Шаруашылықтың экономикалық құрылымының дамуы


https://t.me/geograph2021



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата18.10.2023
өлшемі1,82 Mb.
#118329
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Контексттер (1)

https://t.me/geograph2021


Геоэкономиканың кеңістік аумағы 
Географиялық кеңістікте әрбір нысанның өзіндік орны бар. 
Географиялық кеңістік табиғи ортадағы қоғамдық нысандар мен 
құбылыстардың, үдерістердің жиынтығы ретінде ұдайы өзгеріске 
түседі. Қазіргі әлемнің кеңістік моделін И.Валлерстайн әзірлеген 
болатын. Ол экономикалық кеңістікті геосаясат тұрғысында 
түсіндірген. Ғалым әлемдік экономикалық кеңістікті 3 бөлікке бөлді: 
орталық (дамыған елдер), жартылай периферия (ТМД, Оңтүстік-Шығыс 
Азия), периферия (артта қалған елдер).
1. Tабиғи ортадағы қоғамдық нысандар мен құбылыстардың, 
үдерістердің ұдайы өзгеріске түсу аумағы 
A) табиғи орта 
B) саяси кеңістік 
C) экономикалық кеңістік 
D) географиялық кеңістік 
E) әлеуметтік орта 
2. Әлемдік экономикалық жүйелерді кеңістік модельге орналастыруда 
И.Валлерстайн басшылыққа алған ғылым саласы 
A) экономикалық география 
B) геоэкономика 
C) геосаясат 
D) геоәлеумет 
E) физикалық география 
3. Қазіргі кездегі ғаламдық орталықтар 
A) АҚШ, Еуропалық Одақ, Жапония 
B) Қытай, Оңтүстік Корея, Индонезия 
C) Еуропалық Одақ, Мексика, БАӘ 
D) ОАР, Жапония, Сингапур 
E) Қытай, Сингапур, Бразилия 
4. И. Bаллерстайнның кеңістік моделі бойынша Қазақстанның орны 
A) периферия 
B) шет аймақтар 
C) орталық 
D) жартылай периферия 
E) әлемдік ядролар 
5. Kеңістік тұрғыдан алғанда Қазақстанда даму мүмкіндігі 
жоғары халықаралық көлік қатынасының түрі 
A) құбыр 
B) әуе 
C) мұхит 
D) құрлық 
E) су 
Turebayev Zhandos 
https://t.me/geograph2021


І. Дүниенің ешбір бөлігінде Азиядағыдай айқын ажыратылатын аймақтар
жоқ. Азия аумағында әлеуметтік-экономикалық, географиялық жағынан
мүлде ұқсамайтын төрт тарихи-географиялық аймақ қалыптасқан. 
Әр аймақтың өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына біріншіден, географиялық
орнының ерекшеліктері; екіншіден, табиғат жағдайлары мен ресурстарының
әркелкі болуы; үшіншіден, тарихи тағдырларының әрқилылығы; төртіншіден,
әлеуметтік-мәдени айырмашылықтары; бесіншіден, экономикалық даму
жолының түрліше болуы ықпал етті.
1. Үш дүние бөлігі тоғысқан жерде орналасқан, «Таяу Шығыс» деп аталатын
тарихи-мәдени облысқа кіретін аймақ. 
А. Орталық Азия 
В. Оңтүстік-Шығыс Азия 
С. Оңтүстік-Батыс Азия 
Д. Оңтүстік Азия 
Е. Шығыс Азия 
2. Үндіқытай түбегі мен Малай топаралында орналасқан 10 ел енетін аймақ. 
А. Орталық Азия 
В. Оңтүстік-Шығыс Азия 
С. Оңтүстік-Батыс Азия 
Д. Оңтүстік Азия 
Е. Шығыс Азия 
3. Жаңа индустриялды елдер немесе экономикалық секірісті бастан кешірген
«Азия жолбарыстары» деп аталатын елдер: 
А. Тайвань, Сингапур, Израиль, Гонконг 
В. Малайзия, Сингапур, Қытай, Корея РеспубликасыС. Корея Республикасы, 
Тайланд, Бруней, Израиль 
Д. Қытай, Үндістан, Корея Республикасы, Гонконг 
Е. Малайзия, Сингапур, Тайвань, Корея Республикасы 
4. 1948 жылы БҰҰ-ның шешімімен Палестина жерінде құрылған мемлекет. 
А. Израиль 
В. Бахрейн 
С. Біріккен Араб Әмірлігі 
Д. Сирия 
Е. Ливан 
5. Дүниежүзілік нарықта ірі өнеркәсіп және қаржы орталығы ретінде көзге
түсетін жоғары дамыған ел 
А. Корея Республикасы 
В. Үндістан 
С. Қытай 
Д. Жапония 
Е. Сингапур 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет