М.Б.Шындалиева
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан
Шерхан Мұртаза – очеркші
Ш.Мұртаза қазақ еләдебиетінде ӛзіндік орны бар дара тұлға.
Жазушылық пен жур66налистік тізгінді қатар алып келе жатқан тұлғаларды
жан-жақты зерттеп, қаламынан туған дүниерді жанрларға бӛліп талдау, оның
ішіндегі очеркистік қырын арнайы саралауды жӛн санадық.
Шерхан Мұртазаның шығармашылық пен қайраткерлік жолы қазақ
журналистикасы арқылы қалыптасып, сол арқылы оқырманға танылған.
Қырық жылдан астам уақыт қаламын қолынан түсірмеген майталман жазушы
ел ӛмірі, ұлт тағдыры, тұрмыс-тіршілігі, жақсысы мен жасығы туралы кестелі
ойларын ортаға салып, қазақ әдебиетіндегі публицистика жанрының қанат
жаюына сүбелі үлес қосқан бірегейлердің бірі.
Автордың публицистикалық жанрда жазған еңбектері алдымен
баспасӛз бетінде жарияланып, кейіннен әртүрлі жинақ болып жарық кӛріп
келген. “Алғашқы қадамы” 1958 жылы “Құрылысшы Дәку” атты очерктер
жинағынан бастау алса, 1990 жылдары “Жазушы” баспасынан “Не
жетпейді?” атты таза публицистикалық туындыларын жинақтайды. 1998
жылы “Қазақстан” баспасынан “Елім саған айтам, елбасы, сен тыңда!” атты
эпистолярлық жанрда жазылған кітабын оқырман қауым жылы қабылдады.
Жазушының бұл кітаптарындағы очерктерінің ӛзегі – ӛмірлік қым-қиғаш
оқиғаларды жедел таразылап, саралап, сыни кӛзбен ақиқат безбеніне салып
игеруге күш-қуат жұмсағаны айғақ.
Шерхан Мұртазаның шын мәніндегі кӛркем очерк талаптарының
биігінен танылған туындылары баршылық. Соның ішінде Шыңғыс
Айтматовтың 60 жылдығына арнап жазылған “Шыңғыс және шындық” атты
кӛркем очеркінде жазушы оқырманын кейіпкерімен былай таныстырады:
“Адамның бойы таудан аса алмас. Ал сол асқарлардан асып кӛрініп, бүкіл
әлем таныған, талантына таңырқаған адам бар. Ол – Шыңғыс Айтматов”
[1,90],- деп жазушы ӛзі берген баға, ой-пікірге жауапкершілікті ӛз мойнына
алады.
Ш.Айтматовтың “Ақ кеме”, “Әселім”, “Ботакӛз”, “Боранды бекет”,
“Жан пида” шығармаларындағы Қазақстанға байланысты тұстанына очеркші
ерекше мән бере отырып, заңғар жазушының бауырмалдығын, ұлы
парасаттылығын кӛсемсӛз құдіретімен жеткізеді. Очеркші Ш.Айтматовтың
кӛтерген ӛзекті проблемаларының бірлі-жарымына ғана тоқталады да, әлем,
адамзат алдына қойылған сансыз сұрақтар тұрғанын нақты мысалдармен
ашады. Адамзаттың ӛз тарихын, ата-баба дәстүрін, тілін, салт-санасын
ұмытуы мәңгүрттік екенін, Айтматовтың пайымдауынша бұл ұлттық
трагедияға ұрындыратын үлкен қауіп ӛз арамызда екендігін оқырманына
қарапайым және түсінікті тілмен жеткізе білгендігін жеріне жеткізе
суреттеген очеркист біраз кӛркемдік құралдарды пайдаланған. Соның ішінде
ұлы жазушының әдеби портретін нанымды жасап, жазушы қауымның қиын
да қызықты еңбегін ӛрнектейді. Бұл очерктің жазылу әдісі де ӛзгеше. Автор
Шыңғыстың Қазақстанмен байланысы, туыстығы, қазақ ӛмірі мен қырғыз
тіршілігі арасындағы ұқсастықтарды салыстыра сыр шертеді.
“Fабит МŸсірепов - тәлімгер” деп аталатын очеркінде Ш.Мұртаза: “ ...
ол қаламгерлікпен қатар азаматтық, қоғамдық, тіпті мемлекеттік міндеттерді
қатар алып жүрді. 1924 жылы, яғни 22 жасында Fабең Темірбай деген
сыншыны мақтамен байыздайды. Темірбай сыншы “Ақжол” газетінде
Сәкенге жала жауып, қодаршылап кеткен екен. Fабит МŸсірепов “Қисық
сынға әділ тӛре” атты мақаласында сол кездегі қазақ қауымына, тіпті
қазіргілерге де баспасӛз Батыраштың балтасы болмауы керек екендігін, сын
деген бет тырнасу емес екендігін үйретеді. Әділ сынның үлгісін кӛрсетеді”
[1,109],- деп Fабиттің жиырма екі жасында-ақ әділеттің ақ боз атын
мінгендігін, қазіргі жазушы, сыншыларға дәл осындай жағымды белсенділік
жетесе бермейтінін ӛкіне айтады.
Ш.Мұртаза осы очеркінде F. МŸсіреповтің жастар тәрбиесіне үлкен
мән беріп, болашақтың тағдырын сергек қарайтындығын, жастар
шығармашылығымен танысып, таланттың аяқ алысын жіті байқап,
бірсыпыра қаламгерлердің қанат жаюына мұрындық болып жүргені жайында
да тебірене баяндайды.
Автор Fабит МŸсірепов бейнесін сомдауда тіл туралы
тұжырымдарына, хас талантты тани білетін кӛрегендігіне, бүкіл
шығармаларының ӛмірі әдемілікке, сұлулыққа қызмет етіп келе жатқанын
рет-ретімен шебер суреттеу арқылы ӛнегелік, тағылымдық танытқан.
Очеркистің Fабит МŸсірепов бейнесін сомдаудағы үлкен табысы – әдебиет
алыбының ӛзі қандай таудай болса, жүрегінің де сондай нәзік, сұлулыққа
ғашық жан екендігін тап басуы дер едік.
Публицистің “ Тұрар Рысқұлов” атты ӛмірбаяндық очеркінде алаш
азаматының ӛнегелі ӛмірі, сыр-сипаты, характер ерекшелігі, рухани кӛркі
әдемі ашылады. Тұрар Рысқұлов кім ? Оның есімі халыққа, қазіргі ұрпаққа
несімен қымбат ? деген сауалдарға жауап беретін бұл очеркте ӛмір
фактілеріне кӛркем-публицистикалық талдау жасала отырып, фактінің
табиғатын, идеялық мағынасын, әлеуметтік маңызын ашып кӛрсетуге қол
жеткізген. Очеркист Тұрар Рысқұловтың табиғатынан ерекше туған жан
екенін, миллиондаған халықты апаттан аман алып қалу үшін жеке басын
қатерге тігіп, ұлы қайрат кӛрсеткен кезеңдерін: 1918-1919 жылдардағы Орта
Азия мен Қазақстанда үлкен аштық болып, аштықпен күрес комиссиясын
басқарып, халықты жаппай қырылудан алып қалғанына, адал, іскер, кӛреген
басшы бола білгендігіне нақты дәлелдер келтіре отырып, кӛркем-
публицистикалық байыпты талдау жасайды.
Тарихтан белгілі екінші аштық 1932-1933 жылдары жаппай
коллективтендіру кезіндегі аштықта да Тұрар халық жағында болып
Сталинге хат жазуы, ол хатта қазақ халқының басына тӛніп отырған қауіпті
бұлтартпайтын факті, құжаттар батылдықпен ашына жазылғаны да ашық әрі
нанымды баяндалады.
Бұл ӛмірбаяндық очеркте Ш.Мұртаза фактілер мен құбылыстарды
тірнектеп жинап, алаш ардагерінің ӛмір жолы мен халық тағдырын бір
арнада қиыстырады.
Жазушының тағы бір очеркі - “Нұқ пайғамбардың кемесі” деп аталады.
Мұнда негізінен кейпкер де, характер де жоқ, сюжетсіз очерк түріне жатады.
Шығарманың кӛтерген негізгі тақырыбы – Адам баласының бүгінгі ӛмірі.
Жердің жағасын жыртып, кӛйлегін айырып, әбден абыройсыз халге жетіп,
азып-тозып бара жатқанын очеркші қынжыла отырып айтады.
“... Павлодар облысында тұтас бір аудан Ермак атымен аталып, сол
аттас қалада Ермакқа орасан ескерткіш орнатылар ма еді? Және оның
тұғырына: “Ермакқа дән риза ұрпақтарынан!” деп тасқа қашап жазылар ма
еді? Ал “ұрпақтары” – кешегі тың игерушілер ғой. Бірақ олардың ұраны :
“Тыңды игерейік !” емес, “Тыңды бағындырайық !” болды. Тың – дегеніміз –
жер. Жер дегеніміз – Ана. Ал анасын бағындыратын адам бола ма екен?
[1,247],- деп тың игеру кезінде жіберілген асыра сілтеушілікке сын айтып,
олқылықтың жіберілу себептерін аша отырып, “Тың эпопеясы ” деген
даурықпа кезеңде бетегелі белдер, кӛделі жерлер, мың-миллион шүйгін
жайылымнан қазақ халқы айырылып қалғанына ӛкініш сезімін ӛзек еткен.
Бұл очеркте тек қазақтың жер мәселесі ғана емес, сол “Тың эпопеясы”
тұсында жүздеген қазақ мектептері жабылғаны, жергілікті қазақ халқының
әдет-ғұрып, салт-санасы, ұлттық қасиеті де топырақтың құнары кеткен
сияқты қақырап бара жатқанын жазушы нақты мысалдармен жеткізеді.
Семей маңында 40 жыл бойы атом бомбасы жарылып келгені, Аралдың
құрып бара жатқаны, адамдардың астамдығының, тасыраңдығының нәтижесі
екенін қаламы қарымды публицист кесек пайымдаулармен баяндап, сүбелі
тақырыптарды кӛркем түйіндеп, ӛмір ақиқатын жинақтап, қорытудың үлгісін
жоғарыдағы очеркінде кӛрсетеді.
Жазушы журналистің әрдайым жол үстінде болуы заңды құбылыс.
Шерхан Мұртаза қырық жылдан астам журналистік қызметінде талай
жердің топырағын басып, талай елдің дәмін татқан қаламгер. Солардың
санаулысы ғана жолсапар очерктеріне ӛзек болған себебі де
ізденімпаздығынан болса керек. Соның бірі «Абай сәулесі» деп аталатын
жолсапар очеркінде автордың әр сӛзді орынды пайдаланып, кӛркемдік
қолданысты дәл тауып, айтайын деген ойын жылы сезіммен,
аңғарымпаздықпен жеткізген деуге болады.
« ... Егер әркім Абай арқылы ақылына ақыл қосса; кӛз нұрына нұр
қосылса; сезімін байыта түссе; жан дүниесін, рухани әлемін рахымдандыра
берсе – шіркін, онда арамызда арамдық, арызқойлық, қызғаныш, такәппар-
тақастық, ӛтірік-ӛсек, жала-қорлық, тағы не бар - барлық жағымсыз қылық
арамыздан әлдеқашан аласталар еді...»[1,146],- деген очеркистің ой
ұшқырлығымен, ой-түйіндерінің бірегейлігіне тәнті боласың. Қоғамдық
ойшыл, халық мүддесінің жоқтаушысы Абайдың 150 жылдық тойы әлемдік
деңгейде ӛтетініне осы очеркінде болжам жасаған Ш.Мұртазаның шексіз
оптимизмі мен кӛрегендігіне де куә боламыз.
«Абай сәулесі» шығармасында жолсапар очерктеріне тән кӛзге
түскеннің бәрін тізе бермейді, керісінше Жидебайдағы қазіргі Абай музейінің
жайы, Қарауылдағы салтанатты жиналыс, терістіктегі Ақшоқы тауының
әсемдігі, Еңлік-Кебек ескерткіші басындағы очеркистің әсері ӛзек болады.
«Естен кетпес Эстония сапары» жолсапар очеркінде жасыл аралдар мен
қалың ормандар, егістік алқаптар, Эстон халқы мекендейтін жанатты жер
жайлы мол мәлімет, деректер арқылы кӛрініс тапқан.
Қазақ халқы мен эстон халқының тағдыр ұқсастығы салыстырыла
тартымды баяндалады.
«Арасын бес-алты мың шақырым алыстық бӛліп жатқан екі
республиканың ауа райы екі басқа. Эстонияда ылғал кӛп. Мұның залалды
жағы да жоқ емес. Ертеде мұнда ӛкпе ауруына шалдыққандар кӛп болған.
Туберкулезді дәрігерлер жаза алмайтын кезде бұл ауру нағыз тажал еді. Енді
ол қауіп жоқ. Медицина туберкулезді жеңіп шықты»[1,202]. Бұл жолжазба
ерекше ықыласпен оқылатын және Эстон жері мен халқының дәстүрлері
туралы толық сипаттама бере алған, деректері кӛп, тартымды очерк деуге
болады.
Шерхан Мұртазаның «Париждегі қазақтар» атты туындысы жолсапар
жазбаларының ішіндегі үздігі. Аса бір тебіреніс, шабытпен жазылған бұл
очеркінде жазушы әлемдік ӛркениеттің бесігі – Париждің ӛмірімен қоса
ондағы қазақ отбасыларының тіршілігінен хабар бере отырып, олармен
жүздесу және қоштасу сәттерін жазғанда әр қадамын ежіктеп, кӛрген-
түйгендерін рет-ретімен оқушыға шебер тілмен жеткізіп отырған. «Хабар
тиісімен Париждың қазақтары біз тұрған мейманханаға лезде-ақ келіп жетті.
Кезек-кезек қонаққа шақырып-ақ жатыр. Бәрінің үйіне қыдырып жүруге
уақыт кӛтермейді. Сонымен, ақылдаса келіп біреуінің үйіне баратын болдық.
Ол Ханимет деген жігіттің мекені екен. Тӛрт бӛлмелі кең-мол пәтерде
Ханимет, әйелі Фазилә, екі баласымен тұрады. Ӛзі осы Парижде былғары
фабрикасында жұмыс істейді. Тӛрт бӛлмелі пәтер оған 400 000 франкке
түскен. Біздің ақшаға шаққанда 40 000 сом. Кең залда кілем, кӛрпе тӛсеулі.
Столдарын, орындықтарын шығарып тастапты. Меймандарды баяғы ата-баба
замандағы қазақтарша күтіп алмақшы»[1,229],- деп Париждік қазақтардың
бұл елге келу тарихына, онда жүзге терта қазақ отбасы тұратыны жайлы айта
келе, қасиетті қазақ жерін кӛргісі келетін қандастарымыздың күпті кӛңілін
айта кетуді автор борыш деп санайды.
« - Жалғыз тілек: біз туралы бӛтен ойламаңыздар. Елден жырақ кетсек -
ол біздің кінәміз емес. Тағдыр солай, - дейді Париждік қазақтар. – Әйтеуір
сӛге жамандамаңыздар. Шет елде жүрген қазақтар туралы алматылық бір
ақын: «Саудагерсің бе, сатқынсың ба...!» деп жазыпты. Соны оқып, ӛте
қиналдық. Бәрімізге ӛйтіп топырақ шашу – татулықтың, бауырмалдықтың,
адал жүрек, ақ ниеттің дәнекері бола алмайды»[1,231],-қазақ ақыны айтқан
сӛз үшін қызырып, кешірім сұрағанын, сағыныш пен әлдебір арманға толы
жандармен қимай қоштасқанын әсерлі баяндайды.
Қорыта айтқанда Шерхан Мұртазаның очерктерінің жазылу стилі,
формалық ерекшеліктері, жазушылық әдіс-тәсілдеріне аз-маз назар аудардық.
Жазушының тақырып таңдауы, оны игеруі, оқырманға қалдырар әсері де
ерекше екеніне кӛз жеткіздік. Очеркистің ұстанған ӛмірлік позициясының
бірнешеуін санамаласақ: біріншіден, адамзат тіршілігінің ӛзекті мәселелері
туралы тұрақты тебіренеді, екіншіден, шағын кӛлемге кең мағына сыйғызуға
шебер, үшіншіден, әдебиеттегі кӛркемдік компоненттерді кең және еркін
пайдалануға ұста, тӛртіншіден, ұлттық идея, ұлттық намыс, ұлттық сана
мәселелерін ӛз шығармаларына ӛзек етеді. Сонымен Шерхан Мұртаза
жазушылық пен журналистік тізгінді қатар меңгерген қазақы намысшыл
суреткер дегіміз келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Мұртазаев Ш. Не жетпейді? Алматы., Жазушы, 1990.
Достарыңызбен бөлісу: |