І. Дүниенің ешбір бөлігінде Азиядағыдай айқын ажыратылатын аймақтар
жоқ. Азия аумағында әлеуметтік-экономикалық, географиялық жағынан
мүлде ұқсамайтын төрт тарихи-географиялық аймақ қалыптасқан.
Әр аймақтың өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына біріншіден, географиялық
орнының ерекшеліктері; екіншіден, табиғат жағдайлары мен ресурстарының
әркелкі болуы; үшіншіден, тарихи тағдырларының әрқилылығы; төртіншіден,
әлеуметтік-мәдени айырмашылықтары; бесіншіден, экономикалық даму
жолының түрліше болуы ықпал етті.
1. Үш дүние бөлігі тоғысқан жерде орналасқан, «Таяу Шығыс» деп аталатын
тарихи-мәдени облысқа кіретін аймақ.
А. Орталық Азия
В. Оңтүстік-Шығыс Азия
С. Оңтүстік-Батыс Азия
Д. Оңтүстік Азия
Е. Шығыс Азия
2. Үндіқытай түбегі мен Малай топаралында орналасқан 10 ел енетін аймақ.
А. Орталық Азия
В. Оңтүстік-Шығыс Азия
С. Оңтүстік-Батыс Азия
Д. Оңтүстік Азия
Е. Шығыс Азия
3. Жаңа индустриялды елдер немесе экономикалық секірісті бастан кешірген
«Азия жолбарыстары» деп аталатын елдер:
А. Тайвань, Сингапур, Израиль, Гонконг
В. Малайзия, Сингапур, Қытай, Корея РеспубликасыС. Корея Республикасы,
Тайланд, Бруней, Израиль
Д. Қытай, Үндістан, Корея Республикасы, Гонконг
Е. Малайзия, Сингапур, Тайвань, Корея Республикасы
4. 1948 жылы БҰҰ-ның шешімімен Палестина жерінде құрылған мемлекет.
А. Израиль
В. Бахрейн
С. Біріккен Араб Әмірлігі
Д. Сирия
Е. Ливан
5. Дүниежүзілік нарықта ірі өнеркәсіп және қаржы орталығы ретінде көзге
түсетін жоғары дамыған ел
А. Корея Республикасы
В. Үндістан
С. Қытай
Д. Жапония
Е. Сингапур
Достарыңызбен бөлісу: