Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


 тақырып. Сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет35/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

8 тақырып. Сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негіздері 


49 
Құқық қорғау органдары мен сот органдары қызметкерлерінің сот 
сараптама өндірісінің әдістемелік негіздерін білуі – сот-сараптамалық 
қызметінің саласына арнайы ғылыми білімдерді тиімді тарту бойынша оның 
институционалды сот-сараптама қызметіне сәйкес келуін объективті 
бағалаудың міндетті белгісі.
Өз алдына сарапшылардың арнайы білімін қолдануы объектіні 
зерттеуге қатысты сараптамалық теория және тәжірбиемен әзірленген 
жүйелік бағыт, ол азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді дұрыс шешу 
үшін мүдделі. Аталған бағыт сараптамалық міндеттерді шешудің әдісінде өз 
көрінісін тапты және өзінің нысаны мен мазмұнына қарай сот сараптама 
теориясының сараптамалық зерттеудің әдістемесінде қалыптасқан.
Сараптамалық зерттеудің әдістемесі сот сараптама пәніне қатысты 
фактілі деректер мен объектілерді зерттеу мақсатына арналған әдістер мен 
техникалық құралдардың ғылыми-әзірленген нұсқаудың жүйесі. Біз 
қарастырып отырған жағдайда, жүйе дегеніміз сараптама процесінде 
интеллектуалды және техникалық әлеуетті қолданудың реттілігі мен 
мақсаттылығы.
Әдістеме өзінің мәні бойынша сараптама алдына қойылған міндеттерді 
шешуге бағытталған сарапшы әрекетінің алгоритмі болып табылады. Бұл 
жағдайда таным процесінің сатылылығын ескерген жөн, сол арқылы игерген 
білімнің негізінде зерттеу мақсатынан оның нәтижесіне көшуге болады. 
Таным процесінің сатылылығы оның құрамында сатылардың бөлінуін 
білдіреді қажетті нәтижеге жетудің міндеттерін шешумен қамтамасыз етеді. 
Сараптамалық зерттеудің әдістемесін бағалауда келесі сатыларды бөліп 
көрсеткен жөн: дайындық, аналитикалық (объектілерді бөліп зерттеу), 
синтездеу (объектілерді салыстырып зерттеу), нәтижелеу (зерттеу 
нәтижелерін бағалау), қорытынды (нәтижелерді рәсімдеп бекіту). 
Әрбір аталған саты өзінің мазмұнына сай және ондағы әдістемелік 
талаптардың орындалуы сараптамалық міндеттердің шешілуі мен дәлелдеу 
субъектілерінің сарапшы қорытындысының дұрыс бағалануының кепілі. Әр 
біреуіне жеке-жеке тоқталайық, сол арқылы сот сараптамалық зерттеудің 
негізі шешіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет