Шахмат ойыны



Дата21.12.2023
өлшемі28,5 Kb.
#142045

Шахмат ойыны
Шахмат ойыны – бұл ерте заманнан келе жатқан көп ғасырлық тарихы бар интелектуалдық ойын түрі. Қазіргі таңда көпке танымал үстел ойыны түрлерінің бірі саналады. Бұл керемет шахмат ойының - ғылым, спорт, өнер түрлеріне жатқызуға болады. Шахмат ойыны бізді өмірде үлкен мынадай тәрбиелік жолдарға үйретеді: тұлға болуға, логикалық ойлауға, алға қойған мақсатымыздың орындалуына, жасап жатқан ісімізді терең жоспарлауға, сонымен қатар шыдамдылық пен зейін қоюды дамытуға үйретеді. Шахмат ойының ойнау барысында адами тұлғаның көптеген ерекшеліктері ашыла бастайды, сондықтанда бұл саланы педагогика мен психология ғылымының моделін зерттеу барысында да қолданып жатады.
Бұл ойын түрінің әр елде өзінің атаулары бар: Англияда – чесс (chess), Испанияда – ахедрес (el axedres), Германияда – шах (Schach), Францияда – эшек (echecs). Шахмат сөзінің мағынасы парсы тілінен алғанда «шах мат» – патша өлді деген мағына береді.
Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойынның басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты: қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.
Ойын басталғанда король қанатындағы ат пен пілді тез жылжыта отырып, қысқа рокировка жасаған жөн, ол корольдің қауіпсіз жерге орналасуын және тұраның (ладья) ойынға тез шығуын қамтамасыз етеді.
Ұтылып қалам-ау деп жүрексініп, ойындағы белгілеген жүрістен ешқашанда бас тартпау керек. Егер сол жүрісті мығым жүріс деп шешімге келген жағдайда қалайда жүру керек. Дебютте пешкалармен а3, а7, һ7 сияқты дәрменсіз жүрістер жасамаған дұрыс. Әрбір жүріс өзінің қимылына қарай фигураны мақсатпен жылжытатын немесе линия ашатын (тігінен, көлденеңінен және диагональ) жүріс болуы тиіс.
Ойын барысында амалсыз жағдайда болмаса, бір фигурамен мақсатсыз бірнеше жүріс жасауға болмайды. Ол позицияның дамуына кедергі келтіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет