Қорытынды Тұрар бейінесін жасауда ең алғаш қалам тартқан М.Әуезов болатын.Тұрардың көзі тірісінде жарық көрген «Қараш-қараш оқиғасы» повесі жұртшылықтан жоғары баға алған болатын. Оны оқыған Т.Рысқұловтың ағыл-тегіл егіліп жылаған Т.Рысқұлов жайлы біраз жағдайларға қанық болғанымен, оның өмір жолын түгел қамтитын, ұлт мақтанышы бейнесін жоғарыдан көретін туынды әлі дүниеге келе қоймаған еді. Сол кезеңде зиялысынан адасып қалған ұрпақты ардақтысымен қауыштыра Шерхан Мұртаза. . Жазушы Тұрар бейнесін тек тарихи фактілермен шектеп ,соның шырмауында ғана суреттемеген оның пенделік пішінін ,адамилық қасиетін,ішкі психологиясында анық, айқын суреттеген.Сонымен қатар,Тұрардың әкесі Рұсқұлдың да бейнесін әр сәтте әр түрлі қырынан көрсеткен.Бұл шығармада біз ең алдымен,Рұсқұлды рухы күшті,намысы биік ұлт азаматы ретінде танимыз.Тұрар әкесінің батылдығы мен қайраттылығына сүйсінеді де,өзі де әкесі секілді нар тұлғалы азамат болып өседі.Тумысынан зерек Тұрар өзін тегі асыл ең жүйрік ,ең мықты Қызыл жебеге теңегісі келеді. Тұрардың ең соңғы өлер шағында да әксінің рухы –«қызыл жебені» мініп келіп:
- Оян ,Тұрар! –деп айқай салды.-Жүр ,кетеміз,атасына нәлет!-деді.Әкесінің әлгі «атасына нәлет !»дегені бұл жалған ,алдамшы дүниені балағаттағаны шығар. Автор қанатты сөздерді қолдана отырып та ,Тұрар образын шебер бейнелей білген .Әрбір қанатты сөз оған жаңа бір реңк беріп тұрғандай.Мысалы, «Жүгіріп келе жатқан көшең қисық болса да, жүрісің түзу болсын» «Ұлылықтан пенделікке дейін бір-ақ қадам »Тиын тебен қымбат емес ,адамның ары қымбат .Бас кепесек болса да ,тіл кеспек жоқ .Жаңылмайтын жақ ,сүрінбейтін тұяқ жоқ –деген аталы сөздер Тұрар Рұсқұлов бейнесіне жарық түсіріп,оның шыңдалуына зор үлес қосқан. Бүгінде біршама адамдар бұл хамса - романды жоғары бағалап,Т.Рысқұловтың өмірінен сыр шертіп тұрғандықтан М.Әуезовтың "Абай жолы" сынды роман-эпопея деп санайды. Алайда ғылыми тұрғыда дәлелденбеген көзқарас болғандықтан, ғылым тарапынан аталмыш еңбекті роман-эпопея деп айта алмаймыз. Бес том кітап арнап отырып, жазушының өзі: «Тұрардың өз деңгейінде зерттей алған жоқпын. Т. Рысқұлов әлемі – шексіз, шетсіз әлем. Оның мұхитына сүңгу енді сендердің еншілеріңде», - деген еді. Бұл да ұлылар айтуға тиіс сөз сияқты.Кітап көпшілік оқырманға арналған.