Шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Жүйнек қаласы туралы не білесіз?



бет10/10
Дата14.03.2023
өлшемі53,71 Kb.
#74158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Word

39


Жүйнек қаласы туралы не білесіз?





Жүйнек қала орны – Қазақстандағы көне қаланың орны, атақты ақын Ахмет Жүйнекидің туған қаласы. Түркістан ауданында, Іркемсай (Еркемсай) өзенінің жағасында орналасқан. 1970 жылы Отырар археологиялық экспедицияда (жетек. К.А. Ақышев) зерттеген. Қаланың тарихы 2 мыңжылдықты қамтиды. Оның төменгі қатпары біздің заманымыздың 1-ғасырынан мағлұмат береді. Бертінгі орта ғасыр кезеңінде бұл өңірде Жүйнек қонысы ірге тепкен, бұл қоныс жайындағы дерек 16 ғасыр жазбаларында кездеседі. Ежелгі қаланың үштен бір бөлігін су шайып кеткен. Су шайған жарлауыттан мәдени қабаттар ізі аңғарылады. Қабат ауқымы 10 – 12 метр. Судан аман қалған қала орны сопақша төбешік болып жатыр, биіктігі 10 метр. Қала қақпасы оңтүстік қорған қабырғаның орта тұсында болса керек, құлап жатқан жалдың ені 10 метр. Төбешіктің өлшемі: оңтүстік-шығыс жағы 70 метр, шығыс жағы 150 метр. Табылған керамиканың ең байырғылары – саз қамырға құм мен шамот қосып, қалыпсыз жасаған үшбұрышты, ернеуі сыртына қайырылған тостағандар, ернеуі үшкілденіп келген кең мойын құмыралар болып табылады. Құмыралар қызғылтым және қошқыл қызыл ангобпен сырланған, қызыл-қоңыр ангоб қаптырып, жылтыратылғаны да кезігеді. Ақ ангоб үстінен мөлдір бояу жалатқандары да бар. Нақыштары көгеріс өрнек ырғағында жасыл, қоңыр, қызыл және сары бояумен сырланған. Табылған заттар Қазақстанның Археология музейінде сақтаулы.








40


Иқан қаласы туралы әңгімелеңіз


Түркістан қаласынан оңт.шығысқа қарай 24 шақырым жерде, Ескі Иқан ауылының орталық бөлігінде орналасқан Х-ХҮ- ХҮІІІғғ қамтиды. Координаттары: 43˚11.332΄, 068˚31.486΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 238м. Иқан қаласы ХҮІІІғ. Тұрсын хан (1712-1717) және оның ұлы Барақтың (1749-1750) хан ордасы ретінде аты шыққан. Төбеге айналған Иқанның негізі қашан қаланғаны жөнінде нақты дерек жоқ. Хафиз Тыныш өзінің «Абдулланама» атты еңбегінде Бұхар ханы Абдулла 1582 ж. Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы жорық жасаған кезде Иқанға тоқтап өткенін жазады. ХҮІІІ ғ. өмір сүрген белгілі тарихшы П.И. Рычков «Орынбор губерниясының топографиясы» деген еңбегінде Иқанда 300-ге жуық үй болғанын және оның тұрғындары егін шаруашылығымен айналысқанын келтірген. Орта ғасырларда Иқан Түркістан өлкесінің қалалары қатарында едәуір рөл атқарған. Қазіргі сақталған төбе орыны трапециялы болып келген, биіктігі 6-7 м. Көлемі 300-225 м. Оңтүстік-шығыс бөлігінде цитадель қалдығы, сондай-ақ, құрылымы бойынша әр түрлі ғимараттардың да сұлбасы көрінеді. Қаланың жоспарына қарағанда қақпасы солтүстік-батысына орналасқан бірнеше мұнаралы болған. Сол арқылы қаланы бақылап, қорғап отырған. Қаланың көп жері жаңа құрылыстар салғанда жойылған.















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет