Жалпыға арналған тапсырма:Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты және қосымша материалдарды қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді
Постер қорғау
Қызыл
Сары
Жасыл
Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады:
Үлкен ми сыңарлары:
Адамда алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары басқа бөлімдерінен әлдеқайда жақсы дамыған.
Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Әрбір ми сыңары сұр және ақ заттан құралады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзіледі және ауданы 2200-2500см2.
Қыртыста 14 миллиардтан астам нейрондар болады.
Ми кыртысының калыңдығы шамамен 2- 3 мм.
Ми қыртысында мүшелерден козуды қабылдайтын, кимылды реттейтін сезгіш және қозғалтқыш жасушалар болады.
Ми сыңарларының ақ заты ішкі жағында қыртыстың астында болады. Ақ заты жүйке талшықтарынан түзіледі.