Схемотехника



бет1/36
Дата25.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#32208
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Конспект лекции (1)


 

 

 



СХЕМОТЕХНИКА

Дәрістер жиынтығы

 

 

Кіріспе  



Заманауи қоғамның қажеттіліктерінің тез дамуы, экономиканың әртүрлі саласында кең көлемде қолданылатын Hi-Tec (High Technology) деп аталатын  жаңа технологияны талап етуде.

Информатика саласының ірі маманы, академик Е.П.Велихов бір мақаласында «Кімде-кім компьютер құрай білсе, ол әлемді бағындырады» деп өзінің ойын білдірген.  

Сандық техникалардың барлық әртүрлі құралдары: дербес компьютерлер, өлшеудің микропроцессорлық жүйелері мен технологиялық процессорлардың автоматизациясы, цифрлық байланыс, теледидар, тұрмыстық техника және т.б. құрамына әртүрлі қиын микросхемалардан тұратын біртұтас элементті базадан - қарапайым операциялардан бастап миллион логикалық элементтерден тұратын қиын бағдарламалық кристалдарды орындайтын логикалық элементтерден  құрылады.

Микропроцессорлар мен бағдарламалық құрылымды үлкен интегралдық схемалардың (ҮИС) (БИС),  пайда болуынан автоматика құралдарын жасауға және жобалау әдістеріне сапалы өзгерістер болды.  

Микропроцессор – бұл бір немесе бірнеше үлкен интегралды схемалар (ҮИС) (БИС)  түрінде жүзеге асырылған функционалды процессор.

Микропроцессор өзінің жүйесіне кіретін командаларды орындауға қабілетті.  Командалардың тізбектелуін өзгерте отырып, бір микропроцессорда  әртүрлі есептерді шешуге болады.

Микропроцессорлы топтама – белгілі бір командалар топтамасы көмегімен жұмысты басқару мүмкіндігіне ие болатын ҮИС жиынтығы.

Микропроцессорлы жүйе өзінің құрылымы бойынша  дербес компьютерге ұқсас, бірақта, ішкі әлеммен беттесу құралдарының жиынтығы  және жадысының көлемі шектеулі. Микропроцессорлық жүйені құрудың негізінде бағдарламалық-аппараттық принцип жатыр. Бір стандартты микропроцессорлық жүйенің бағдарламасын ауыстыра отырып, оны көптеген құрылғылар мен жүйелерде  қолдануға болады: техникалық процестегі автоматты басқаруда, техникалық диагностикалар жүйелерінде және күзету жүйелерін қосу арқылы объектілердің жағдайын бақылауда.

Бағдарламаланатын құрылымды СҮИС-тің  негізгі ерекшелігі микросхема құрылымын өзгерте отырып, бағдарламалы түрде әртүрлі блоктарды қоса алуында.

Микропроцессорлар мен СҮИС-ті оқып үйренбес бұрын, микропроцессор құрамындағы маңызды цифрлық элементтермен және құрылғылармен танысуымыз керек.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет