Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет50/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

мақсаты мен мазмұны бойынша
– жазылған стилінің ұқсас болуы. Мәселен 
зерттеліп жатқан құжат қызметтік жазба болса, онымен салыстырылатын 
үлгіде ұқсас стильде жазылу керек.
Қолжазбалардың аталған шеңберлері нақты тұлғада әр түрлі 
белгілеріне қатысты сипатталады: 
қолжазбаның материалдары бойынша
- үлгілер зерттеліп отырған 
құжаттың жазылған құралымен, мүмкіндік болса сондай парақта жазылуы 
керек. Жазу құралының және қолданылған материалдар қолжазбаның 
өзгеруіне елеулі әсер етеді. Соның нәтижесінен сарапшыға қолжазбаны 
орындаған тұлғаны анықтау бойынша қиындықтар туғызады. Әсіресе 
қолжазбаның өзгеруі жазған құралға қатысты, мәселен, сіріңке немесе 
плакаттық қаламұш арқылы жазу кезінде байқалады: 
орындау шартына қатысты
- егер зерттеліп отырған құжат әдеттегідей 
емес орындалса (тұрып немесе жылжып бара жатқан көлікте), онда ерікті
салыстырмалы үлгілер ұқсас жағдайда жасалуы керек; 
орындаушының күйі бойынша
– егер қолжазба автормен әдеттегідей жан-
күйде орындалмаса (ауырып немесе мас күйінде), онда ерікті салыстырмалы 
үлгілер ұқсас жағдайда жасалуы керек. 
Тұлғаның әдеттегідей емес жан-күйі (ауыру, мас күйі, қолының сынуы 
т.с.с.) барлық жағдайда қолжазбаның өзгеруіне әкеп соғады. Егер ерікті
салыстырмалы үлгілер қажетті талаптарға сәйкес алынбаса, онда ол 
сараптаманы жүргізуге мүмкіндік бермейді. 
Жазбаның мәтіні бойынша
– жазу жылдамдығының елеулі өсуінің 
немесе азаюының әсерінен тұлға жазудың жаңа түріне көше алады (жазба 
құрылымының күрт өзгеруі орын алуы мүмкін). 
Жазу тәсілі бойынша – 
егер зерттеліп отырған жазба қандай да бір 
қаріп (мысалы сызбалық) немесе сол қолымен жазылса (оң қолымен әдетте 
жазса), онда соған ұқсас бос салыстырмалы үлгілерді табуға тырысу керек. 
Қолжазбаны сол қолымен жазуын тексеру үшін бос салыстырмалы 
үлгілерді алу кезінде жазба тура сол қолымен орындалуы керек. Мұндай 
жағдайда ерікті салыстырмалы үлгілер жалпы талаптарға сәйкес алынады.
Ерікті үлгілерді қажетті көлемде алу, сол зерттеліп отырған 
қолжазбаның барлық белгілері мен сипаттарын салыстыру үшін жеткілікті 
болуын айтамыз. Үлгілерді алу санына қатысты біркелкі талаптар жоқ, әдетте 
ол үлгілер 5-6 беттен кем болмауы керек (жеке ісінің матеиалдары, арыздар, 
хаттар т.с.с.). 
7
Пособие для следователей, судей, экспертов.-М., Юридическая литература, 1988г., с.38-40


64 
Кейбір кезде зерттеліп отырған жазбаның қысқа болуына 
қатыстыүлгілер көп болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет