126
Ажыратқыш, босатқыш, үзгіш т.с.с. автоматтарды шешу кезінде
олардын қай күйде болғанын суреттерге түсіріп алу керек.
Алуан-түрлі электр құрылымдық бұйымдарды (электр патрондар,
штепсель, тарату қорабтары, сөндіргіштер) қосылған сымдарымен бірге алу
керек. Егер электр құрылымдар өзінің габариттері мен массаларына қатысты
алу мүмкіндігі болмаса, олар суретке түсірілуі керек.
Өрттің пайда болу қайнар көзін анықтау үшін, электр сымдардың
жарамсыздығы туралы келесі мәліметтерді сарапшыға хабарлау керек: өрт
болғанға дейін бір күн бұрын жұмыстың аяқталу уақыты, қандай электр
құралдар жұмыс күйінде болды, электр сымдардың жарамсыздығы туралы,
қандай бұзушылықтар өртке дейін орын алды, электр жарық құралдарының
өшірілуі туралы т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: