«Үшарал қаласындағы педагог М. Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»кмм мектеп дефектологының 2022-2023 оқу жылының I тоқсанында жүргізілген оқу- әдістемелік жұмысының есебі Мақсаты



бет1/2
Дата08.11.2022
өлшемі16,29 Kb.
#48345
  1   2
Байланысты:
Есеп 2022-2023 1 тоқсан


«Үшарал қаласындағы педагог М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»КММ мектеп дефектологының 2022-2023 оқу жылының I тоқсанында жүргізілген оқу- әдістемелік жұмысының есебі
Мақсаты: Оқушылардың дамуында кездесетін таным ерекшеліктері мен жеке тұлғаның дамуының тежелуін алдын алу жұмыстарын жүргізу арқылы қоршаған ортаға бейімдеу.
Қыркүйек айында 2022-2023 оқу жылына арналған мектеп дефектологының жылдық жұмыс жоспары құрылды. Мектеп директорымен бекітілді.
Қыркүйек айының алғашқы апталарында бақылау және зерттеу әдістемелері арқылы мектеп оқушыларының даму тарихы және балалардың таным ерекшеліктерімен танысу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жаңа оқу жылына кабинетті жабдықтау, сыныптың тізімін құру, жылдық, айлық және перспективалық жоспарлар жасау, жұмыс кестесін және сабақ кестесін құру жұмыстары жүргізілді.Екінші аптада баланы бақылау журналдары ретке келтіріліп, сабақты өткізу және баланы тексеру журналы басталды. Үшінші аптадан бастап әр оқушыға диагностикалық карта толтырылды. Қыркүйек айының төртінші аптасында психологиялық педагогикалық қолдаудың бірінші отырысы өтті.
Әр ай сайын ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып, кеңес беріліп, оқушылармен үйде қандай жұмыс жасау керектігі жайлы ұсыныс айтылды.
Қыркүйек айында «Өз балаңыз туралы не айтасыз?» сауалнама алынды. Қараша айында «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында сауалнама алынды және жиналыс өткізілді. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында балаларды түзете тәрбиелеудің өзекті мәселелері талқыланып, түсіндірілді. Педагог-дефектолог сабақ өту бағдарламасын түсіндірді. Жұмыс барысында ата-аналармен, пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілер, психологтармен тығыз байланыста жасалды.
Зерттеу және бақылау кезінде диагностикалаудың әр түрлі тәсілдері қолданылды. Зерттеу қорытындысы шығарылып, әр оқушыға түзету дамыту сабақтарының кестесі құрылды. Түзету дамыту сыныбының оқушыларымен бақылау, диагностикалық карталары толтырылды.
ОПМПК қорытындысы негізінде 3 түзету дамыту сыныбының оқушылары туралы мәлімет.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет