шешу  арқылы  жүзеге  асады.

Әдебиеттерде,  мысалы,  бастауыш  сыныптағы  табиғаттану,  жоғары  сыныптағы

жаратылыстану  пәндерімен  келтірілген.  Соңғысы биология,  химия,  физикамен



9

біріктірілген.  Олар  осы  пәндердің  үйлестірілген  мазмұнына  сәйкес  бір  пәнде

логикалық құрылымымен беріледі.

Үйлестіру – өтілетін ұғымдар  мен құбылыстар  және  олардың оқу

танымдылығы  мен  уақыттары  ортақ туыстас  пәндердің оқу  бағдарламаларын

ыңғайластыру (пәнаралық байланыстың тар мағынасы).

Оқытудағы  осы бірлікті  жүзеге  асыру – оқушының дүниетанымын

қалыптастыруға  бағытталған  кешенді  бағыттың педагогикалық шарттарының

бірі.  Кешендік  бағыт  және  оқытудың тәрбиелік  міндеті  жайлы ұстаным

пәнаралық байланыстың тәрбиелік рөлін күшейтеді. Бұл, әсіресе, гуманитарлық

пәндер төңірегінде айқын көрінеді.

Қорыта  келгенде,  мұғалім  жұмысының табысты  болуы  оқушылардың

жалпы  дайындығына,  олардың жас ерекшелігіне,  сабаққа  керекті құрал-

жабдықтардың, оқу материалының ерекшелігіне, оқушылардың оқу-танымдық,

әрекетін ұйымдастыра  алуына, оқу  жұмысында проблемалық сұрақтарды қоя

білуіне, сондай-ақ мұғалімнің басшылығымен орындалатын және оқушылардың

өздігінен орындайтын жұмыстарының арақатынасына тікелей байланысты.



Біріктірілген 

сыныптардағы 

біртақырыптық

сабақтардың

құрылымы

Біріктірілген  сыныптарда  сабақ  ұйымдастыруда деңгейлеп-саралап  оқыту,

оқушылардың 

өзіндік 


жұмысын

ұйымдастыру,

дамыта 

оқыту,


ынтымақтастықта 

оқыту,


ақпараттық-коммуникациялық

технологиялар

негізінде, оқыту  технологиялары қолданылады. Біртақырыптық сабақтар,

негізінен, дамыта оқыту технологиясы арқылы жүзеге асырылады.

Дамыта  оқытудың тиімділігі – мұғалім  мен  оқушы  арасында  тең  қарым-

қатынас  орнайды. Өйткені,  дамыта  оқытуда  мұғалім  дайын  білімді  түсіндіріп

беруші, 

бақылаушы, 

бағалаушы

ғана 


емес, 

танымдық


іс-әрекетті

ұйымдастырушы ретінде  көрінеді.  Бұлай  оқыту  бала  интеллектісінің көзін

ашып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Дамыта оқытудың басты ұстанымдары төмендегідей [1]:

сабақтың құрылымын проблемалық сабақ ретінде құру ұстанымы;

оқушылардың ойлау қызметін белсендіруде  көрнекі-нақты, практикалық,

көрнекі-бейнелі, 

дерексіз, 

абстрактілік, 

теориялық

сияқты 

түрлі 


ой

операциялары мен амалдарын қолдана отырып, сапалы түрде теориялық ойлау

қабілеттерін дамыту ұстанымы;

пәнді оқытуда жеке және саралай оқыту талаптарын ескеру ұстанымы;

оқушылардың тілдік құбылысты  оқып-меңгеруіндегі  ой қызметінің

қадамдық, сатылық, алгоритмдік, эвристикалық, проблемалық, шығармашылық

қызмет түрлерін қалыптастыру ұстанымы;

оқытудың тарихилылығы ұстанымы;

оқытудың ғылымилылығы мен жүйелілігі ұстанымы.

Осы ұстанымдар  негізінде  пәнді  дамыта  оқыту әдіс-тәсілдері  және



10

оқытудың негізгі формалары, сабақ пен сабақтан тыс жұмыстардың құрылымы,

оқушылардың ізденімдік қабілетін  дамытуға  арналған  басқа  да  жұмыс  түрлері

анықталады.

Шағын  жинақты  мектептің біріктірілген  сыныптарындағы  дамыта  оқыту

технологиясы 

негізінде

ұйымдастырылатын 

біртақырыптық

сабақтың


құрылымы, негізінен, 3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады. Енді сол құрылымның әр

бөлігіне жеке тоқталайық (1-кесте).

1-кесте – Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтың құрылымы

І Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау – мотивациялық кезең

Бұл  кезеңде  мұғалім  екі  сыныпқа қатар үй  тапсырмасын  тексеру  және  жаңа

сабақты түсіндіру мақсатында оқушылардың қызығушылығын, арттыратындай,

екі  сыныптың

оқушыларына  ортақ

тапсырма  орындатады  және  жаңа

тақырыптың міндеттері айтылып, түсіндіріледі.

Мұғалім  тарапынан  оқушылардың білімін  теңдестіру  мақсатында өткен

тақырып  пен  жаңа  тақырыпты  байланыстыратындай  проблемалық жағдаяттар

тудырып, 

сұрақтар 

мен 


тапсырмалар 

беріледі. 

Оқушылар 

берілген


тапсырмаларды  орындау  арқылы  ойтүйін  жасап,  жаңа  сабаққа  байланысты

өзіндік пікірін айтуға және оны дәлелдеуге үйренеді.



ІІ Сараланған бөлім

Операциялық-орындаушылық кезең

Бұл  кезеңде  оқушылардың  өзіндік  жұмыстарын ұйымдастыруға  аса  көңіл

бөлінеді. Өйткені  шағын  жинақты  мектептің біріктірілген  сыныптарында

оқушылардың  өзіндік  жұмысын ұйымдастыру, сабақтың негізгі  бөлігі  болып

табылады.  Сондықтан  бұл  кезеңде  тапсырмалар әр  сыныптағы  оқушыға  жеке

беріліп, олардың өзіндік жұмыс жасауына бағытталады.

Оқушының 

өздігінен 

орындайтын

жұмыстары

Мұғалім  басшылығымен  орындалатын

тапсырмалар



ІІІ Кіріктірілген бөлім

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Бұл  кезеңде  екі  сыныпқа  да  тақырыпты  бекітуге  бағытталған  ортақ

тапсырмалар беріледі.  Бұл  рефлексиялық ойын,  түрлі  жаттығулар  және  тест

тапсырмаларынан  тұрады. Әр  тапсырманың жауабы  тексеріліп,  жинаған ұпай

санына байланысты оқушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасалады

Шағын  жинақты  мектепте оқушылардың жас  ерекшеліктері, олардың

сабаққа  даярлығы  сабақ  құрылымына әсерін  тигізбей қоймайды.  Осы  орайда

біріктірілген  сыныптарда  оқу үрдісін ұйымдастыруда  «сабақтың  құрылымы

қандай болу керек?» деген сұрақ туындайды.

Сабақ  құрылымында  барлық

сыныптарға  ортақ

кезеңде


мұғалімнің

басқаруымен  орындалатын  жұмыс басты орын  алады.  Сабақтың басындағы



11

ортақ кезеңде ұйымдастырушылық жұмыстар атқарылады: жұмысқа дайындау,

жұмыс  жоспарын,  сабақтың мақсатын хабарлау,  алдыңғы  сабақта өткен

материалды қайталау.  Оқу  пәндерін  біртақырыптық жоспарлауда  ауызша

есептеу,  сөздік  диктанттары,  ережелерді

қайталау,  т.б.  жұмыстарды

ұйымдастыруға болады. Сабақтың ортасындағы ортақ кезеңде бастауыш мектеп

оқушыларына үзіліс  (жаттығулар)  жасатуға  болады.  Оқу  жоспарында  ауызша

жылдам  сұрақ-жауап  немесе  рөлдік  ойындар ұйымдастыруға  мүмкіндік  жасау

қажет.  Сабақтың соңындағы  ортақ кезеңде  нәтижелерді

қорытындылау

жұмыстары  жүргізіледі:  сабақ жоспарының орындалуын  талдау,  жұмысты

ауызша бағалау, үй тапсырмасын түсіндіру.

Мұғалім,  алдымен,  екі  сыныпқа  ортақ  ұйымдастырушылық жұмыстарды

атқарған  соң, жаңа  материалды  түсіндіреді.  Содан  соң бір  сыныптың

оқушыларымен  жұмыс  жасау үшін екінші  сыныптың оқушыларына  пайдалы

жұмыс  беріп,  оны өз  бетінше  орындауға  тапсырма  береді.  Бір  сыныптың

оқушылары  оқу  тапсырмаларын өз  беттерінше  орындау  барысында  мұғалім

өткен тақырыпты сұрап,  жаңа  материалды пысықтау  жұмыстарын  жүргізеді,

сондай-ақ екінші  сынып  оқушыларына өздік  жұмыстары

үшін  кезекті

тапсырмаларды  түсіндіреді.  Осыған  байланысты  мұндай, сабақтардың бірінші

ерекшелігі:  оқушылардың  өздік  жұмысы қалыпты  оқу әрекетінің шартына

айналады  және  шағын  жинақты  мектептің

біріктірілген  сыныптарында

сабақтың міндетті  компоненті  болып  табылады.  Осыдан  сабақтың екінші

ерекшелігі  шығады:  жұмысты  мұғалімнің тікелей  басшылығымен  кезектесе

орындауы,  мұғаліммен  жұмыс  және  мұғалімнің тапсырмасын  орындау немесе

өз  таңдауы  бойынша өздік  жұмысы. Үшінші  ерекшелігі:  жұмысты  орындауға

кететін өздік жұмысы мен уақыт көлемінің мұғалімнің басқа сыныппен жұмыс

уақыты  көлеміне  тәуелділігі.  Сабақ  құрылымы  екі компоненттің кезектесуінен

көрінеді:  МЖ – мұғаліммен  жұмыс  және ӨЖ – оқушылардың  өзіндік  жұмысы

(МЖ-ӨЖ-МЖ-ӨЖ).  Сабақ кезеңдерінің кезектесе  келуі  көптеген  талаптарға

байланысты:  кестенің сипатына  (әр  пәнді  және  бірпәндік  сабақ), оқу

материалының мазмұнына, оқушылардың  өздік  жұмыс  жасау  білігіне,  сондай-

ақ оқушылардың мүмкіндіктеріне.  Шағын  жинақты  мектептегі  сабақ мұғалімі

ұстанымы

тұрғысынан

нақты 


бір 

сыныпқа


2-3,  кей жағдай 4 сыныпқа  дейін біріктіріледі.  45  минут  бойы  мұғалім  бір

сабақтан  екіншісіне,  не  болмаса үшіншісіне  көшеді – осылайша  бірнеше  рет

жалғасады.  Оқушы тұрғысынан да  сабақ  әдеттегі  сабақтан  ерекшеленеді:

үзілмелілігімен,  назарды  бір  тақырыптың мазмұнына  аударуымен.  Бала үшін

бұл өте қиын,  дегенмен  шағын  жинақты  мектеп осы  міндетті  жүзеге асырып

келеді.


Шағын 

жинақты 


мектеп 

оқушылары

назарды 

тақырыпқа

шоғырландыруымен, өзіндік жұмыс істеу білігімен ерекшеленеді.

Сабақтың жалпы құрылымы мынадай болуы мүмкін:



1-нұсқа:

1-кезең. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.

2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.

3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.



12

4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).



2-нұсқа:

1-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.

2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.

3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.

4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).

Жоғарыдағы  сабақ  құрылымының сызбасында  мұғалімнің басшылығымен

орындалатын жұмыс  барлық сыныпқа  ортақ. Сабақтың бастапқы  кезеңі

ұйымдастырушылық кезеңнен  тұрады: сабаққа  көңіл  аудару,  тапсырмалар  алу,

сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау, алдыңғы өткен тақырыпты қайталау

(терминдер  мен  сөз  тіркестерін  айтып  түсіндіру,  яғни  оқу  пәндерінің

лексикасын  меңгеру).  Кейде  жалпы  оқу  және  интеллектуалдық біліктерді

қалыптастыру  бойынша  түсіндірмелер беру, жаттығулар мен  тапсырмаларды

орындау: жоспарлау, нақты дереккөздерден алу.

Оқу  пәндерінің бірпәндік үйлесуі  кезінде: әдебиеттік  оқу – әдебиеттік  оқу,

орыс  тілі – орыс  тілі,  математика – математика,  дүниетану – табиғаттану

(бастауыш  сыныптарда);    жұмыстың ортақ кезеңінде  жоғарыда  аталғандарға

қосымша: ауызша санау; сөздік диктанты; ескерту және түсіндіру диктанттары,

талдаудың түрлері;  есептер құру  жүргізіледі;  технология,  еңбекке  баулу

сабақтарында – қауіпсіздік техникасы және қандай болмасын еңбек әрекеттерін

орындау тәсілдері көрсетіледі.

Сабақтың жалпы  кезеңінде  оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда

мұғалім әдістемелік қағиданы қатаң сақтауы  тиіс, әдістеме  бойынша  барлық

сыныпқа сұрақтар мен тапсырмалар беріледі, оларға төменгі сынып оқушылары

жауап береді.

Бір сыныптың оқушыларымен әңгімелескенде,  мұғалім  екінші  сыныптың

оқушыларына  олардың

жауаптарын  толықтыруға,  мысалдар  келтіруге

мүмкіндік  береді.  Нәтижесінде,  жоғарыда  айтылғандай,  төменгі  сынып

оқушыларында өзіндік  пікір қалыптасады,  жоғары  сынып  оқушыларының

жауаптары, әрине, төменгі сынып оқушыларының дамуын ынталандырады.

Жоғары  сынып  оқушыларының білімі  жан-жақты,  толығырақ, сондықтан

өзіне  деген  сенімі  де  жоғары.  Сабақтың ортасындағы  жалпы  кезеңде  денені

босаңсытуға  арналған  жаттығулар қосуға  болады  (барлығына  ортақ дене

шынықтыру жаттығулары).

Сыныптарға  ортақ сұрақ-жауап,  ертегілер  бойынша  ойын,  сахналық

қойылымдар

ұйымдастыруға 

болады. 


Сабақтың

соңында


сабақты


қорытындылау, 

сабақ


жоспарының

орындалу-орындалмауын 

талдау,

оқушыларды  бағалау, үйге  берілетін  тапсырманы  түсіндіру  секілді  жұмыстар



жүргізіледі.

Осыған байланысты туындайтын қиындықтар мен мәселелерге қарамастан,

қазіргі  педагогикада үздік әдістерді қолданып,  бағдарлама  материалын сапалы

өтуде біртақырыптық сабақтардың маңызы зор.



13


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет