«Шет тілі: екі шет тілі» ббб, 2 курс, 202 топ студенті мейрамбекқызы ақботаның



бет1/5
Дата08.12.2023
өлшемі297,5 Kb.
#135412
  1   2   3   4   5
Байланысты:
практика полный


Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғарғы білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты
Педагогика кафедрасы



«Шет тілі: екі шет тілі» БББ,
2 курс, 202 топ студенті
МЕЙРАМБЕКҚЫЗЫ АҚБОТАНЫҢ
«ТӘРБИЕ» ІС-ТӘЖІРИБЕСІ
бойынша


ЕСЕБІ


(Іс-тәжірибе мерзімі: 01.09.2023-15.12.2023ж.)


Іс-тәжірибе жетекшісі: Ж.М.Акпарова, п.ғ.к., доцент ________________
Бағасы: _________ _____________
(қолы)

Алматы қаласы, 2023


«Тәрбие және оның ерекшеліктері»
Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметтік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай қашан өзгерту қажетігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.
Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.
Үлгі ретінде философ В.А.Штофтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керекАкадемик В.Д.Афанасьев үлгінің негізгі сапаларын атай отырып, оған мыналарды жатқызады:
— түпнұсқаның –жүйеге ұқсас сай келуі;
— мақсаттылық, яғни оның параметрлерінің жүйе алдына қойылған мақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес келуі;
— субъектілік бағалау қатынасына және үлгіні жасаушыларға бейтараптық қатынаста болу;
— түпнұсқаның- жүйенің параметрлерімен және кейбір детальдарымен алшақтау.
Үлгі обьектінің немесе құбылыстың белгілі бір жеңілдетілген, схемаландырылған көрінісі болып табылады. Ол үлгіні жасау процесі-ерекше таным тәсілінде жасалды, яғни жүйе зерттеу объектісінің үлгісінде көрініс табады.
Философтардың әлеуметтік құбылыстар мен объектілердің үлгісін жасау проблемалары жайлы көзқарастары мектептің тәрбие жүйесінін үлгісін жасау жолдарын анықтауға көмектеседі. Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының тең келтіру үлгісін жасалуы тиіс. Жасалатын үлгіде тәрбие процесінің субъектілерімен тәрбие жүйесінің компоненттері жайлы түсініктері, жүйе жасаушы факторлар мен байланыстар, жүйенің құрылымы мен қызметінің соңғы және арлықтағы нәтижелері оларды қадағалау мен белгілеп отырудың әдістері туралы түсініктері жинақталуы қажет. Үлгі жасауда қолданылған технологиялар тәрбие жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық кешенінің біртұтас үлгісін жасауға мүмкіндік туғызуы керек, яғни оқушылардың сабақта және сыныптан тыс әрекеттерін өзара байланыстыратын, мектептің, отбасының және әлеуметтік ортаның тәрбиелік күшін кіріктіретін, инновациялық процестер мен дәстүрлі формалардағы әрекеті біріктірілген, жүйенің қызметіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлардың сипаты мен тенденциялары анықталған, әрі ескерілген болуы керек.
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау-бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде келешекте де- оның қызметі мен даму сатыларында да оның элементтері, байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.
Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тура келеді:
I кезең-мектеп бейнесін жасау.
II кезең-оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру.
III кезең- оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау процесін кезең-кезеңімен қарастырамыз және әр кезеңдегі педагог, оқушы, ата-аналардың бір мақсатқа бағытталған бірлескен тіршілік әрекетінің формалары мен әдістерін анықтаймыз.
Бірінші кезең- мектеп бейнесін жасау. Ол өте күрделі және ұзаққа созылады. Мектеп бейнесін жасау-бұл педагогтардың, оқушылардың, ата-аналар мен өзге де әлеуметтік орта өкілдерінің мектептің тәрбие жүйесінін нақты немесе болжамды үлгісін жасауға және оның құрылымы мен дамуының жолдарын, субъектілері мен құралдарын анықтауға кіріктірілген мүмкіндіктері. Мектеп бейнесі тәрбие жүйесінін компоненттері мен өзара байланысқан бірнеше құрамынан тұрады.
Тәрбие жұмысы-бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған мақсатты іс-әрекет. Педагог -тәрбиешінің есінде ең алдымен тәрбиешілік және дамытушылык іс-әрекет, ұжымды ұйымдастыру және дамыту, оқушы тұлғасының қалыптасу мәселесі тұруы керек.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысын атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуан, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын қайта қарауды талап етеді.

«Мектептің тәрбие жұмысы және оның жоспары»


Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтарға негізделіп ұйымдастырылады.
Тәрбие процесін адамзаттың жинақтаған мәдениетін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушының жеке мәдениетіне, тұлғалық құндылығына айналдыру мақсатындағы оқушының өмір әрекетін ұйымдастыру деген ұғыммен тәрбие шаралары барлық ынталы тараптардың: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізілуі тиіс.
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесі құжаттар:
«Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV;
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345;
«Білім туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі – педагогикалық тәжірибеге білім алушылардың академиялық білімін, негізгі біліктіліктері мен құзырлылықтарын қалыптастыруды, олардың оқуға деген ұмтылысын, оқу-танымдық әрекетке қызығушылығын арттыруды қамтамасыз ететін білім берудің мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістері мен технологияларын ендіру.

«Сынып жетекшісі және оның міндеттері»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет