«Шексіз шығармашылық» республикалық қашықтан өткізілетін байқау (бұдан әрі – Байқау) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың арасында өткізіледі.
Мақсаты: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың бейнелеу қызметі, сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығында шығармашылық әлеуетін анықтау және ынталандыру, сондай-ақ шығармашылық қызметтерін ынталандыру және қолдау арқылы әлеуметтік бейімделу.
Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі: «Қазақстан – менің алтын бесігім» – суреттер байқауы. «Алтын қолдар» – сәндік-қолданбалы өнер байқауы. «Шексіз әлем –балалар көзімен» жеке шығармашылық өлеңдер байқауы. Тек қалалық жерлерден ғана емес, сонымен қатар ауылдық жерлердегі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың өзін өзі шығармашылық тұрғыда іске асыруы үшін сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері арқылы жайлы жағдай жасауға ықпал етеді, республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді.
Байқау туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланады.
«Шексіз шығармашылық» республикалық байқауының аудандық кезеңінің
қашықтан өткізу ережелері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасында «Шексіз шығармашылық» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) қашықтан өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Мақсаты: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың бейнелеу қызметіндегі, сәндік-қолданбалы өнердегі шығармашылық әлеуетін анықтау және ынталандыру, сондай-ақ шығармашылық қызметтерін ынталандыру және қолдау арқылы әлеуметтік оңалту.
Міндеттері:
1) ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық әлеуетін ашу;
2) байқау қызметіне қосу арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыру;
3) өз бетінше жұмыс істеуді, жұмысқа деген шығармашылық және дара тәсілді дамыту;
4) көркем-эстетикалық талғамды дамыту және жас шеберлерді қазақ халқының мәдениеті мен өнерінің үздік үлгілеріне араластыру;
5) балалардың бойында патриотизм сезімін, ұлттық мәдениетке, Қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеу және ықыласпен қарау көзқарасын тәрбиелеу;
6) олардың өзін өзі таныту және өзін өзі іске асыру құралы ретінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қызметіне деген қоғамның назарын аударту;
7) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қызметін ақпараттық кеңістікте насихаттау;
8) сәндік-қолданбалы өнері, бейнелеу өнері, көркемдік қолөнер құралдарымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық өзін-өзі танытуына, әлеуметтік бейімделуіне қолайлы жағдай туғызу;
9) балалардың зияткерлік әлеуетін, қиялын және көркемдік шығармашылығын дамыту және ынталандыру.
3. Байқаудың ұйымдастырушылары әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.