Жапырақ тәріздес бөлігі, «А» беті мәтіні. Қазақ тіліндегі аудармасы:
Бір Алладан басқа Құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін! Йә, Алла!
Алла!
Әбубәкір Сыдық, ̒Омар Фаруқ.
Йә, Алла! Мұхаммед Мұстапаға, Әли әл-Мұртазаға, және Хасан әл-Мүжтабаға, Кербалада шейіт болған Хусайынға, ̒Әли Зайн ал- ̒Абидинге, Мұхаммед әл-Бақырға, Жағыпар-әс Садыққа, Мұса әл-Казымға, ̒Әли әр-Ризаға, Мұхаммед әт-Тақиға, ̒Әли ән-[Нақиға], әл Жауад Хасан әл- ̒Аскариге, Мұхаммед әл-Махдиге игілік бер! Және нәбилердің соңғысы, әрі пайғамбарлардың басшысы, барлық әлемді жаратқан Алланың елшісі, Мұхаммедке игілік болсын!
Мұхаммед, ̒Әли-Алланың берген нығметі.
Жапырақ тәріздес бөлігі, «Б» беті мәтіні. Қазақ тіліндегі аудармасы:
Бір Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның жіберген елшісі. Барлық хәлде Аллаға мадақ!
Алла!
̒Осман ̒Аффан. ̒Әли әл-Мұртаза.
…Бұл әлемдегі шайхтардың басшысы, Хазрат Хақтың [Алла Тағаланың] досы, ̒Алауи [Әзірет Әліден тараған ұрпақ], Шайх Ахмет Ясауидің ханақасының туы.
32
Кесене сыртындағы жазулардың қазақша мағынасы
Ғимараттың орта бөлігіне үлкен көлемдегі өрнектелген жазулар түсірілген, жоғары жағына — эпиграфтық фриз, төменгі жағына (ірге бөлігіне) биіктігі — 1,85 м тас кенере жүргізілген. Ӏрге бөлігі қашалған тас тақталармен дәнекерленген. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құраннан алынған сөздер жазылған. Эпиграфтық фриздің жазулары терракоталық фонда құйма кірпіштермен өрнектелген. Фриздің биіктігі — 2,37 м. Жазулар көгілдір қышпен өрнектеліп, қара көк түсті кірпіш¬термен көлеңке түсірілген. Жазулардың арасынан "Алла", "Мұхаммед", "О, жарылқаушы", "Билік Аллада", "Алла менің әміршім" деген секілді, т.б. сөздерді оқуға болады. Кесененің солтүстік-шығыс бетінде Ӏлияс хан ойығының үстіндегі фриз соңында "Шираздық Қожа Хасан" деген сөз және "һиджраның 800 жылы" деп жазылған.