Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет63/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
рұқсаты, бәлкім, тіпті Ресей империясының әскери министрінің 
рұқсаты  керек  болар,  –  деп  фон  Таубе  креслоға  шалқая  берді.
Кресло  тұсында  императордың  үлкен  суреті  ілулі  тұр. 
Николай II қылыштың қынабына таянып алған. Мұрты едірейіп, 
көзі бедірейіп, қай қырынан келсең де өзіңе тік қарайды. Жарты 
құдай осы. Бәлкім, құдайдан ары болмаса, бері емес. Ұлан-байтақ 
империяның  жекедара  монархы.
Губернатор  фон  Таубе  патшаға  еліктейтін.  Шашын  да 
соныкіндей  қырықтырып,  мұртын  да  солай  бастыратын.  Тіпті 
қажеті  болмаса  да  беліне  қылыш  асынады.  Креслодан  шалқая 
бере  сол  қылыштың  сабына  таянып  отырады.  Бірақ  осынша 
айбынымен  кішкентай  бір  «киргиздің»  ісін  өзі  шеше  алмауы 
оязды  қапаландырады.
–  Ташкент  пен  Петербурды    мазаламай-ақ  өзіміз  ғана  ың-
шыңсыз  тындыра  салмаймыз  ба?  –  деп  қалды  ояз.
–  Жоқ,  Георгий  Александрович,  ойланбай  айтасыз. 
Рысқұлдың  басын  ала  салу  оңай.  Одан  ештеңе  өнбейді. 
Әңгіме  сол  жазаны  жұртқа  жария  етуде.  Ал  жария  ету  үшін 
жоғарыдағыдай  санкция  керек.  Мәселенің  өте  маңызды  екенін 
айтып  мен  генерал-губернаторға  хат  жазайын.  Жауабы  қалай 
болады іс солай шешіледі. Келістік қой, Георгий Александрович. 
–  Әңгіме  осымен  аяқталғанын  аңғарған  ояз  орнынан  жылдам 
тұрып,  губернаторға  басын  иді.
–  Сау  тұрыңыз,  Георгий  Александрович,  –  деді  губернатор 
креслодан  тұрмастан  қолын  созып.
Ояз шығып кеткен соң, қоңырау қағып, адъютантқа:
Осташкин мырза кірсін, – деді.
Вице-губернатор кіріп келіп:
–  Слушаю Вас, – деп қалшиып тұрып қалды.
–  Михаил  Захарович,  енді  «Рысқұл  ісімен»  тікелей  сіз 
айналысасыз.  Менің  атымнан  генерал-губернаторға  хат 
дайындаңыз. Рысқұл Жылқайдаровқа әскери сот үкімін шығарып, 
16-статьямен соттауға болар ма екен деп істің мән-жайын түгел 
баяндап жазыңыз. Болыстардың арызы туралы да айтыңыз. Хат 
дайын  болған  соң  маған  қол  қоюға  әкеліңіз.
–  Құп болады! – деді вице-губернатор Осташкин.


127
Қызыл жебе
***
Араға апта салып Ташкенттен, генерал-губернатордан жауап 
келді. Адъютант фон Таубеге құпия екі хатты ашпастан ұсынды. 
Бірінші конвертті ашып:
–  Нн-да, – деді фон Таубе хатты оқып болып.
«16-статья бойынша әскери сотпен соттау Жетісу губерниясына 
жатпағандықтан,  Рысқұл  Жылқайдаровты  әскери  сотқа  беру 
мүмкін емес. Сонымен бірге оған қатаңырақ жаза қолдану үшін 
жергілікті сотқа нұсқау беріңіз» делініпті хатта.
Фон Таубе екінші конвертті ашып шұқшияды. Хаттың сол жақ 
шекесіне 
«Генерал губернатор. № 0121.
Екінші шекесінде: Құпия
Жетісу болыстарының
Әскери губернаторына»
16 көкек 1905 жыл, Ташкент қаласы – деп жазылған жазу 
тұр.  Одан  әрі  мәтін  кетеді:
«Менің  алған  мәліметтерім  бойынша,  соңғы  кезде  киргиз 
ауылдарының  арасында  кейбір  толқулар  байқалған  сияқты. 
Бұл  сірә,  үкіметке  қарсы  орталықта  жүріп  жатқан  зиянды 
әрекеттердің  әсерінен  туса  керек.  Сондықтан  да,  жоғары 
мәртебелі  мырза,  өз  уезд  начальниктеріңізге,  учаскелік 
приставтарға  тәртіп  беріңіз:  көшпенділерге  қатаң  бақылау 
орнатылсын,  халықты  бүлікке  шақыратын  сенімсіз  адамдар 
байқалса,  дереу  бізге  хабарлап  тұрыңыз  және  әлгіндей 
көшпенділердің  арасынан  аластауға  әрекет  жасатыңыз...
Генерал-губернатор»
Қол қойылып, мөр басылған.
Фон  Таубе  екі  жұдырығына  мандайын  тіреп  отырып  қалды. 
«Түсінбеймін, – деді өзіне өзі, – қой аузынан шөп алмайтын момын 
Жетісу  деп бұл өлкеге өздері әскери  сот  пәрменін таратпайды. 
Сөйте тұра киргиздар арасында толқу байқалады, абайлаңдар», 
– дейді. Әрине, абайлаймыз. Күні кеше Жайылма болысында бір 


128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет