11- сынып – 3. Қоспалар. 7 балл
А затын күкірт қышқылымен әсер еткенде түзілген өткір иісті Б газын жай сұйық В затының судағы түсті ерітіндісі арқылы өткізгенде ерітінді түссізденген. Алынған ерітіндідегі барий тұзын қосқанда қышқылдарда ерімейтін ақ тұнба түзіледі. Алынған ерітінді арқылы сары-жасыл түсті газды өткізгенде В заты түзіледі және бұрыңғы түсі қалпына келеді. А,Б,В және Г заттарын анықтаңыздар және тиісті реакция теңдеулерін жазыңыздар.
Шешуі: өткір иісті түссіз газ күкірт (IV)оксиді болуы мүмкін. Сұйық күйде болатын жай заттар – бром мен сынап. Сынап күкіртті газбен
Реакция теңдеулері:
Na2SO3 + H2SO4 = Na2SO4 + SO2+ H2O
SO2 +2H2O +Br2 = Na2SO4+ 2HBr
BaCl2 + Na2SO4 = BaSO4+ 2 HCl
Cl2 + 2HBr = 2HCl +Br2
Демек, А- сульфит, Б- SO2, В- BaSO4, Г- Cl2.
11- сынып -4. белгісіз заттың формуласын анықтау. 8- балл
75 мл газ тәрізді органикалық затты 150 мл оттекпен араластырып, алынған қоспаны қопараған. Түзілген су буынан арылғаннан кейін көлем 150 мл дейін кеміген, ал қалған газды сілті ерітіндісінің артық мөлшері арқылы өткізгеннен кейін оның көлемі 75 мл болған. Осы қалған газды өте жоеғары температураға дейін қыздырылған металл күйіндегі мыс арқылы өткізгенде, ол толық жұтылған. Барлық өлшеулер 1100С температура мен атмосфералық қысымда жүргізілген. Заттың формуласын анықтаңыздар. Сөз болған реакция теңдеулерін жазыңдар.
Шешуі: су буларының көлемі: V(H2) = 225 мл – 150 мл = 75 мл
Көмір қышқыл газының сілтімен жұтылу ракцисы:
CO2 + 2NaOH =Na2CO3 + H2O
Көмір қышқыл газының көлемі: V(СО2) = 150 мл – 75 мл = 75 мл
Жоғарғы температурада металл күйіндегі мыс арқылы өткізгенде жұтылған газ – артық мөлшерде алынған оттек:
Cu + O2 = 2Cu O
Оттектің артық мөлшерінің көлемі: V артық (O2) = 75 мл
Оттектің әрекеттескен мөлшері: V рак (O2) = 150 мл – 75 мл = 75 мл
Заттың құрамына оттек кіреді.
Реакция схемасы: Cx Hy Oz + O2 = CO2 + H2 O
Көлемдік қатынастар заңына сүйене отырып, коэффиценттерді анықтаймыз:
V(Cx Hy Oz) : Vпрореаг (O2):V (CO2) : V(H2 O)г = 75:75:75:75 = 1:1:1:1.
Бұдан:x =1, y =2, z = 1, ал заттың формуласы CH2 O
Достарыңызбен бөлісу: |