Шетел ғалымдарының «концепт», «когнитологияға» байланысты зерттеулері



Дата08.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#41939
Байланысты:
Құмарбекова Г (копия)

Стилистиканың түрлері, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына Венн диаграммасын құрастыру.


Дайындаған: Құмарбекова Г
Филология 402-топ
Тексерген: PhD доктор Дюсембина Г
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Публицистикалық стиль
Ғылыми стиль
Ұқсастығы
Публицистикалық стиль – (бұқаралық ақпарат құралдарының тілі) функциональды стильдердің бірі.
Публицистикалық стиль қоғамдық өмірдің алуан саласында, саяси, мәдени-экономикалық, қарым-қатынастарды көрсетуге қызмет етеді.
Публицистикалық стильдің екінші бір ерекшелігі – ұлттық әдеби тілдің толығуына зор ықпал етеді, әрі әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық жүйелеріндегі даму ерекшеліктерін көрсете алады.
Публицистикалық стиль – газет, журнал, радио, теледидар, документальді фильм, публицистикалық стильдің тақырыптық диапазоны өте кең: саясат, идеология, философия, экономика, мәдениет, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің проблемаларды, қазіргі уақыттың кезектегі міндеттері, ағымдағы саясат мәселелері, әлемдегі, қоғамдағы жаңалықтар мен өзгерістер (публицистиканы “қазіргі кезең жылнамалары” деп бекер айтпайды).
Ғылыми стильдің қолданылу аясы өте кең.
Ғылым өндіріс пен техниканың дамуымен, жоғары және орта білім берумен тығыз байланысты болғандықтан, ғылыми стиль таза ғылыми еңбектермен қатар ғылыми-техникалық жұмыстар мен құжаттарда, оқулықтар мен ғылыми-көпшілік басылымдарда қолданылады.
Тілшілер ғылыми стильдің өзін бірнеше тармақтарға бөледі. Мәселен, О.Д.Митрофанова нақты ғылыми стиль (собственно-научный, т.е. академический), ғылыми-көпшілік (научно-популярный), ғылыми-ақпараттық (научно-информативный) және ғылыми-іс (научно-деловой) стильдері деп саралайды.
Л.Г.Барлас ғылыми стильді арнайы ғылыми стиль (специальный), ғылыми-оқу стилі (научно-учебный) және ғылыми-көпшілік стиль (научно- популярный) деп жіктейді
Публицистикалық стиль
Ғылыми стиль
Ұқсастығы
Публицистикалық стильдің негізгі мақсаты – өмірдегі оқиғалар мен фактілерді бағалау, философиялы-дүниетанымды көзқарас тұрғысынан пайымдау мен түйін жасау болып табылады.
Публицистикалық стильге қойылатын талап – қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болу. Ол – тілдік құралдарды қолдана білуден байқалады. Публицистика өзінің тақырыбына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолданады, қажетті синтаксистік құрылысты пайдалану арқылы мәтін жасалады.
Публицистикалық стиль тілдің екі қызметін атқарады, бірі – хабар беру, екіншісі – ықпал ету.
Ғылыми әдебиет тіліне байланысты жазылған зерттеулердегі пікірлерге сүйенсек, ғылыми стильдің өзіндік белгілері оның атқаратын қызметіне, тілдік единицаларды қолдану мүмкіншіліктеріне, лексикалық құрамына, грамматикалық құрылысына, ғылыми мәтінді құру ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады.
Ғылыми стильдің дараланып жетіле түсуі табиғат пен қоғамдағы әр алуан құбылыстарды ғылыми негізде терең зерттеу мақсатымен тығыз байланысты. Ғалымдар нақты бір ұғымдарды басшылыққа ала отырып, олардың қыр-сырын, өзара байланыстарын тағы басқа қасиеттерін ашу мақсатында өз пікірін, өз тұжырымын баяндап қана қоймайды, сол жаңалығын жан-жақты дәлелдейді.
Көркем әдебиет стилі
Ауыз екі сөйлеу стилі
Ұқсастығы
Көркем әдебиет стилінде тілдің барлық стилистикалық ресурстары пайдаланылады, оған тән басты белгілер болып аса бейнелі тілдік бірліктер қазынасы көрінеді.
Көркем әдебиет стилінің өзге мақсаттық стильдерге қарағанда олардан өзгешеленетін тұстары бар екендігі байқалады, олар: 1) мұнда экспрессивті, әсерлі суреттеме бояуы, бағалауыш сипаты күшті элементтердің жиірек қолданылатындығы; 
2) сондай-ақ көркем әдебиетте қарапайым сөздер мен көне сөздердің, әдеби нормадан тысқары тұратын диалектизм, варваризм, дөрекі сөз, макаронизм сияқты сөздердің стильдік мақсатта еркін қолданыла беретіндігі; 
3) ғылыми терминдер мен тілдік трафареттердің қолданылмайтындығы, қолданыла қалған күнде олардың белгілі бір стильдік жүкпен, мысалы, кейіпкер тілінде кездесетіндігі.
Ауызекі сөйлеу стилі тұрмыста ғана жұмсалып қоймайды, адам еңбек ететін, тіршілік жасайтын салалардың барлығында да пайдаланылады.Қай жерде қолданылса да, ауызекі сөйлеу стилі бейресми қарым-қатынас аясында жұмсалады. Ауызекі сөйлеу стилін зерттеушілер оны бірнеше түрге бөледі:
1) дидарластық сөз (әңгімелесу, сұхбаттасу);
2) полемикалық (дауласу) сөз;
3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).
Ауызекі сөйлеу тілі стилінің басқа стильдік тармақтардан бірнеше өзіндік ерекшелігі бар: 
1) негізгі мақсаты хабар беру, хабар алу, пікір білдіру, пікір алмасу, 2) сөйлесуде қамтылатын тақырыптар әр түрлі болып келеді, 3) сөйлемнің модальдық түрлерінің (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты) барлығы қолданылады, 4) экспрессивті (әсерлі), эмоциональды (сезімдік), образды (бейнелі) және нейтралды (бейтарап) сөйлеу элементтерінің барлығы дерлік қамтылады, 5) лексикасында диалект, тұрпайы және варваризм сөздер де аралас болуы мүмкін.
Аталған екі стиль түрі диалогқа құрылған. Екі стиль түрінің де экспрессивті эмоционалды бояуы қанық болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  • Қазақ тілі стилистикасының негіздері:оқу құралы/ Қанабекова М.Қ. – Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2013. – 258 бет.
  • М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б. Манасбаев. Қазақ тілінің стилистикасы: оқулық. Алматы, 2005
  • Стилистика негіздері: оқулық / ҚР Білім және ғылым м-гі, Л.Н.Гумилев атын. Еуразия ұлттық ун-ті. - Астана : Л. Н. Гумилев атын. ЕҰУ, 2006. - 271,[2] б. - ISBN

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет