Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет33/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

қорытындысымен 
немесе 
тергеушіге 
түскеннен кейін қорытынды беру мүмкін еместігі туралы 
хабарламасымен танысуға, өзінің наразылықтарын ұсынуға,
қосымша, қайталама немесе жаңа сараптама тағайындау 
туралы сұраныстарын ұсынуға.
Аталған мәселеге қатысты ҚР ҚІЖК 244 б. сәйкес, егер сараптама адамды 
сезiктi деп танығанға немесе айыпталушы ретiнде iске тартқанға дейiн 
жүргiзiлсе, қылмыстық процесті жүргізуші орган оны сараптама тағайындау 
туралы қаулымен, сарапшының қорытындысымен таныстыруға және оның 
Кодекстің 
254 б.-1 
б. көзделген құқығын түсiндiруге мiндеттi.
Аталған норма қылмыстық іс қозғалған адамға қатысты таралуы керек. 
Норманың кемшілігі оның бәсекелестік және тараптардың теңдік 
қағидаларына қайшы келуін айтамыз (ҚІЖК 23 б., 1 б.), өйткені аталған 
норма қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулы шығарған сәттен 
пайда болатын жәбірленуші туралы еш нәрсе айтпайды. 
Ал, ҚІЖК 244 бабының және өзге де нормалардың атауында 
көзделгендей, айыптау және қорғау тарабы сот сараптама өндірісінде бірдей 
құқықтар мен міндеттерге ие. 
ҚІЖК 244 б., 4 бөліміне сәйкес, жәбiрленушiлер мен куәларға, сондай-ақ 
қылмыс жасаудан зардап шеккен адамға және өзіне қатысты қылмыстық іс 
қозғау туралы мәселе шешіліп жатқан адамға сараптама жүргізу тек олардың 
жазбаша келісімiмен ғана жүргiзiледi. Егер бұл адамдар кәмелетке толмаған 
болса немесе сот оларды әрекет қабiлетi жоқ деп таныса, сараптама жүргiзуге 
жазбаша келісімдi олардың заңды өкiлдерi бередi. Аталған ереже Кодекстiң 


46 
241-бабында
 
көзделген 
жағдайларда 
сараптама 
жүргiзу 
үшiн 
қолданылмайды. Аталған нормада сараптама жүргізу кезінде, сезіктіге, 
айыпталушыға және өзге де мүдделі тұлғаларға қатысты медициналық 
сипаттағы мәжбүрлеу шараларының жүргізілу мәселелері қарастырылмаған.
Қорыта келе, қылмыстық істі қозғау сатысында сараптама 
қорытындысының нәтижесіне мүдделі, кейін жәбірленуші, сезікті, 
айыпталушы мәртебесіне ие болатын тұлғаларға қатысты заң олардың 
сараптаманы тағайындау, жүргізу немесе оның нәтижесін бағалауға қатысты 
құқықтарын заң нормаларында нақты сілтеме жоқ.
Аталған процессуалдық мәселені шешу барысында, ерекше орынға тірі 
адамдарға, олардың денесіне психофизиологиясына қатысты сараптама 
жүргізу жағдайларын айтамыз. ҚР ҚІЖК 14 б., 6 бөліміне сәйкес, ешкiмдi де 
адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп туғызатын iс жүргiзу 
әрекеттерiне қатысуға тартуға болмайды. Адамның жеке басына 
тиiспеушiлiктi бұзатын iс жүргiзу әрекеттерi адамның не оның заңды өкiлiнiң 
еркiне қарсы осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша 
ғана жүргiзiлуi мүмкiн. 
ҚР «Сот-сараптамалық қызмет» туралы заңға сәйкес (33-бап), 
сараптама жүргізілетін тұлғалардың тізімі берілген. 
Тірі адамдарға қатысты сараптама жүргізу тек медициналық ұйымда 
немесе басқа да жағдайы көзделген жерлерде жүргізіледі және ол 
тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерімен қамтамасыз етеді. Сот 
сараптамасы кезінде, тірі адамды станционарлық зерттеу қажет болса, ол 
медициналық ұйымға орналастырылуы мүмкін (34 бап). 
Егер тұлғаға қатысты сот-сараптамалық зерттеуді стационарлық 
жағдайда жүргізуін талап етсе, ол арнайы медициналық мекемеге сот 
сараптамасын тағайындау туралы қаулының (анықтаманың) негізінде 
орналастырылады. 
Қамауға алынбаған тұлғаны медициналық мекемеге сот-психиатриялық 
сараптаманы жүзеге асыру үшін еріксіз орналастыру, тек сот шешімінің 
негізінде жүргізіледі. Қамауға алынбаған тұлғаны медициналық мекемеге 
сот-медициналық сараптаманы жүзеге асыру үшін еріксіз орналастыру, тек 
сот шешімінің негізінде немесе прокурордың санкциясымен жүргізіледі.
2004 жылғы 26 қарашадағы ҚР Жоғарғы Сотының түсініктемесі 
бойынша, егер тұлғаға қатысты сот-психиатриялық сараптама жүргізу 
кезінде ол уақытша психикалық ауруға шалдықса және сол ауру сараптама 
жүргізуге кедергі келтірсе, соған қатысты ол тұлғаны мәжбүрлеу түрінде 
медициналық стационарға орналастыру үшін соттың қаулысы қажет. Аталған 
жағдайда ҚР ҚІЖК 50 б., 4 бөліміне сәйкес өндіріс бойынша қылмыстық іс 
қысқартылады. Бұл жағдайда сот сараптамасын тағайындаған орган, жиырма 
төрт сағаттың ішінде сот сараптамасы жүргізілетін медициналық ұйымға 
орналастырылған тұлғаның орналасу жері туралы оның кәмелетке толған 
туыс-тумаларына, егер мұндай тұлғалар болмаса тұрғылықты жері бойынша 
ішкі істер органдарына хабарлауы қажет. 


47 
Заңда, сот сараптамасы жүргізілетін тұлғаның медициналық ұйымда 
болу мерзімідері туралы көзделген (37 бап). 
Мәселен, адам сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама 
жүргiзу үшiн медициналық ұйымда отыз тәулiкке дейiнгi қажетті мерзiмге 
орналастырылуы мүмкiн. Мұндай мерзімнің созылуы, тек заңмен көзделген 
жағдайларда орын алады. 
Тұлғаның медициналық ұйымда орналасу мерзімінің және оның 
ұзартылуының бұзылуы іске қатысты тұлғалармен, олардың немесе өзге де 
өкілдерімен шағымдалады.
Заңмен (38 бап) Сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары 
мен заңды мүдделерінің кепілдігі де қарастырылған. 
Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде: 
1) іс бойынша мәліметтер алу мақсатында олардың заңмен кепілдік 
берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде 
алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы); 
2) аталған адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық 
және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде 
пайдалануға; 
3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеулердің әдістерін қолдануға 
тыйым салынады. 
Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы 
жүргізілетін адамды, баламалы әдістерді қоса алғанда, қолданылатын сот-
сараптамалық зерттеулердің әдістері туралы, болуы мүмкін ауырсыну 
сезімдері мен жанама әсерлер туралы оған түсінікті түрде хабардар етуге 
тиіс. Аталған хабарлама сот сараптамасы жүргізілетін адамның тиісті 
өтінішті мәлімдеген заңды өкіліне де беріледі. Сот сараптамасы жүргізілетін 
адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және 
тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін. 
Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және 
өтініштер жасауға мүмкіндік беріледі. Заңда көзделген тәртіппен берілген 
шағымдар және өтініштер жиырма төрт сағаттың ішінде жолданым иесіне 
жіберіледі және цензураға жатпайды. 
Адамға қатысты ерікті түрде жүргізілетін сот сараптамасы оның кез 
келген сатысында аталған адамның бастамасы бойынша тоқтатылуы мүмкін

Қамауға алынбаған тұлғаға
қатысты сот-психиатриялық сараптама 
психиатриялық стационарда жүргізіледі. Психиатриялық стационарда сот-
психиатриялық сараптама жүргізілетін тұлғаларға қатысты Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары таралады. 
Аталған 
тұлғалар 
Қазақстан 
Республикасының 
денсаулық 
сақтау 
заңнамаларына 
сәйкес 
психиатриялық 
стационар 
науқастарының 
құқықтарына ие. 
Қамауға алынған тұлғаларға
қатысты сот-психиатриялық сараптама 
психиатриялық стационарларда арнайы көзделген жерлерде жүргізіледі. 
Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу 


48 
заңының нормалары таралады және Қазақстан Республикасының денсаулық 
сақтау заңнамаларына сәйкес психиатриялық стационар науқастарының 
құқықтарына ие. 
Сот-психиатриялық және сот-психологиялық сараптама құпия негізде 
жүзеге асырылады. Сот-сараптамалық зерттеулер тірі адамдардың киім-
кешектерін шешіндіріп жүргізілгенде, тек сол жыныстың өкілі қатыса алады. 
Аталған шектеу зерттеу кезінде қатысатын дәрігерлер және медициналық 
қызметкерлер үшін де таралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет