Шарль Огюстен де Сент-Бёф еңбектеріне шолу Колледж уақытында латын тілінде жазған «Ұлы Петрдің Сорбоннаға сапары» поэмасымен алғашқы жүлдесін ұтып алады. 1820 ж орт. газет бетіне бірнеше рецензияларын жариялайды. 1824 ж бастап «Глоб» атты әдеби газетте редактор қызметін атқарады. 1828 ж «XVI ғ француз поэзиясы мен театрының тарихи және сыни сипаттамасы» атты очеркін жазып шығады. Бұл еңбегі романтизм бағытында жазылған. Негізінен, француз поэзиясының Ренессанстық қайта өрлеуі осы С.Б-тің арқасы. «Глоб» газетінде жұмыс жасап жүріп, Виктор Хюгоның поэзиясына арнап алғашқы эсселерін жазады, содан кейін, романтизм ақындары мен жазушылары өкілдеріне мүшелікке енеді. 1828ж Англияға жасаған шығыс сапарында Уильям Вордсворт пен Самуэль Тейлор поэзиясына деген қызығушылығы оянады. 1931 ж «Екі әлемге шолу» тақырыбымен мақалалары жарық көреді. Осы екі шолудағы мақалаларының сәттілігі оның 5 томдық (1832-39) "Сыни және әдеби портреттер" жинағының шығуына түрткі болды. Замандастарының осы "портреттерінде" ол сол кездегі қол шапалақтарлық жаңашыл сын түрін ойлап тапты, ол әйгілі жазушыларды өмір бойы зерттеп, өз объектісінің психикалық көзқарастарын түсіну үшін маңызды өмірбаяндық зерттеулер жүргізді.