218
Қызыл жебе
– Қателесесіз, Алексей Иванович. Ой-ой, қалай қателесесіз,
көгершінім. Сіз айтып отырған «жабайы киргиздардың»
әйелдерінің өзі ат үстінде толғатып, түйе үстінде туа береді. Бұлар
итжанды, өте шыдамды. Он жыл Сібір Рысқұлдың жұмырына
жұқ та болмайды. Тек сізге деген өзімнің ыстық ықыласым
ғана сіздің шешіміңізді бұзып, істі қайта бастаудан мені бас
тартқызады. Басқа біреу болса, илікпес едім. Сіздің шешіміңізді
бұзып, беделіңізге нұқсан келтіргім жоқ. Тәңірі жарылқасын.
Губернатор өзінің орынбасары Осташкинді шақыртып, тәртіп
берді.
– Он жыл каторгаға кесілген Рысқұлдың түс белгілерін
хаттап, өзін суретке түсіріп, жолға дайындау жөнінде
полицмейстерге нұсқау беріңіз. Ұзаққа созбаңыз. Не де болса,
біздің қарамағымыздан қарасы үзілсін. Сол дұрыс болар.
Вице-губернатор өз кабинетіне келісімен, басқа шаруаны
былай қойып, гербілі қағаз алып жаза бастады.
«Верный полицмейстеріне.
Верный округтік сотының үкімімен Шығыс-Талғар
облысының киргизі Жылқайдаров Рысқұл Жазалау Ережесінің
1453-статьясындағы 3-пункт бойынша қылмысты деп
танылып, он жыл каторгаға сотталды.
Осыны хабарлай отырып, Облыстық Басқарма Сізден
Жылқайдаров Рысқұлды жер аударылушы арестанттар
тобына жатқызып, оның түр-түсі жөнінде мәліметтер
алуыңызды сұрайды. Сонымен бірге, айдалу тізіміне тігу
Достарыңызбен бөлісу: