Шал ақынның туғанына 275 жыл толуына орай өткізілетін «Ұлы даланың ақыны» атты арнау кеш өтті Кештің мақсаты



Дата11.12.2023
өлшемі16,44 Kb.
#136911

Шал ақынның туғанына 275 жыл толуына орай өткізілетін
«Ұлы даланың ақыны» атты арнау кеш өтті

Кештің мақсаты: Көркем сөз өнерiнiң көрнектi өкiлi, қазақтың ақтангер ақыны, өмірі мен шығармашылығын, артына қалдырған мол мұрасын жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.
Кеш қонақтары: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың профессоры Зылиха Бимаханова, СҚО әскери академия жанындағы музейдің директоры Жұмабек Рахимов, жас ақын Самрат Құскен .
Кеш шымылдығын Жұмабек Рахимов халық әні «Ақ бұлақ » пен ашты.
М. Қозыбаев атындағы университетің аға оқытушысы , професор Зылиха Бимаханова Шал ақын бабамыздың шығармашылығына терең бойлап,оның өмір сүрген дәуірін зерттеген сондықтан сіздерге бұл кісі Ш.а ғұмыр кешкен заманның тынысын ,сол кезеңдердегі оқиғаларды , Ш.а. басынан кешкен қыйлы кезеңдерді айтып береді .
Белгілі журналист,музей қызметкері,ақын Самрат Құскен өлеңдері мен шығармаларына тоқталып өтеді.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар,желі көрермендер!
Бүгін көркем сөз өнерінің көрнекті өкілі,қазақтың ақтангері,ақындардың бірегейі «Шал Ақын» атанып кеткен Тілеуке Құлекеұлының туғанына 275 жыл толуына орай «Ұлы даланың ақыны» атты әдеби кешке қош келдіңіздер!
Шал ақынның атағы өз заманыда сарарқа даласына әйгілі болған.
«Суырыпсалмалық қасиеттің арқасында Тілеуке Құлекеұлы небәрі 15 жасында атақ-даңққа ие болды. Халық оны сол кездің өзінде Шал ақын деп атап кетті. Өйткені, ол жасына қарамастан, парасаты мен тапқырлығымен көзге түсе білді. Арада 300 жылға жуық уақыт өтсе де, біз, көрнекті жерлесіміздің еңбегі мен көреген даналығын ұмытпай, мақтан тұтамыз».
Шал ақын сегiз қырлы, бiр сырлы ақында бәрi бар, ол — айтыскер, суырып салма импровизатор, қолы тиген жердi жұлып алар, көзi түскен жердi үзiп алар өткiр экспромт иесi, тапқыр сөздiң үздiк шеберi, ауыз әдебиетiнен жазба әдебиетке көше бастаған қазақ поэзиясының көш басындағы кемеңгер.
Кеш қонақтары: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың профессоры Зылиха Бимаханова, СҚО әскери академия жанындағы музейдің директоры Жұмабек Рахимов, жас ақын Самрат Құскен .
Кешіміздің ашылу салтанатын айтыскер ақын Жұмабек Рахимовке берейік. Халық әні «Ақ бұлақ » әнін қабыл алыңыздар.
Рахмет...
Келесі сөз кезегін біздің өңірге есімі белгілі тарихшы, ғалым, М. Қозыбаев атындағы университетің аға оқытушысы ,професор Зылиха Бимаханова Шал ақын бабамыздың шығармашылығына терең бойлап,оның өмір сүрген дәуірін зерттеген сондықтан сіздерге бұл кісі Ш.а ғұмыр кешкен заманның тынысын ,сол кезеңдердегі оқиғаларды , Ш.а. басынан кешкен қыйлы кезеңдерді айтып береді .
Белгілі журналист,музей қызметкері,ақын Самрат Құскен өлеңдері мен шығармаларына тоқталып өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет