Шарлардың серпімді және серпімсіз соқТЫҒысуы. Импульстың сақталу заңЫ



бет3/4
Дата21.10.2023
өлшемі0,7 Mb.
#120163
түріСабақ
1   2   3   4
Серпімсіз соққы жағдайы: эксперимент алдыңғы жаттығуға ұқсас түрде орындалады, 1-ші шарды электромагнитке бекіткеннен кейін, оның соққы бетіне пластилиннің бір бөлігін жабыстыру керек. Соққыдан кейін шарлар бірге қозғалады және жіпті бұрышқа ауыттырады, айырмашылығы сол (4 сур.).

Сурет 4.
1-ші шардың 2-ші шарға беретін энергиясы (18) формулаға ұқсас формуламен анықталады.
Серпімсіз соққыдан кейінгі, жіптің бұрышқа ауытқу кезіндегі энергия өзгерісі сәйкесінше мынаған тең:
. (21)
Сонда m1=m2 жағдайы үшін энергияны қалпына келтіру коэффициенті K мынаған тең:
. (22)
Шарлардың соқтығысу уақытын tc өлшеу:
Осы қондырғы серпімді соққы кезіндегі шарлардың соқтығысу уақытын анықтауға мүмкіндік береді.
Шарлардың соқтығысуы болған сәттен бастап деформация процесі басталады. Беттесу нүктесі дөңгелек алаңға өтеді, осы кезде кинетикалық энергия серпімді деформация энергиясына ауысады. Нәтижесінде серпімді күштер пайда болады, олар шарлардың максималды сығылу мезетінде ең үлкен мәніне жетеді. Осыдан кейін, шарлардың алшақтау мезетінде аяқталатын, деформацияның потенциалдық энергиясының қозғалыстың кинетикалық энергиясына ауысу кері процесі жүреді. Осы процестердің барлығы да өте аз уақыт аралығында - соқтығысу уақыты кезінде өтеді.
Алдын-ала жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, соқтығысу уақыты бірінші шардың бастапқы бұрылу бұрышынан немесе шарлардың соқтығысу кезіндегі жылдамдығынан тәуелді болады.
Соқтығысу уақытының жылдамдыққа тәуелділігінің сипатын орнату үлкен қызығушылық тудырады. Бұл тәуелділік сызықты емес, бірақ-та осы тәуелділікті логарифмдік координаттарда тұрғызатын болсақ, онда ол сызықты болып шығады:
.


4. ҚОНДЫРҒЫНЫ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ САТЫСЫ
1. Шарларды іліп қоюға арналған құрылғылары бар құрылымды 1 түтікке 9 орнатып және де оны бекіту бұрандасымен бекітіңіз.
2. Шарлардың екеуінде жіптердің 2 жиегіне іліп қойыңыз. Шарлар жиегіндегі көрсеткілер (стрелка) транспортирде 0-ді көрсетуі керек.
Транспортирге қатысты шарлардың орналасуын реттеуді жақтаудың 4 реттеу бұрандаларымен жүзеге асыруға болады.
3. Оң жақ шарды электромагнитке қарай ауыттырыңыз. Шар электромагнит саңылауына толықтай кіруі керек. Егер де олай болмаған жағдайда, оң жақ шардың жібінің ұзындығын шарларды іліп қоюға арналған құрылғының бұрандаларымен 7 реттеңіз.
4. Центрлік соққыны жүзеге асыру үшін, соқтығысатын шарлардың центрі оларды қосатын түзудің бойында болуы керек, ал оларды түзету қажет болған жағдайда шарларды іліп қоюға арналған құрылғының реттеу бұрандаларын 7 пайдалануға болады.
5. Электромагнит және шарларды іліп қоюға арналған құрылғының кабельдерін микросекундомерге жалғаңыз.
6. 220 В желіге микросекундомерді қосыңыз, желіге қосу кілтін басыңыз (корпустың артқы тақтасында), алдыңғы тақтасында жарық диодты көрсеткіш пайда болуы керек.
7. Электромагнит батырмасын басыңыз; оң жақ шарды электромагнит саңылауына қарай ауыттырыңыз; ол магнит өрісі арқылы ұсталып тұруы керек.
8. Электромагнитті бекітетін гайканы босатыңыз және оны қозғалта отырып 1-ші шардың стрелкасын қажетті бұрышқа қойыңыз.
9. Микросекундомердің алдыңғы тақтасындағы «Пуск» батырмасын басыңыз.
Шарлар соқтығысқаннан кейін көрсеткіш микросекундпен алынған соқтығысу уақытын көрсетеді.
Құрылғы одан әрі пайдалануға дайын.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет