Шетел мемлекеттеріндегі оқушылар білімін бағалау жүйелері жайлы қарастырып өтейік. Беларусь, Грузия, Литва, Латвия, Молдова бағалаудың он балдық жүйесін тәжірибеге енгізген. Германия мен Польшада бағалау жүйесінің 6 балдық, Голландия мен жапонияда 100 балдық, Италияда 30 балдық жүйесі қолданылады. Франция және оның бұрынғы бірқатар отар елдерінде 20 балдық жүйе пайдаланылады. АҚШ-та 5 балдық жүйе қабылданған, бірақ санның орнына әріптер қолданылады.
АҚШ-тың бірқатар колледждері мен орта мектептерінде жоғарыда айтып өткендей оқушылардың оқу үлгерімін бағалауда әріптік жүйе пайдаланылады. А-тамаша, В-жақсы, С-қанағаттанарлық, Д-нашар, Ғ-өте нашар. Солай болғанымен, әр жарты жыл сайын өтетін қорытынды тест жұмыстары пайыздық жүйе арқылы бағаланады.
Қанадада баға пайыз есебімен қойылады. Мысалы, 50-60%-қанағаттанарлық, 65-75%-жақсы, 80-90%-өте жақсыға жақын, 100% алу өте қиын. Барлық пәннен алынған бағалар негізінде орташа бал шығарылады. Келесі оқу жылына көшу үшін 50%-дан жоғары болуы тиіс.
Жапония мектептерінде оқущылардың білім деңгейі жеке бағаланбайды. Білім сапасының жалпы пайызы анықталып, тұтас сыныпқа орташа балл шығарылады. Десе де, орта және жоғары мектеп оқушылары пайыздық жүйе бойынша бағаланатын әр триместрдің аяғында және бірінші, екінші триместрдің ортасында емтихан тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |