«Шет тілі: екі шет тілі» ббб, 2 курс, 202 топ студенті мейрамбекқызы ақботаның



бет5/5
Дата08.12.2023
өлшемі297,5 Kb.
#135412
1   2   3   4   5
Сынып сағаты - бұл оқушылардың қоршаған әлемге деген қарым-қатынас жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін сыныптағы тәрбие жұмысының бір түрі. Бұл сынып жетекшісі мен оның оқушыларының қарым-қатынас формасы, оны ұйымдастыруда басты рөлді мұғалім атқарады.
Сабақты өткізудің негізгі қағидалары:

  • «Сынып сағаты» апта сайын өткізіледі және жалпы мектеп кестесіне енгізіледі.

Пәнді кестеге «Сабақтарды түрлендіргіш» арқылы немесе бұрыннан құрылған сынып кестесіне енгізуге болады.
«Сынып сағаты» пәні бағаланбайтындықтан, қойылмаған Формативті белгілер негізінде қалыптасатын «Журналды уақытылы жүргізу» есебінде «-» (сызықша) шағатын болады. Бұл сызықша белгілі бір кезеңдегі пән бойынша бағалардың жоқтығын көрсетеді. Бірақ бұл белгі мектептің жалпы көрсеткіштеріне әсерін тигізбейді.
Журналда «Күнтізбелік жоспарлауды» толтыру барысында өткізілетін сабақтардың тақырыптарын көрсету қажет.
Үй тапсырмасын беруге талап жоқ болғандықтан, ол мұғалімнің қалауы бойынша беріледі.

Сыныпқа мінездеме


Сынып –2 Б
Ұлты – қазақ-18
Сынып оқушыларының ұстанымы – «Біз талапты балдырған,үлгі аламыз жақсыдан!»
Оқушы саны – 18
Ұл – 10
Қыз – 8
Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің білім беретін мектебінің 12 б-сыныбында 18 оқушы бар, оның 10-ы ұл, 8-і қыз бала. Сынып ұжымы 2016-2017 оқу жылында мектепалды даярлық тобынан бастап қалыптасқан. Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі. Сыныптың әлеуметтік деңгейі: Ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста. Сайланған көшбасшы – Айтулла Нұрхат (оқуға қабілетті, ашық мінезді, белсенді), сынып белсенділері Қозбаева Диана мен Аманғали Арлан, Эрошбоеве Ерасыл. Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Жалпы сыныптан тыс шараларға,сабақтарға белсене қатысады. Сынып белсенділері – оқу секторы, мәдениет, тазалық, шаруашылық секторы және редколегия мүшелері де өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс шараларға, үйірмелерге белсене қатысады. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы өте жақсы, бір – бірімен өте тату. Мектептің қоғамдық жұмыстарына әр уақытта топпен бір кісідей атсалысып қатысып, тапсырылған жұмыстарды уақытында, тиянақты, үлкен жауапкершілікпен атқарады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл балалар мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы.Сабаққа деген қызығушылықтары жақсы. Олар мұғалімдерге әртүрлі сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты толық меңгергілері келеді. Сабаққа оқушылар дайындықпен келіп, жаңа сабақты үлкен зейін қойып тыңдайды. Ата – аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды. Еш себепсіз сабақ қалдырмайды. Қосымша сабақтардың өздерінде қалдырмай, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Бірінің білмегенін бірі айтып үнемі көмектеседі. Сынып жетекшісі Кабдушева А.А.
Оқушыға мінездеме жазу

Оқушы туралы мәлімет: Абдыкошова Айша 2008 жылы қараша айының 28 жұлдызында дүниеге келген. Айша 2015 жылы 1 қыркүйектен бастап мектепке қабылданған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.
Әлеуметтік жағдайы жақсы. Үйден барып - келіп оқиды. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Негізгі қолы оңқай. Пәндер ішінде математика, бейнелеу, еңбек пәндеріне қызығушылығы мол. Математикалық түсініктері қалыптасуда, 1 - ден 100 - ге дейінгі сандарды санайды, жазады. Тек сандарды қосу және азайтудан кейде қиналады. Сабақты себепсіз босатпайды.
Мінезі тұйық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді.
Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.

Балқаш қаласы ЖББ
№24 орта мектебінің 2 сынып оқушысы
Абдыкошова Айша Бакытжановнаға

Мектеп директоры Ахметова Қ. Ж.
Сынып жетекшісі Кәрібай Б. Қ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет