Шақыру / хабарлама



бет2/3
Дата22.12.2023
өлшемі181,65 Kb.
#142769
1   2   3
Байланысты:
SHakyru

Татуластырушы судья Ә.Б. Теберікова

Құрметті талап қоюшы/жауапкер!

Сіз дауыңызды сот қана шешеді деп ойлайсыз.


Соттасу ұзақ уақыт алады әрі қымбат. Оны білгеніңіз жөн.
Сот Сіздің пайдаңызға шеше ме, жоқ па, оны ешкім білмейді.
Сіз ‑ «менікі дұрыс» дейсіз.
Қарсыласыңыз да тап солай ойлайды.
Сіздің жеңетініңізге ешкім кепілдік бере алмайды.
Егер қаласаңыз, жүйкеңізді тоздырмай, уақытыңызды да, ақшаңызды да үнемдеудің бір тиімді жолы бар.
Әлемде Сіздікіндей даулар аз емес. Бірақ, басым көпшілігі Сіз сияқты сотқа жүгіне бермейді. Неге?
Өйткені, ұзаққа созылған тартыстан ортақ келісім әлдеқайда ұтымды деп санайды.
Бұл ‑ бүгінде әлемдік тренд.
Дамыған елдерде даулардың 95% дейіні татуласумен бітеді.
Сот процесінде адамдар бір-бірімен айтысуға мәжбүр.
Ондай кезде эмоцияға, тіпті ашу-ызаға берілуі мүмкін.
Әсіресе ерлі-зайыптылардың, туған-туыстардың, достардың немесе кеше араласып жүрген адамдардың соттасқаны жанға батады.
Әріптестер, бизнес-серіктестер немесе көршілер соттасып жатса, тіпті қиын.
Бұл ойланатын жағдай емес пе?
Татуласудың, бітімге, бір мәмілеге келудің пайдасы көп.
Нақты айтқанда:

  • сотқа біраз құжаттарды дайындау қажет болмайды;

  • мемлекеттік баж төлемейсіз (талап сомасынан 1%, 3%);

  • жолға, қонақүйге шығынданбайсыз;

  • сотқа сабылмайсыз;

  • заңгерге, адвокатқа, өкілге қаражат жұмсамайсыз;

  • сот актілерімен келіспегенде, шағымданып жүрмейсіз;

  • істің соттарда қаралуын сарыла күтпейсіз.

Сотта жеңілген және шешімді орындамаған жағдайда:

  • сот орындаушысына ұтылған соманың 25%-на дейін төлейсіз;

  • мүлкіңізге тыйым салынады, оны алып қояды, пайдалануға рұқсат берілмейді;

  • құқықтарыңыз шектеледі, тіпті елден шыға алмай қаласыз;

  • орындамағаныңыз үшін жауапқа тартыласыз және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет