Шаттық шеңбері: «Біздің шаңырақ»


Оқушылармен сергіту сәтін өткізу



бет3/3
Дата09.12.2022
өлшемі28,69 Kb.
#56057
1   2   3
Оқушылармен сергіту сәтін өткізу
Ата – аналарға сұрақтар:
1. Өз балаңыздың салған суретін табуға не көмектесті?
2. Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңыз?
3.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы шешуші роль атқарады.
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп Елбасымыз атап өткендей біздің балаларымыздың рухани тамыры отбасында жатыр. Бала – отбасы айнасы; бір тамшы суда күннің сәулесі көрінгендей,перзентте де ата – ананың тәрбиесі көрінеді демекпін.Елімізіде Қазақстанның бірсыпыра қалаларында «Рухани жаңғыру-отбасынан басталады» деген үлен форумдар өтіп жатыр.Осы «Рухани жаңғыру-отбасынан басталады» дегенді сіздер қалай түсінесіздер?
Ата-аналар өз пікірлерін айтады.
Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілерсің дегендей бала отбасынан сәби кезіндегі бойында қалыптасқан тәрбие оған өмір бойы азық болады. Яғни жас ұрпаққа рухани тәрбие беру.
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Ойын
Енді ата-аналармен біраз ойын ойнасақ. Адамгершілік сөзіне кім көп сөз құрайды екен.
Ақ қағаз маркерлер беру аналар және оқушылар.
Аналарымызбен, оқушыларымыз жұмыстарын аяқтап біткенше Алмас оқушымыздың әніне кезек берейік.
Ән. «Ана»
Аналарға және оқушыларға сөз беру

  • Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі. Яғни үштік одақ. Ата-ана,оқушы, мұғалім осы үш одақ бір-бірмен тығыз байланыс жасағанда ғана үлкен жетістіктерге жетеміз. Қазір біз оқушы,ата-ана, мұғалім болып бөлінейік.Мен сіздерге бірнеше жағдаятты мәселелер беремін. Сол мәселелерді қалай шешесіздер.

  • Ата-ана:Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істер едіңіз?

  • Бала:Ата-анаң, ертең қонаққа барамыз, сабаққа бармай-ақ қойсаң қайтеді,- деді. Ал ертең мұғалім бақылау жұмысын жазамыз, сабақтан қалмаңдар деген еді, не істейсіңдер?

  • Мұғалім:Оқушыға сіз нашар баға қойдыңыз, оқушы үйіне жылап барып, ата-анасынашағымданды, ата-ана сізге телефон шалып ренішін білдірсе не айтар едіңіз?

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді. Ендеше бала тәрбиесіне отбасы ,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе. Сондықтан да, мұғалім – оқушы - ата-ана тығыз байланыста жұмыс жасау керек.
Бала – ата­ ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына
кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген
перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына
бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп
құдайға жалбарынған. Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, ата­-аналарға «Біздің үй» жобасын құрауға өз үлестеріңізді қосуларыңыз сұралады.Қолдарыңызға киіз үй бөліктері беріледі, сол бөліктерді «Отабасыларыңызға» тілек тілей отырып іліп, орындарыңызға отыруларыңызды сұраймын.
Қорытынды:
Тәрбие сағатымызды қорытындылай келе Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның
келешегіне сенімділігі ­ баланың ата­-анасын ардақ тұтып,
өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.
Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең
алдымен, адамшылығының белгісі.
Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.
«Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен
маңызы бар екенін сеземіз. Отбасына деген жылулық ол біздің таза жүрегімізден шыққан мейрімділік. Оқушылар енді алдымызда тұрған жүрекшелерді отбасымызға тілек тілеп аналарымыз құрған «Біздің шаңырағымыз, үйіміздің» айналасына орналастырайық. Осымен «Отбасы-бақыт мекенім» тәрбие сағатын Мәрмәрдің әнімен аяқтағымыз келіп тұр.
. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тап-сырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп, бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұ-мыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі. Сенің әрекетің ?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет