Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Сөйлеу дағдыларының ерікті үлгілері



Pdf көрінісі
бет63/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Сөйлеу дағдыларының ерікті үлгілері 
– бұл жүргізіліп отырған 
сараптама бойынша субъектінің іске қатысты емес мәтінді орындауы. Ерікті 
үлгілерде сөйлеу дағдыларын әдейі бұрмалау орын алмайды, өйткені субъект 
үлгінің сот сараптамасында қолданылуы туралы білмейді. 
Ерікті үлгілердің мәтіндері ретінде қызметтік хатқа, жеке хаттарға, 
баяндамалар т.с.с. қатысты жазбаларды жатқызуға болады. Олар тінту, алу 
немесе іске қатысушылардың (жәбірленуші, сезікті, жауапкер) өз еркімен 
ұсынылуы мүмкін. Үлгілерге негізгі талап ретінде зерттелуге жататын ерікті 
үлгі сараптама жүргізіліп отырған тұлғаныкі болу керек. Аталған жағдайға 
көз жеткізу үшін сот, тергеуші жинақталған құжаттарды соның атынан 
жазылған тұлғаға ұсынады. Нәтижелер қарау хаттамасында куәгерлердің 
қатысуымен тіркеледі (ҚР ҚІЖК 233 б.) әр бір үлгі оны орындаған тұлғамен 
куәландырылады, мысалы: «Мәтін менімен орындалған. Қолы...» 
Егер қандайда бір себептерге қатысты субъектіге ерікті үлгілерді 
ұсынуға мүмкіндік болмаса, сол субъектінің жұмыс істейтін орнына 
ұсынылады, оның әріптестеріне, туыс-тумалары, таныстарына ұсынылады 
және ол туралы сараптаманы тағайындау туралы қаулыда көрсетіледі. 
Ерікті үлгілерді сараптамаға ұсынудың бірден-бір талабы болып 
олардың зерттелуге жататын объектілермен бірдей болуы. Объектілер мен 
ерікті 
үлгілердің 
ұқсастылығының 
шеңбері 
тергеушілер, 
соттар, 
сарапшыларға арналған оқу құралында қалыптастырылды, оларға жатады: 


77 
тіл бойынша мазмұндама
– ерікті үлгілер зерттеліп отырған мәтін тілінде 
жазылуы керек; 
жазылу уақыты бойынша - 
ерікті үлгілер зерттеліп отырған мәтіннің 
арасындағы жазылу уақыты ұзақ болмауы керек (бірақ үлгілерсіз 
сараптамалық қорытынды беру, бермеу туралы сұрақты сарапшы шешеді); 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет