Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


 Жол-көлік оқиғасы мән-жайларының сараптамасы



Pdf көрінісі
бет100/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

 
15.2. Жол-көлік оқиғасы мән-жайларының сараптамасы 
Жол-көлік оқиғасының (бұдан әрі – ЖКО) мән-жайларына қатысты 
зерттелетін объектілер өз құрамына жолды, қиылысты, жазық өзге де 
жерлерді қарастырады. Аталған объектілер ЖКО, ондағы қатысушылармен 
(жүргізуші, жүргінші т.с.с.) міндетті түрде себепті байланыста болуы керек.
Жол-көлік оқиғасы мән-жайларының сараптамасы ЖКО механизіміне 
қатысты келесі түрлерге бөлінеді, олар: 

көлік құралдарының (бұдан әрі – КҚ) қақтығысу жағдайын зерттеу; 

жылжымайтын объектіні басуды зерттеу; 

жүргіншіні, велосипедшіні қағып кетуді зерттеу; 

КҚ аударылуын зерттеу; 

жолаушының КҚ-нан ұшып кетуі және өзге де ЖКО. 
Көлік 
құралдарының 
қақтығысу 
жағдайын 
зерттеу, 
жылжымайтын объектіні басуды зерттеу 
кезінде 
диагностикалық және 
ситуациялық міндеттер шешіледі:

ЖКО басталуынан аяқталуына дейінгі процессті анықтау; 

соғылғанға дейінгі КҚ қозалысы мен сипатының траекториясын 
анықтау; 

әр бір орын алған оқиға фазасының техникалық сипаттамасын анықтау; 

КҚ нақты учаскіні өтуді және соқтығысу жерін анықтау

оқиға болғанға дейінгі КҚ жылдамдығын анықтау (тоқтау жолы іздері 
бойынша немесе олардың болмауына қатысты); 

соқтығысу кезінде КҚ бір-біріне орналасу жағдайын анықтау; 

қозғалыс үшін қауіпті жағдайдың мерзімін анықтау; 

жүргізушінің ЖКО болдырмаудың техникалық мүмкіндігін анықтау 
т.с.с. 
Жүргіншіні, 
велосипедшіні 
қағып 
кетуді 
зерттеу 
кезінде 
диагностико-ситуациялық 
міндеттер: 

жүргіншіні қағып кеткенге дейінгі КҚ траекториясын және 
қозғалыс сипатын анықтау; 

жүргішіні қағып кеткен жерді анықтау; 

жүргішіні қағып кеткенге дейінгі КҚ жылдамдығын анықтау 
т.с.с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет