Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Қолжазбаның эксперименталды үлгілері –



Pdf көрінісі
бет51/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Қолжазбаның эксперименталды үлгілері – 
бұл қолжазбалар 
қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша тергеуші немесе 
сотпен тағайындаған сараптамалар үшін жіберіледі. Эксперименталды 
үлгілер, бос үлгілер сияқты жасалатын талаптарға сәйкес болу керек. 
Эксперименталды 
үлгілердің 
кемшілігі 
ретінде 
қолжазбаны 
орындайтын тұлғадан үлгі алған кезде, оның қолжазбаны (қолтаңбаны) әдейі 
өзгертіп жазуын айтуға болады. 
Эксперименталды үлгілер салыстыру кезінде қажетті материалдардың 
бірі болып табылады. Мұндай үлгілерді алудың бірнеше түрлері бар: 
-
тергеушінің (сот) бақылауымен жазылатын қолжазба; 
-
қолжазбаны ерікті түрде өз бетімен жазу; 
-
тергеушінің 
жазған 
мәтінін 
көшіріп 
жазу 
арқылы
экспернименталды үлгілер алу (зерттелуге жататын құжатты 
көшіріп жазуға мүмкіндік бермеу, өйткені ондай жазбаны әдейі 
көшіріп ұқсастырып жазу орын алады). 
Сезіктіден эксперименталды үлгілерді алуының бірнеше сатыдан тұруы 
аталған тұлғадан қолжазбаларды толық және жан-жақты тексеруін 
қамтамасыз етеді. 
Эксперименталды үлгілердің саны 10-12 беттен кем болмау керек және 
қажет жағдайларда одан да көп алынуы мүмкін: 
-
егер құжатты жасау мен сараптаманы тағайындаудың арасындағы 
уақыт ұзақ болса; 
-
егер тергеушіде (сотта) немесе сарапшыда зерттеліп отырған 
қолжазба әдейі өзгертіліп немесе әдетсіз жағдайда жазылғандығы 
туралы күмән туса; 
-
егер зерттеліп отырған қолжазба қысқа жазылып, онда кездесетін 
белгілердің қолжазбада кездеспесе; 
Мұндай кезде мақсаты және жағдайлары бойынша қолжазбалардың көп 
және алуан-түрлі болуы, олардың ұқсас белгілерінің жиі кездесуіне және 
тұрақтылығын анықтауға, сол сияқты салыстырмалы зерттеуді толық және 
жан-жақты талдауға, олардың нәтижелеріне дұрыс баға беруге мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет