Шетел тілін оқытудағы жаттығу жумыстарының ролі сүрағанова Ш. Б



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі123,47 Kb.
#6318

УДК 820.8:801.6

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАТТЫҒУ ЖУМЫСТАРЫНЫҢ РОЛІ

Сүрағанова Ш.Б.

(М.Қозыбаева атындағы СҚМУ)

Сөйлей  білуге  машықтандыратын  ұтымды  жолдардың  бірі  жаттығу  жұмыстары. 

Жаттығулар -  тіл дамыту жаттығулары ыңғайында болуы керек.  Жаттығулардың тиімділігі -  

тіл үйренушілердің сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруга өте зор ықпал жасайды.

Шетел  тілін  оқытуға  байланысты  тіл  дамыту  жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі 

мақсаты  -   студенттер  белгілі  дәрежеде  шет  тілінде  сөйлеп,  өз  ойын  басқа  біреуге  жеткізе 

алатындай, сондай-ақ өзгенің сөзін ұға, түсіне алатындай деңгейге жету.

Студенттердің  білімін,  дағдысын  осы  деңгейге  жеткізу  үшін  тілді  жеке  сөз  түрінде 

емес,  сөйлем  түрінде  үйреткен  тиімді.  Жеке  сөздер  мен  ережелерді  жалаң  түрде  жаттату 

арқылы  өзге  тілді  игерту  мүмкін  емес,  себебі  сөздер  өзара  байланысып,  сөйлем  құрамына 

түскенде ғана белгілі бір ойды білдіреді.

Тіл  үйренушілердің  ана  тілін  таяныш  ете  отырып  грамматикалық  тақырыптарды 

меңгерту  керек.  Өз  ана тіліндегі  грамматикалық  материалды  жақсы  игерген  адам  өзге  тілдің 

грамматикалық  материалын  салыстыра  отырып  тез  эрі  оңай  үйренеді.  Ағылшын  тілінің  шақ 

формаларын үйрету үрдісінде осы әдісті қолдануға болады.

Ағылшын  тілінде  Present  Continuous  Tense  шақ  формасын  алсак,  осы  грамматикалық 

такырыпты  алған  кезде  қазақ  тіліндегі  -   Нақ  осы  шақ  формасын  алып  салыстырамыз.  Іс- 

эрекеттің екі тілде де нақ осы кезде өтіп жатқандығын білдіретін шақ формалары.

Мысалы:  “The  boys  are  playing football  in the  yard” деген  сөйлем  қазақ тілінде -  Балалар 

аулада футбол ойнап жүр, - деп аударылады.

“I  am  going  to  school  now”  -   Мен  мектепке  бара  жатырмын.  “Му  sister  is  doing  her 

homework”.  -   Менің  сіңлім  үй  жұмысын  орындап  отыр.  Бүл  сөйлемдердің  эр  тілде  жасалу 

жолы  эртүрлі  болғанымен  мағына  жағынан  бірдей.  Ағылшын  тіліндегі  Past  Simple  шақ 

формасының шағынасы қазақ тіліндегі - Жай өткен шақ формасына сәйкес келеді.

Мысалы,  Кеше  мен  теледидардан  тарихи  фильм  көрдім.  I  saw  a  historical  film  on  TV 

yesterday.  Олар  өткен  аптада  ауылға  барды.  They  went  to  the  village  last  week.  Ол  маған 

қызықты әңгіме айтты. He told me an interesting story.

Сабақ барасында орындалатын  жаттығу жұмыстары  орындалу  сипатына,  студенттердің 

орындау  қызметіне,  орындау  тәсіліне,  тақырыптың  қамтылуына  байланысты,  бірнеше 

түрлерге бөлінеді.

Жаттығулар  орындау,  орындату  барысында  оқытудың  дидактикалық  принциптері 

ескеріледі.

Жаттығу  жұмыстарының  басты  мақсаты  -   білімнің  сапалы  да,  тиянакты  берілуін 

камтамасыз ету, жаттығуларды іріктеп беру.

Жаттығуларды  іріктеуде  мына талаптар  ескерілуі  тиіс:  жаттығудың өтілген  тақырыпты 

пысықтауға,  бекітуге  бағытталуы;  жаттығу  кездейсоқ  болмай,  белгілі  бір  ретпен  жүйелі 

ұсынылуы;  жаттығу  оқушының  қызығуын,  ынтасын  арттырарлық  болуы;  өз  беттерінше 

жұмыс  істеуге  дағдыландыра  алатын  болуы;  шығармашылық  сипатта  болуы.  (С.  Рахметова 

“Қазақ тілін оқытудың методикасы ”-107 бет)

Жаттығулар  орындауда  дидактикалык  принциптер  үнемі  ескеріліп  отырылады. 

Жаттығулар  жеңілден  басталып  бірте-бірте  түрленуге  тиісті.  Жаттығулар  орындау 

барысында тілдік қатнасқа байланысты іске асатын әрекеттер (оқылым, жазылым, тыңдалым, 

тілдесім)  кешенді  түрде  жүргізледі.  Сабақта  үйретілген  жаңа  сөздерді  студенттер  ұмытып



49

қалмау  үшін  жэне  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыруда  жаттығулардың  эртүрлі  әдіетері 

қолданылады:

1.  Түсіндіру  әдісі.  Шетел  тілінінде  алынған  грамматикалық  тақырыпты  түсіндірген 

кезде  қазақ  тілінің  грамматикасымен  салыстырмалы  түрде  түсіндірсе  өз  нәтижесін  береді. 

Мысалы:  қазақ  тіліндегі  Бұрынғы  өткен  шақ  формасы  ағылшын  тіліндегі  Past  Perfect  Tense 

шақ  формасымен  мағыналас.  Екі  грамматикалық  шақ  формалары  да  іс-қимылдың  ертеректе 

өтіп  кеткендігін  білдіреді.  Мысалы:  Tom  had  returned  from  the  theatre  by  9  o ’clock.  Том 

театрдан  сағат  9-ға  дейін  оралып  келген.  She  had  finished  her  homework  by  7  o ’clock.  Ол  үй 

жұмысын сағат 7-ге дейін аяқтап болған.  By 2  o ’clock the teacher had examined all  the  students. 

Сағат 2-ге дейін мұғалім барлық студенттерден емтихан алып болған.

2.  Сұрақ - жауап  эдісі-грамматикалық тақырыптарды бекіту максатында қолданылады.

3.  Аударма  әдісі  -   сөйлем  құрамындағы  сөздердің  орын  тәртібін,  шетел  тіліндегі  сөз 

тудыратын  жұрнақтардың  ерекшеліктерін  меңгерту  үшін  қолданылады.  Ағылшын  жэне 

қазақ тіліндегі  сөздердің орын тэртібі екі түрлі.  Мысалы:  Біз келесі жазда Лондонға барамыз. 

W e’ll go to London next summer.

Шет  тіліне  байланысты  таңдалған  материалдың  көлемі  мен  жүйесіне  қарай  білім 

беруде, жаттығулар орындатуда оқытушы білім беру әдістерінің ең құнды, ең тиімді түрлерін 

пайдаланады.  (Б.  Құлмағамбетова “Қазақ тілін оқыту методикасы”-75  бет)

Сондықтан  шет  тілінен  теориялық  білім  беруде,  соның  ішінде  жаітығулар  орындату 

барысында  оқытушылар  дидактикалық  принциптер  мен  эдістемелік  заңдылықтарды 

басшылыққа алады.

Студенттерге  шетел  тілінен  тиянақты  білім  беруде  жаттығулар  жұмысын  жүргізу 

барысында  сүйенетін  жалпы дидактикалық  принциптер  мыналар:  ғылыми  принцип,  жүйелік 

принцип,  сапалық  пен  белсенділік  принцципі,  теория  мен  практиканы  байланыстыру 

принципі жэне студенттің жеке психикалық ерекшеліктерін ескеру принципі.

Сондай-ақ  жаттығу  іріктеу  мен  оны  орындату  тәсілдерін  белгілеуде  мынандай 

дидактикалық  талаптар  ескерілуі  керек:  берілген  жаттығудың  студенттің  белсенді  жұмыс 

істеуіне мүмкіндік жасауы;  студенттің шама-шарқы ескерілуі тиіс; көру және есту қабілеті де 

ескерілуі  кажет.  (А.  Оралбаева  “Орыс  тіліндегі  мектептерде  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі”- 

111  бет)

Жаттығулар  орындау  кезінде  оқытушы  аталған  принциптерді  бір-бірімен  шебер 

қиюластыруы, ұштастыра білуі абзал.

Қорыта айтқанда шетел тілін оқытып-үйрету барысында басты көңіл бөлетін нәрсе -  тіл 

дамыту  мен  байланыстырып  сөйлеуге  арналған  жаттығуларды  студенттердің  жалпы  ой- 

өрісін,  білімін,  дүниеге  көзқарасын,  өзге  тілді  үйренуге  деген  ынтасы  мен  қызығушылығын 

арттыратындай етіп жүйлеп жүргізу.  Сонда ғана үлкен нәтижелерге жетуге болады.



Әдебиеттер:

1.  С.  Рахметова “Қазак тілін окытудын  методикасы ”.  Алматы.  “Анатілі”  1991ж.

2.  А. Оралбаева “Орыс тіліндегі  мектептерде казак тілін окыту әдістемесі”.  Алматы.  “Ана тілі”  1996ж.

3.  Б.  Құлмағамбетова “Қазақ тілін  оқыту  методикасы”.  Алматы.  “Мектеп”  1988ж.

50


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет