Шығарма туралы пікірлер: Жазушы Тахауи Ахтанов "Қызыл жебе" романы туралы былай дейді: " Жаңа романда Шерхан тіл жағынан да өсіп, байи түскен. Кейіпкерлердің өз болмыс-мінезіне сай сөз саптауынан,табиғат суреттерінен, авторлық баяндау тебіреністерден бүгінгі проза дәрежесіндегі салиқалы кеңдік, шымыр шырақтық сияқты тіл мәдениетін танимыз".
Абдуллаева Оралсын: Бұл роман бізге рухы мықты халық екенімізді ұқтырғандай болды.Тұрардай қайраткермен таныстырды.Қызыл жебе романы әлсіреген рухтың жігерін жанитын,өн бойы қайсарлыққа,жігерлілікке жетелейтін дүние.Бүгінгі,бәрі емес,жан дүниесі кедей,рухы әлсіз адамдардың оқуы қажет-ақ.Халқымның батыр ұлдарын ұлықтаған өткір тілді Шерхан Мұртаза — халқымен бірге мәңгі жасайды.
Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың жазушыға айтқан пікірі: «Шерхан Мұртаза бүкіл ғұмырын төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына арнаған біртуар азамат, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған нар тұлғалы қаламгер, қарымды қоғам қайраткері болды. Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды.Шерхан Мұртаза қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы «Шерағаң» деп қадір тұтты.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB_%D0%B6%D0%B5%D0%B1%D0%B5_(%D1%80%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D0%BD)
2. Ш.Мұртаза –жеті томдық шығармалар жинағы «Қазығұрт »баспасы,2005
3. Ш.Мұртаза –жеті томдық шығармалар жинағы «Қазығұрт »баспасы,2002
4. Массагет порталынан алынған мәлімет
5. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық аныктама