Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет64/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
топ  белгісіз  киргиздар  урядникті  өлімші  етіп  сабап  кеткен.  Ал 
Жайылма управителі Нарсұлтан бізге ең сенімді адам.
Соның жерінде әлгіндей оқиға болып жатқанда басқалардан 
не  қайыр?  Верныйдың  ерлер  гимназиясында  үкіметке  қарсы 
марксшілдер ұйымы біраз жылдан бері өмір сүріп келіпті. Тіпті 
сол  ұйымның  бір  мүшесі,  гимназияның  кешегі  түлегі  Михаил 
Фрунзе  деген  Петербургтен  бір-ақ  шығып,  «Қанды  жексенбі» 
оқиғасына қатысқан. Қазір Иваново-Вознесенскіде большевиктік 
насихат өртін лаулатып жүрген көрінеді. Бізге орталықтан саяси 
тұтқындарды  айдайды.  Ал,  олар  болса  мұндағы  елдің  басын 
улайды. Сөйте тұра, Жетісудағы әскери соттың үкімі жүрмейді. 
Логика  қайда?».
Фон  Таубе  жез  қоңырауды  әдеттегіден  қатты  қаңғырлатты. 
Сыптай  адьютант  сақпандай  атылып  кірді.
–  Барлық  уездердің  начальниктерін  ертең  таңғы  сағат 
тоғызға  шақырыңыз.  Бәрін!  –  деді  фон  Таубе.  –  да,  қала 
жандармериясының полицмейстерін, облыстың түрме бастығын, 
округтық  сот  председателін  шақыруды  ұмытпаңыз.
Фон  Таубе  емен  ағаштан  соққан  қомақты  креслодан  ырғала 
тұрып,  терезенің  алдына  барды.  Губернатор  бағында  ағаштар 
жасыл пүлішке оранып, неше алуан құстар сайрап, арықтан су 
сыңғыр-сыңғыр қоңыраулатып ағып жатыр. Бейіштің бағындай. 
Эдем бағындай. «Бірақ Эдем бағында да бейбітшілік болған емес. 
Онда да неше түрлі тартыс өткен. Бәрі алдамшы. Бәрі түс сияқты», 
– деп фон Таубе терезеден бетін бұрып әкетіп еді, императордың 
көзімен көз атысып қалды. Император мұны кінәлағандай ызғар 
шашып  тұр  екен.  «Иә,  императордың  күні  тағы  тас-талқан 
болады. Әлгі киргиздар айтқандай: «түйені жел шайқаса, ешкіні 
көктен ізде». Жабайы түземдер де кейде осындай дана сөздер айта 
алады.  «Жабайы,  жабайы»  деп  жүріп  жалпамыздан  түспейік... 
Революция.  Револьверден  атылған  оқтай  қарып  түсетін  қандай 
қорқынышты сөз. Бұл сөздің идеясымен түземдер уланса, сойқан 
сонда  болмасын.  Бұлардың  әйелдері  ат  пен  түйенің  үстінен 
түспей толғатып, босана береді. Бір көтерілмесін, бір көтерілсе 
– жауынгерлік рухы шығандап кететін шатақ ел. Ал, біз «момын, 


129
Қызыл жебе
момын»  деп  өзімізді  алдаймыз.  Бұларға  әскери  сот  жүргізуді 
қоспаймыз. Айтпақшы, әлгі Рысқұл...»
Фон  Таубе  қоңырауды  қолына  тағы  да  алды.  Жіптіктей 
адъютант  қоңырау  қағылар-қағылмас  сарт  ете  қалды.
–  Осташкин мырзаны шақырыңыз.
–  Құп болады!
Вице-губернатор  атан  түйедей  нән  кісі  еді.  Қазына  тіккен 
мундир шақ келмей, киімді ұдайы жеке ұстаға арнайы заказбен 
тіккізетін.  Қазандай  басы  қасқа  маңдай,  маңғаз.  Бірақ  мұрны 
кертіктеу,  ал  иегі  тым  шығыңқы.  Сақал-мұрт  қоймайды.  Оның 
есесіне күрең қасы қою. Қабағы жардай. Осынша тұлға-түр бола 
тұра, фон Таубені көргенде маңғаздығы айдалада адасып қалып, 
ебедейсіз  қалбалақтай  береді.  Өз  ісіне  мейлінше  берілген,  үй-
жайын, қатын-баласын мемлекет ісі дегенде ұмытып та кететін 
пәруана  адам.  Фон  Таубенің  алдында  қасқыр  көрген  түйедей 
қалшылдап  қалады.
–  «Рысқұл  ісі»  не  болып  жатыр?  –  деді  фон  Таубе  өз 
орынбасарына.
–  Әзірше істі Кіші Алматы сотына тапсырғанбыз.
–  Мына  генерал-губернатордың  жауабымен  танысыңыз. 
Әскери сотқа рұқсат жоқ. Істі округтік сотқа тапсырыңыз. Режимі 
қандай?
–  Жеке камера – қатаң режим, жоғары мәртебелім.
–  Приходькоға  ескертіп  қойыңыз,  бір  рет  Рысқұлдың 
түрмеден қашып кеткенін ұмытпасын. Баласы да сол камерада 
ма?
–  Иә, Жоғары мәртебелім.
–  Округтік  сотқа  ескертіңіз,  іске  қатаң  қарасын.  Бүкіл 
управительдер біздің әрекетімізді бағып отырғанын ұмытпаңыз. 
Болыстардың  наразылығына  қалмайық.
–  Құп болады, Жоғары мәртебелім.
VI
–  Оян,  Тұрар!  –  деді  әкесі,  екі  тізесін  бауырына  жиып, 
екі  қолын  тізесіне  қысып,  бүрісіп  ұйықтап  жатқан  баласына. 
Бұрынғыша  «Тұраш»  демекші  еді,  бірақ  қайталап:
–  Оян, Тұрар! – деді.


130


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет