Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет124/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

* * *


248
Қызыл жебе 
Тұрар  кешкі  апақ-сапақта  камерасына  қайтып  келгенде, 
камерада  әкесімен  бірге  отырған  Бронниковты  көріп,  әрі 
таңданып,  әрі  қуанып  қалды.
–  О, Саша ағай, сіз бізге қайтып келдіңіз бе?
–  Иә,  Тұрар,  сағындым  сендерді.  Бірақ  мені  қазір  әкетеді. 
Сен  жоқта  көкең  екеуміздің  бітірген  шаруамыз  мынау,  –  деп 
Тұрардың қолына бір парақ қағазды ұстата берді. Тұрар қағазды 
өлеусіреген шырағданның әлсіз жарығына тосып тұрып, ежелеп 
оқи  бастады.
«Жетісу  губернаторына  Верный  түрмесінде  жатқан 
каторжник  Рысқұл  Жылқайдаровтан
Арыз
Алдағы  маусым  айында  келесі  этаппен  каторгаға 
айдалмақшымын.  Осы  себепті  Сізден  құлдық  ұра  өтінемін, 
балам Тұрарды өзіммен бірге ала кетуге рұқсат етіңіз. 25 мамыр 
1906 жыл. Верный қаласы. Сауатсыз Рысқұл Жылқайдаров үшін 
қол  қоюшы
Александр Бронников».
Бала сілейіп тұрып қалды. Жанындай көретін адамнан, туған 
әкесінен айырылатын кез мұнша таяп қалғаны қатты шошытты.
–  Мені  олар  жібермейді,  көке,  –  деп  әкесінің  мойнын 
құшақтады.
–  Оны  қайдан  білесің?  –  деп  Бронников  баланың  иығынан 
тартты.
–  Приходько  айтты.  Ол  мені  шоқындырмақшы.  Шіркеу 
оқуына  түсіремін  дейді.  Сонда  әкеңді  каторгадан  босатып  ала 
аласың  дейді.  Әкең  арызданғанмен  бәрібір  сені  оған  қосып 
жібере  алмаймыз  деді.
–  А, залым! – деп Бронников шекелеп отырып өз тізесін өзі 
дәу жұдырығымен бір ұрды. – Сенен поп тәрбиелеп шығармақшы 
екен ғой.
–  Не  дейді?  –  деп  Рысқұл  қос  қолымен  жер  тіреп  сілкіне 
түрегелді.
–  Тыныш! – деп басу айтты Бронников.


249
Қызыл жебе
–  Шоқындырғаны  несі?  Енді  істемеген  қорлығы  сол  еді. 
Қолында  өлейін!  –  деп  Рысқұл  дес  бермеді.
–  Тыныш!  Бәрібір  құр  кіжінгеннен  түк  шығара  алмайсың, 
Рысқұл. Балаға кесірің тиіп кетеді құр бекер. Ойланайық. Сенен 
поп  жасамағы,  әрине,  иттік,  Тұрар  бауырым.  Поптың  үлкені  – 
Ғапон.  Сол  үлкен  иттің  кесірінен  Питерде  мыңдаған  адамның 
қаны  төгілді.  Сол  үлкен  иттің  кесірінен,  міне,  мен  елімнен, 
отбасымнан айрылып, алыста, абақтыда жатырмын. Жоқ, Тұрар, 
сен  шіркеу  оқуына  түспейсің.  Шоқынбайсың  да.  Бұл  барып 
тұрған  масқарашылық.  Отаршыл  оңбағандардың  жексұрын 
саясаты.  Ал  бірақ  мына  арызды  қанағаттандырмауы  әбден 
ықтимал.  Ондай  жағдайда,  Рысқұл  каторгаға  кетіп,  сен  қалған 
жағдайда,  Приходьконың  қармағынан  құтылуға  тырыс.  Тұрар 
бауырым, Пішпекке, не Әулие-Атаға барып, қалай да оқуға түсуге 
тырыс. Сен өте жассың. Бірақ жағдай сені есейтті. Ерте есейдің, 
бауырым. Бұл қалада қалма. Приходько оңбаған сенің санаңды 
улап, өз халқының жауы етіп баулымақ. О, залым ит! Алданба, 
Тұрар!
Әлгі  арызға  жауап  көп  кешіккен  жоқ.  Облыстық  басқарма 
Верный  полицмейстрі  арқылы  мына  мәнді  жауап  қайтарды:
«Верный полицмейстріне
Облыстық басқарма 
Верный 
түрмесінде 
жатқан 
каторжник 
Рысқұл 
Жылқайдаровқа  мынаны  хабарлауыңызды  тапсырады.  Оның 
арызы қанағаттандырылмайды. Ереженің 120-шы статьясына 
сай, жасы он төртке жетпеген балалар каторгаға ата-анасымен 
бірге  айдалуға  жатпайды.Осы  жауапты  хабарлағаныңыз 
туралы Рысқұл Жылқайдаровқа қол қойдырып, қағазды полиция 
Басқармасында  сақтаңыз 
Вице-губернатор Осташкин
31 мамыр 1906 жыл. № 8465»
1906 жылдың маусым айының тамылжыған таңында Рысқұл 
камерасының құлпы соңғы рет салдырлады. Рысқұл өзіне жыл 
жарым мерзім мекен болған тас зынданмен қоштасты. Ол соңғы 
рет айқыш-ұйқыш сом темірді терезеге қарады. Қуқыл аспанның 


250


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет