4. Байқау жұмыстары электронды түрде roosr_@mail.kz электронды поштасына 2023 жылғы 27 қаңтарға дейін қабылданады.
2023 жылы 27 қаңтарда 18:00-ден кейін түскен, сондай-ақ, талаптарға сәйкес келмейтін Байқау жұмыстары қарастырылмайды.
5. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторын көрсете отырып, әлеуметтік желілерде жариялауға құқылы.
6. Байқауға қатысу үшін roosr_@mail.kz электронды поштасына келесі құжаттарды жіберу қажет:
1) 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінім;
2) электронды түрде байқау жұмысы;
3) аурудың диагнозы туралы анықтаманың көшірмесі.
3-тарау. Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар
7. Байқауға келесі санаттағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қатысады:
көру қабілеті бұзылған;
есту қабілеті бұзылған;
сөйлеу қабілеті бұзылған;
тірек-қимыл аппараты бұзылған;
зияткерлігі бұзылған;
аутистік спектрі бұзылған;
психикалық дамуы тежелген.
Қатысушылар диагноз туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады.
8. Балалардың жас санаты:
кіші: 6-10 жас; орта: 11-14 жас; жоғары: 15-17 жас. 9. Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі.
1) «Қазақстан – менің алтын бесігім» суреттер байқауы. Байқау жұмыстары бейнелеу өнерінің әртүрлі түрлері мен жанрларында (кескіндеме, графика, гравюра, сюжеттік композиция жанрындағы мүсін, портрет, натюрморт), түрлі техникалар мен материалдарда (гуашь, акварель, пастель, майлы борлар, түрлі-түсті қарындаштар, тушь және т.б.) орындалуы мүмкін. Аралас техникаларды қолдануға жол беріледі. Суреттер түпнұсқасын сканерден өткізу немесе фотоға суретке түсіру, немесе компьютерлік графикалық редактордың көмегімен орындалған электронды көшірме (графикалық файлдар) түрінде қабылданады. Суреттің төменгі оң бұрышында автордың аты, жөні, жасы айқын көрінетін жазуы болуы тиіс.
Файл өлшемдері: jpg форматы. Қосымша материал ретінде сурет салу процесін сипаттайтын фотосуреттер ұсынылады. Міндетті түрде мәтіндік түсіндірмесі болуы керек: жұмыстың аталуы, орындау техникасы, қажет болған жағдайда – мазмұнына түсініктеме.
Байқау жұмыстарының тақырыбы – еркін.