Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет115/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Зерттеудің объектісі 
шаруашылық және өзге де құқықтық қатынастар 
жатады. Олар келесі бағыттарға сәйкес жүзеге асырылады: 

мемлекеттік сатып алуда пайда болатын қатынастар; 

банктік қызметтің жүзеге асырылуына қатысты қатынастар; 

салық және өзге де міндетті төлемдерге қатысты қатынастар; 

лицензиялауға қатысты қызметтерді жүзеге асыру қатыснастары;

жекешелендіру процессінде пайда болатын қатынастар; 

зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы қатынастар; 

шаруашылық субъектілердің әр түрлі шарттарға сәйкес экономикалық 
өзара есептесуге т.с.с. азаматтық-құқықтық қатынастар. 
Экономикалық-құқықтық зерттеулер түрлерінің шеңберінде келесі 
сұрақтар шешіледі, олар: 
Шартқа негізделген азаматтық-құқықтық қатынастарды зерттеу: 

шарттардың, контрактілердің жасалу негізділігі мен оның рәсімделу 
дұрыстығы; 

шарттың, келісімнің, контрактінің экономикалық тиімділігін анықтау. 
Бюджетке қатысты салық және өзге міндетті төлемдерді төлеуге 
қатысты шаруашылық қызмет субъектілердің қарым-қатынастарын 
зерттеу: 

субъект белгілі салық түрін төлеудің төлемшісі болып табылады 
ма ? 

резидент емес тұлғалардың салық төлеу мәселесі; 

әр түрлі шарушылық қызмет субъектілерінің шарттық 
қатынастарға сәйкес шаруашылық операцияларының негізділігі. 
Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы пайда болатын 
қатынастарды зерттеу: 

зейнетақыны төлеу негізділігіне қатысты сұрақтар;
 

зейнетақы соммасына қатысты сұрақтар.
 
Лицензиялау қызметін жүзеге асыруға қатысты пайда болатын 
қатынастарды зерттеу: 

тұлғаға белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін лицензия қажет 
па? 

лицензияны беру немесе қайтып алу тәртібі нормативті құқықтық 
актілермен бекітілген тәртіпке сай ма ? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет