Шұбарқұдық гимназиясы кмм


Мақсаты: «Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу». Құрал – жабдықтар



бет4/6
Дата19.12.2022
өлшемі483,5 Kb.
#58321
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
31 сабақ 8 кл

Мақсаты: «Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу».
Құрал – жабдықтар: Ауа үрлейтін бос шар, сызғыш.
Жұмыс барысы:
I.Тыныс алу көлемін өлшеу.
1.Жай тыныс алғаннан кейін ауалық шарға жай тыныс шығарыңдар.
Ескерту: күштеп тыныс шығармаңдар.
2.Тез арада ауа шығармастай етіп шардың аузын бекітіңдер де, шарды тегіс жерге, мысалы столға қойыңдар. Суретте көрсетілгендей, сызғышпен шардың диаметрін өлшеңдер. Өлшемді 1-кестеге жазып алыңдар.
3.Шардың желін шығарып, тағы 2 рет шарды үрлеп, 2 рет желін шығарып өлшеп, үшеуінен орташа өлшемді есептеп, шыққан санды 1-кестеге жазыңдар.
II.Тіршілік сыйымдылығын өлшеу.
1.Жай тыныс алғаннан кейін мүмкіндігінше тағы терең тыныс алып, шарға өте терең тыныс шығарыңдар.
2.Тез арада шардың аузын бекітіп, оның диаметрін өлшеп, 2 – кестеге жазып алыңдар.
3.Шарды үрлеп, осы жұмысты тағы 2 рет қайталаңдар, шардың диаметрін өлшеп, орташа өлщемді есептеп, 2-кестеге жазыңдар.
4.1-графикті пайдаланып, шардың диаметрі бойынша алынған мәліметтерді қисық сызық арқылы өкпенің көлеміне айналдырыңдар (см3). Алынған мәліметті 2-кестеге жазыңдар.
III.Өкпенің тіршілік сыйымдылығын есептеп шығару.
1.Зерттеулер өкпенің көлемі адам денесінің сыртқы беткейінің ауданына пропорциональды екенін көрсетеді. Дененің сыртқы беткейінің ауданын өлшеу үшін өз денелерінің салмағын (кг) және бойларының ұзындығын (см) білулерің керек.Бұл мәліметтерді 3-кестеге жазыңдар.
2.2-графикті пайдаланып, өз денелерінің сыртқы беткейінің ауданын анықтаңдар. Ол үшін сол жақтағы шкаладан бойларының ұзындығын тауып, ол жерге нүкте қойыңдар. Сол жақтағы шкаладан дене салмақтарыңды тауып, оны да нүктемен белгілеңдер. Сызғышты алып, екі шкаладағы нүктелерді түзу сызықпен қосыңдар. Ортаңғы шкаладағы екі сызыңтың қиылысқан жері денелеріңнің сыртқы беткейінің ауданы (м3) болып табылады. Алынған мәліметтерді 3-кестеге жазыңдар.
3.Өз өкпелеріңнің тіршілік сыйымдылығын өлшеу үшін дененің сыртқы беткейінің ауданын тіршілік сыйымдылығының коэфициентіне көбейтіңдер, ол коэфициент әйелдер үшін – 2000мл/м2 . ал ер адамдар үшін – 2500 мл/м2 – ге тең. Өкпелеріңнің тіршілік сыйымдылығы туралы мәліметтерді 3-кестеге жазыңдар.
Қорытынды.
1.Тыныс шығаратын ауаның көлемі мен өкпенің тіршілік сыйымдылығын білу не үшін қажет?
2.Сендер терең тыныс шығарғанның өзіне де, ауаның қандай да бір мөлшері өкпеде қалады. Оның қандай маңызы бар?
3.Қалай ойлайсыңдар, темекі шегу өкпенің тіршілік сыйымдылығына әсер ете ме? Қалай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет