Саралау жұмысы ойлаудың деңгейлеріне сәйкес «Қапшықтағы фасоль» әдісімен жүзеге асырылады.
Ойлау дағдысының білу, түсіну деңгейі бойынша А деңгейіндегі оқушылар өкпенің тіршілік сыйымдылығын түсініп, тыныс алудың минуттық көлемін өлшейді.
В деңгейіндегі оқушылар ер адам мен әйел адамның ӨТС ерекшелігін біліп түсініп, тыныс алу, минуттық, қордағы және қалдық көлемді сипаттап шығарады.
С деңгейіндегі оқушылар өкпенің тіршілік сыйымдылығына шылым шегудің әсеріне баға береді. Темекі тартудың денсаулыққа тиігізетін қауіпін түсіндіреді.
|
Алдыңғы алған білімдерін еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл» әдісімен тексеріледі. Оқушылардың дұрыс жауабы, ауызша мадақтау, қол шапалақтау әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Жаңа сабақты меңгеру мәтінмен жұмыс, жұптық жұмыспен жасалады. Сабақты оқушылардың меңгергенін тексеру үшін «Қапшықтағы фасоль» әдісі қолданылады. Оқушылардың сұрақтарға берген жауаптарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады.
Сынып оқушылары қалыптастырушы жинағынан алынған тапсырманы орындайды. Осы тапсырманы «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.
Сыныппен зертханалық жұмыста оқушылар өзара «Смайлик» әдісі бағалайды.
Сабақ соңында оқушыларға «Тазалық» әдісі арқылы кері байланыс беріледі. Чемоданға тақырып бойынша ақпарат жазады.
Қоқыс жәшігіне сабақта керек емес болған дүниені жазады. Еттартқышқа бүгінгі ақпараттың ішінен әлі де оқуым толықтыруым керек дегенді жазады.
|
Өкпенің тірішілік сыйымдылығын анықтауда зертханалық жұмыс жасағанда айқайламау, шуламау, бір – біріне кедергі жасамау сияқты қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертіледі.
|